Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту

02 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың мақсаты:
Оқушының шығармашылық алғырлығын шеберлігін қалыптастыру.
Білімділік мақсаты: Шығармадағы әдемілікті сезінуі, музыкалық қабілетін дамыту.
Дамытушылық мақсаты: Ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыға эстетикалық тәрбие беру, аспапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, музыка тілінің заңдылықтарына, оны көз алдына келтіре білетін, мазмұнына бойлай білетін тұлға қалыптастыру.

Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқу құралдарын түгелдеу, оқушының назарын сабаққа аудару.
II. Негізгі бөлім. Жаңа сабақтың меңгерту
Жаңа сабақ. – Бүгінгі Өтілетін жаңа сабақтың тақырыбы – «Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту» деп аталады.
Оқушының нота мәтінімен сауатты жұмыс істей білуі оқу барысын жандандыра түседі. Қойылған сұраққа оқытушы өзі жауап беріп отырса, оқушы бұл жағдайды ұғына қойып, қойылған сұрақтан кейін үнемі оқытушының көмегін күтетін болады. Мұндай кезде оқушы еркі мен ойлау қисынды әңгімелесу (логическое рассуждение), музыкалық шығармамен өз бетімен жұмыс жасау және қиындықты жеңу жауапкершілігін тәрбиелеу шарттарын жүзеге асыра алмайды. жетістіктердің көзі осы өз бетімен жұмысының нәтижесіне байланысты. Оқушының творчестволық табысы оның өсуі және әр сабақтың нәтижелілігі де осыдан.

Сонымен сабақ екі кезеңнен құрылады:
1 кезеңде. Үй тапсырмасы тексеріледі.
2 кезеңде жаңа тапсырмаға талдау жұмысы жүргізіледі.
Өз бетімен жұмыста, үй тапсырмасы да оқушының жеке басының музыкалық, еңбекқорлық қасиетеріне байланысты.
Сабақ барысында бірінші үй тапсырмасын тексеремін:
Гамма Ре мажор, си минор (аккорд, арпеджио, хр. түрі)
Гамма ойнау барысында дыбыстардың біркелкі шығуын, қадағалау.
Арпеджиоларды ойнау барысында дыбыстардың арасын үзбей, байланыстырып ойнау.
Этюд Черни
соңына дейін нотаға қарап жүргізіп ойнау. Дыбыс сапасын қарау.
Этюд Майкапар
8 такті ойнау. Пауза кездесетін жерлеріне мұқият болу.
Өз бетімен жұмысқа оқушыны алғашқы сабақтан үйреткен жөн, себебі негізгі жұмыс үйде жасалынады. Көптеген
Оқушылырдың талдау арқылы ойлау қабілетін дамыту және білімнің көкейге қонымдылығын тәрбиелеу үшін төмендегі жұмыс түрлерін ұсынамын:
1. Үй жұмысын орындағаны жөнінде оқушының ауызша есебі. Үй жұмысындағы кездескен қиындықтарды жою үшін қолданылған әдіс - тәсілдер
2. Оқушының өзі орындаған шығармаға талдау жасауы; жіберілген қателіктерін тауып, оның дұрыстау жолдарын белгілеуі, өз жұмысына баға беруі, бұрын өзі ойнап кеткен шығармаларды орындаған жолдасының орындаушылығына талдау жасауы.
3. Оқытушының қадағалауымен, класта өткен жаңа тапсырмаға аспапта ойнау арқылы, өз бетінше ауызша талдау

ІІ. Жаңа сабақ. Арабеска Бургмюллер
Тыңдату. Үн таспа
Шығармаға талдау
1. Шығарма және авторы жөнінде деректер.
Иоганн Фридрих Фон Бургмюллер немістің композитор, пианисті. Ол 1806 жылы 4 желтоқсанда өмірге келген. 1874жылы 13ақпанда қайтыс болған. Ол көптеген этюдтарымен белгілі болған. Әкесі Фридрих Августа Бургмюллер дирижер және пианист болған. Үлкен ағасы Норберта Бургмюллерде композитор болған.

2. Музыкалық - теориялық талдау
Арабеска - техникалық шығарма. Бұл шығарманы пьеса ретінде де, этюд орнына да ойнауға болады.
Шығармаға талдау негізі сол қолдан бастаған жөн.
Шығарманың мазмұн болмысы, идеясы, образы, негізгі ойы, шығарма формасы: Шығарманы екі бөлімге бөліп талдаймыз.
Тональдігі ля минор. Өлшемі 2/4 Негізгі әуені І бөлімде оң қолда, Екінші бөлімде негізгі әуен сол қолда жүреді. Әр бөлімді екі рет қайталаймыз. (реприза) Әр қайталаған кезде әуелі І вольта, екінші қайталаған кезде ІІ вольтаға тусіп отырамыз.

3. Шығармаға техникалық талдау.
Сол қол мен оң қолдың атқаратын ролі, дыбысталу мазмұны (звучание)
(legato, staccato)
Бірінші бөлімде қиындық туғызатын 6 - 7 тактілер.
Екінші бөлімде қиындық туғызатын 12 - 14 тактілер аралығы.
Әр қолдағы жекелеген дауысты анық орындау. Музыканы ойнап отырып, ойды бөлмей басқаға бөлмей, дыбыстарына зейін қойып тыңдау қажет.

4. Орындаушылық талдау.
Шығарманың әсерлілік түйіні - талдау мазмұны.
Композитор бізбен музыка тілімен, яғни дыбыспен сөйлеседі. Музыканың негізі - жанға сүйкімді, құлаққа жағымды, ойды тербететін мелодия. Мелодия музыкалық шығарманың негізгі мазмұнын, ішкі сипатын береді. Сондықтан музыканы түсініп ұғу үшін ең алдымен музыкалық шығарманың мелодиясына назар аудару керек.

5. Ұстаздық талдау.
Негізгі музыкалық шеберлік және орындаушылық тұрғысындағы мақсаттар, оны іске асыру жолдары.
Шығарманы өзім ойнап көрсету арқылы тыңдатамын.

6. Шығарманың орындаушылық жоспары.
Үйде тапсырманы орындаған кезде барлық түсіндіріліп, жатқан түсіндірмелерді жүзеге асыру.
ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Әр - түрлі сұрақтар арқылы пысықтау.
А) Сабақты пысықтау.
Б) Оқушыны бағалау. мен
В) Үйге тапсырма беру.
2 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері. Білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына,
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Музыкалық шығарманы өз бетімен ұғынуға, оның шығармашылық алғырлығын, шеберлігін қалыптастыру. Оқушының көркем ойын тәрбиелей отырып, соның негізінде аспапта орындаушылық өнерін қалыптастыру.
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×