Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гамма, этюдтар арқылы оқушының фортепиано аспабында ойнау техникасын дамыту

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда қаласы, Шиелі кенті,
Әуез мектебінің ІІ санатты мұғалімі
Сұлтанова Салтанат Сақтағанқызы

Гамма, этюдтар арқылы оқушының фортепиано аспабында ойнау техникасын дамыту.
Шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрілей білуіміз қажет. Оқушының берілген тапсырманы орындауы үшін және дамыта оқыту принципінің негізі боп табылатын ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, оның шығармашылық белсенділігін арттырып, техникалық қиындықтарды жеңуге бағыттап отыруымыз керек. Сол себептен теориялық түсініктемелер тұжырымды болып, міндетті түрде аспапта ойнап көрсетіліп отырылады.

Сабақтың тақырыбы: Гамма, этюдтар арқылы оқушының фортепиано аспабында ойнау техникасын дамыту
Сабақтың мақсаты: Гамма, этюдтар үйрету арқылы оқушының күрделі шығармалар ойнауға қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже:
1. А. Гедикенің «Этюд»- ның ерекшеліктерін (тональдігі, өлшемі, штрих, динамикалық белгілері) ажыратады;
2. Фортепиано аспабында ойнау техникасы дамиды.
Керекті жабдықтар: Фортепиано, плакаттар, қаламсап.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, аспапта ойнау, ассоциация әдісі
Техникалық жаттығу: До мажор, ля минор гаммасын, яғни дыбыс қатарын, аккорд, арпеджиосын түрлі штрихта (стакатто, легато) ойнату.

Сабақтың мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу:
- Армысыздар, қадірлі ұстаздар.
Бүгін фортепиано класы бойынша өткізілетін ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен қатысушы оқушыма мінездеме беріп өтейін. Р.- 1 сынып оқушысы, ұқыпты, мәдениетті, алғыр. Сабаққа деген қызығушылығы жоғары, белсенді, қойылған тапсырмаларды тыңғылықты орындайды.

2. Техникалық жаттығу кезеңі 10 минут
М.: Ал енді сабағымыздың негізі - техникалық жаттығуға көшейік.
До мажор (С - dur) гаммасын легатоға ойнайық.
До мажор гаммасын, аккорд, арпеджиосын ойнағанда саусақтардың ұшын сезініп ойна. Енді оған сәл жылдамдық қосу үшін, стакаттоға ойнап көрейік.
М.: До мажорға қарама - қарсы тональдік қандай?
О.: Ля минор (а - moll)
М.: Кілттік белгісі бар ма?
О.: Кілттік белгісі жоқ.
М.: Оның қандай түрлері бар?
О.: Оның қарапайым, гармониялық, мелодикалық түрлері бар.
М.: Алдымен қарапайым түрін ойнайық.
О.: ойнайды.
М.: Гармониялық және мелодикалық гаммада қандай өзгерістер болады.
О.: Гармониялықта 7 басқыш (диез) көтеріледі, ал мелодикалықта 6, 7 басқыштар жоғары қарай ойнағанда (диез) көтеріледі де, төмен қарай ойнағанда (бекар) түседі.
М.: Гамма – дыбыстар қатарын, аккорд, арпеджионы ойнайық.
Гаммаларды ойнауда саусақтардың ұштарын сезінуіне назар аударғанын қадағалап отырамын. Жылдамдықты қосу үшін стакатто әдісімен ойнауды сұраймын. Бұл әдіс саусақтардың ұштарын сезінуін жылдамдаттырады, әрбір дыбыстың нақты ойналу барысында есту қабілеті дамиды.

3. Үй тапсырмасын қайталау (10 минут)

Аспапта ойнау техникамымызды дамыту үшін гаммалармен қатар этюд те қолданылады.
Этюд – үйренуге, дағдылануға, жаттығуға арналған шығарма болып саналады. Аспаптың қай - қайсысын болса да ойнап үйренгенде, орындаушы белгілі бір шығарма орындамас бұрын этюдты ойнап жаттығады. Бірақ, этюд көркем шығарма да бола алады. Мысалы, Шопеннің этюдтары, көркем шығарма, концерттік шығарма болып танылады.

Меңгерген музыкалық шығармамызды ассоциация әдісі бойынша талдап өтейік:

М.: Шығарманың авторы кім?
О.: Александр Гедике — орыс композиторы, органшы, пианист, педагог
М.: Қандай тоналдікте жазылған?
О.: ля минор тональдігінде жазылған
М.: Динамикалық белгілерін атап өтейік.
О.: Динамикалық белгілері: пиано, яғни тыныш, меццофорте, яғни тыныш та емес, қатты да емес, орташа орындалады, крещендо – дыбыстың бірте - бірте үдетуін білдірсе, ал диминуэндо кезінде дыбыс керісінше бірте - бірте бәсеңдейді.
М.: Жақсы. Шығарма қандай көңіл - күйде жазылған?
О.: Көтеріңкі көңіл - күйде жазылған.
М.: Өлшемі?
О.: 6/8 өлшемінде
М.: Дұрыс, өлшемі 6/8 (1 - 2 - 3 - ке саналады):
М.: шығарма қалай орындалды?
О.: Жылдам орындалады.
М.: Өте жақсы, әзірше орташа жылдамдықта ойнап көрелік
(қадағалап отырамын, оқушы біркелкі, саусақтың реттілігін дұрыс қойып ойнау керек)
О.: Орындайды.

4. Дыбыс шығару тәсілдерімен жұмыс (8 минут)
Мына кестедегі дыбыс шығару тәсілдеріне назар аударшы.

О.: Оның түрлері: легато - дыбысты бір - бірімен байланыстырып ойнау, стакатто - дыбысты қысқа үзіп ойнау, акцент - дыбысқа салмақ салып ойнау. Дыбыс шығару тәсілдерін атап, талдап шығады.
М.: Дұрыс айтасың, дыбыс шығару тәсілдерін штрих деп атаймыз. Оған дыбыс шығарудағы стакатто, легато, акцентты жатқызуға болады.
М.: Олай болса, А. Гедикенің «Этюд» шығармасында қандай дыбыс шығару тәсілдері қолданылады?
О.: Легато, акцент
М.: Қай тактіде? ойнап көрсетші.
О.: Ойнайды.
(Легато, акцент, динамикалық белгілерінің дұрыс ойналуын қадағалаймын).
М.: Абайлап ойна, алғашқы екі тактіде сол қолдағы дыбыстарың мен оң қолдағы әуенің біркелкі орындалуы тиіс.
М.: Қарашы, екінші тактіден бастап сол қолдағы аккордта акцент тұр. Қанекей, ойнап көрелік.
М.: Қандай динамикалық белгілерді кездестіреміз?
О.: Пиано, меццофорте, крещендо, диминуэндо
М.: Дұрыс, шығарма қалай басталады?
О.: Пианодан
М.: Бірінші, екінші тактідегі ноталар бірте - бірте күшейіп дамиды, яғни крещендоны анық ойнауымыз керек. Содан диминуэндо кездеседі. Ойнайық.
М.: Жақсы. Айтылғандарды есте сақтап, техникалық жаттығу ретінде гаммалармен қатар этюдті де толық ойнап жүр. Жақсы, осы ноталар стакаттоға және де форте динамикалық белгісімен ойнаймыз.
5. Жаңа сабақ (12 минут)
Мінекей, біз Александровтың «Новогодняя полька» көркем музыкалық шығармасын үйренуге дайынбыз.
М.: Музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Музыкалардың әдемі және барлығына ұнайтын бір түрі – билейтін музыка. Шығарманың атына назар салсаң, «Новогодняя полька». Полька дегеніміз – көңілді және тез билейтін би түрі. Көбіне оның музыкасы жылдам орындалады. Польканың музыкалық өлшемі 2/4. Полька 19 ғасырда Богема, қазіргі Чехияда пайда болған.
М.: Шығарма қандай тональдікте жазылған екен?
О.: Ля мажорда
М.: Оны қалай белгілейміз? Қаламсабыңмен нота дәптеріңе жазып көрсет.
О.: А - dur
М.: Дұрыс. Алдындағы «Этюд» ля минорда болса, бұл шығарма ля мажорда жазылған екен. Ерекшелігі: мажор. Ал ля мажорында үш кілттік белгілері бар. Олар: фа, до, соль. Алғашқы төөрт тактіні санап, ойнап көрейік. Оң қолдағы он алтылық нота «бі - ір» ге, «екі - і» ге саналса, ал сол қолдағы төрттік нота тура «1 ге, 2 ге» деп саналады.
(Музыкалық шығармамен жұмыс жасалады).
6. Қорытындылау (1 минут)
Бүгін біз штрихтың түрлерін, олардың қалай орындалатынын үйрендік. Енді шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрілей білуіміз керек. Оқушының берілген тапсырманы орындауы үшін және дамыта оқыту принципінің негізі боп табылатын ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, оның шығармашылық белсенділігін арттырып, техникалық қиындықтарды жеңуге бағыттап отыруымыз керек. Сол себептен теориялық түсініктемелер тұжырымды болып, міндетті түрде аспапта ойнап көрсетіліп отыруы керек.
Бүгін жақсы жұмыс жасадың! Рахмет! «5» бағасын қоюға болады.
7. Үйге тапсырма (2 минут)
1. Ля минор гаммасын (3 түрін) ойнау
2. А. Гедикенің «Этюд»- ндағы дыбыс шығару тәсілдеріне назар аударып, жатқа ойнау.
3. Александровтың «Новогодняя полька» шығармасын санап, соңына дейін өзбетінше ойнап келу.
9 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Меццефортедан басталатын шығарманың екінші тақырыбы стакаттомен орындалады. Толқын секілді төрт тактіден кейін қайтадан p - пианодан - жайдан басталып, crescendo - крещендоға ұласады деп түсіндіре отырып, оқушының дұрыс ойнауын талап ете аламыз.
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Иоганн Фридрих Фон Бургмюллер немістің композитор, пианисті. Ол 1806 жылы 4 желтоқсанда өмірге келген. 1874жылы 13ақпанда қайтыс болған. Ол көптеген этюдтарымен белгілі болған. Әкесі Фридрих Августа Бургмюллер дирижер және пианист болған. Үлкен
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Музыкалық шығарманы өз бетімен ұғынуға, оның шығармашылық алғырлығын, шеберлігін қалыптастыру. Оқушының көркем ойын тәрбиелей отырып, соның негізінде аспапта орындаушылық өнерін қалыптастыру.
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Оқушының аспапқа белсенділігімен қызығушылығын арттыра отырып, шығарманы түсініп ойнауға тәрбиелеу және ноталарды бірден әрі таза ойнауға тәрбиелеу.
Аспапта ойнауды жетілдіру
Аспапта ойнауды жетілдіру
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Қазанғап атындағы саз мектебі Тулешова Ментай Ысқаққызы Сабақтың тақырыбы׃ Аспапта ойнауды жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×