Білімділер поралы

Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы аудандық балалар әуез мектебі оқытушысы
Дарибаева Айгуль Таласовна

Мақсаты: Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу

Білімділік мақсаты: Музыкалық жан - жақты сауаттылығын арттыру.
Шығармадағы әдемілікті сезінуі, музыкалық қабілетін дамыта отырып, фортепиано аспабына үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Музыкалық сауаттылығын дамыту. Ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қоршаған әлемнің шындығын көркем дүниелер арқылы түсіндіріп, орындаушылық машығына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндірмелі – суреттемелік, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Музыкалық аспап, слайдтар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
3. Үй тапсырмасы.
4. Қорытынды.
5. Бағалау.

Кіріспе
Музыка сабағы өзара бір - бірімен өте тығыз байланысты бөлімдерден тұрады. Олар – музыка тыңдау, ән орындау, музыкалық сауаттылық және шығармашылық тапсырмалар. Оқушы мектеп табалдырығын аттай отырып, жаңа дүниемен танысады. Сабақ үстіндегі іс - әрекеттер (тыңдату, сауатын ашу, орындату, шығармашылық тапсырмалар орындау, т. б.) баланың ой - қиялын шыңдайды, логикалық ойлау жүйесін дамытады, әсемдікті сезуге сұлулықты түсіне білуге баулиды. Оқушылар дыбыстың даусын естіп - ажыратуға, музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын біліп, талдауға қатысады. Бұл – музыкалық талдау жасауға алғашқы аяқ басуы. Сабақ барысында жалпы музыкалық шығармалар жөнінде мағлұмат алады: олар музыкалық ойды түсіне бастайды, авторлары мен шығарманың шығу тарихы туралы, т. б. мәліметтермен танысады. Тек мағлұмат алып қана қоймай, оны орындай отырып, белгілі бір дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс келтіріп, жылдамдығын ажырата мәнерлі орындауға машықтанады. Музыканы тыңдап, қабылдау процесінде алдымен көңіл аударатын мәселе - оның мазмұны және мәні. Кез келген музыкалық шығарма өмірдегі нақты оқиғаға байланысты туады. Сондықтан музыканы сезімдік - эмоциялық қабылдаумен қатар, оған саналы түрде мән беріп, мазмұнына да жете көңіл аударып отырған жөн. Бұл оқушылардың музыкалық шығарманы терең түсіне білуіне танымының қалыптасып, әр тыңдалған музыка жайлы белгілі бір тұжырымға келуіне мүмкіндік тудырады.

Дыбыстар әлемі
Музыкалық шығармаларды талдауды шағын шығармалардан бастаймын. Бұл жерде оқушыны дыбыстар әлеміне саяхат жасауға бағыттаймын. Дыбыс әлемі қандай әсем, қызық, көп дүниені білуге итермелейді. Сабақты бастамас бұрын айнала қоршаған орта туралы әңгімелесемін.
1) Егер бір күні ешқандай дыбыс болмай қалса не болар еді?
2) Табиғатта кездесетін қандай дыбыстар бар?
3) Дыбыс дегеніміз не?

Табиғатта кездесетін түрлі дыбыстарды атап шығып, олардың қандай кездерде болатынын сұраймын.
А) сурет пен дыбыс
Б) бояу мен дыбыс
В) сөз бен дыбыс
Г) қатты ақырын дыбыстар
Д) көңілді - мұңды дыбыстар
Е) биік – төмен дыбыстар.

Сабақтың басты мақсаты – дыбыстың шулы және музыкалық болып бөлінуін түсіндіремін. Табиғаттағы және қоршаған ортадағы дыбыстар шулы дыбыстар, ал белгілі бір әуені бар музыкалық шығармаларды музыкалық дыбыстар деуге болатынын айтып өтемін. Музыкалық дыбыстар бүкіл әсемдік әлемін суреттеп, сұлулықты паш етеді. Түрлі көріністерді музыкалық дыбыстар арқылы бейнелейді.
Табиғаттың әсем көріністерін музыка тілімен де айтып түсіндіруге, суреттеуге, бейнелеуге болатыны туралы мағлұмат береміз. Сөзгер, композиторлар табиғаттың сұлулығын, көркемдігін музыкаға әндерге, күйлерге көшірген. Сондықтан балалар музыка дыбыстары арқылы табиғаттың бейнелерін салуға болатынын орындалатынын, тындалатынын музыка шығармаларынан бақылап көреді.

П. И. Чайковский «Жаворонок
Бояу мен дыбыс
Әрбір затқа әр беретін бояу екенін білеміз. Суретіміз бояусыз әсем, нұрлы болар ма?
Барша қоршаған дүниенің бояуы жоқ болса, көркем суреттер секілді көңіліміз көтеріңкі бола ма?
Музыканың да өз бояуы бар екенін түсіндіру. Оны музыкада тембр деп айтады.
Мысалы:

Сөз бен дыбыс
Музыка әлемінің тағы бір кереметі - оның дыбыстардан құралатыны. Біздің күнделікті орындап жүрген әндеріміздің сөзі мәтіні болмаса олардың не туралы екендігін білер ме едік? Әрбір шығарманың толыққанды болуы үшін музыкалық дыбыстармен қатар оның сөзі мазмұнын толықтыруға көмектеседі. Жалпы, барлық әндеріміздің сөзі болмаса шығарманың айтар ойын, негізгі мақсатын түсінбес едік. Мысалы: шығарманың мазмұнын ашу үшін және оқушының ой - өрісін дамыту мақсатында шығарманың әрбір бөліміне өлеңдер дайындау арқылы түсіндіріп үйретемін.

Абай «Көзімнің қарасы» В. Шайнский «Снежинки»
Қатты, ақырын дыбыстар
Музыканың кезекті көмекшісі - динамикалық белгілер қатты және ақырын дыбыстар. Ақырын және қатты дыбыс термині балаға жалпы түсінікті болғанымен, ойды мысалдар арқылы түсіндірген артық болмайды.
Филипп, «Колыбельная» - шығарма – өте әсем, сазды жай бір қалыпты орындалады.

Бөбектер ұйықтау үшін оның анасы қандай ән айтып ұйықтатады деген сияқты сұрақтар қою арқылы бесік жыры жанры жөнінде мағлұмат беру.
Сол сияқты қатты орындалатын музыка Үлкен алаңдағы оркестрдің, барабандардың соғылуын әңгімелеп беруін сұраймын.
Көңілді дыбыстар
Мұңды дыбыстар

Әсем де сұлу көріністерді көргенде еріксіз көңіл - күй көтеріледі сазды, әсем музыканы тыңдағанда да сондай әсер аламыз. Адамның ішкі көңілін музыка да суреттей алады. Оны біз тыңдай отырып байқаймыз. Көңілді мұңды дыбыстарға берілген тақырып балалардың музыка туралы білгендерін кеңейте түседі. Музыкалық сауаттылығын қалыптастырады.
Алдымен - көңілді әуен айналасында айтылар, тыңдалар музыкаға тоқталамыз.
Лонгшамп - Друшкевич «Полька
Укр. н. п. «О, ты девица зарученная»

Биік - төмен дыбыстар
Дыбыстың тағы бір көмекшісі биік және төмен дыбыстар деп аталады. Әрбір шығарма, әрбір ән біркелкі болмайды. Егер бірдей ноталар айтыла бастаса, онда ән емес, тек тақпақ болар еді. Сондықтан дыбыстардың біресе биік, біресе төмен орналасуы белгілі музыка ырғағын туғызады. Табиғатта бар мысалдар арқылы оқушыға түсінікті сөйлемдермен айтып беремін.
До мажор гаммасы

Жаңа сабақ: А. Омарова «Тиін»
Шығарманың әрбір бөліміне суреттер дайындап, сурет арқылы шығарманы талдау жұмысын жүргізу.

Қорытынды: Дыбыстар достығы.
Дыбыстар достығы дегенімізді түсінікті қарапайым сөздермен түсіндіруге тырысамыз. Егер барлық дыбыстар бір бірімен достасса не болар еді?
Бояулар мен түрлі түстер достаспаса сурет шыға ма? Өрнектер достаспаса оюлар бола ма?
Осындай жанама сұрақтар қойып, оқушыларды осы тақырып айналасында әңгімелесуге шақырамын. Егер адамдар арасында достық, бауырластық, ынтымақтастық болмаса жер бетінде өмір болмас еді. Сондықтан жалпы өнердің түрлері болсын, музыка әлемінде болсын достық керек екен. Достық бар жерде ғана келешек болады, бейбіт өмір болады. Дыбыстар достығының арқасында әсем де сазды, мәнерлі керемет музыка туындайды.

Пайдаланған әдебиеттер:
«Фортепианная игра» А Николаев
«Дыбыс еліне саяхат» М. Оразалиева
"Музыкальное воспитание» Сугоняева
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 26
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 24
Роботтар: 4
Асал chukusheva
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика