Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ханталапай ойыны

19 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№7 "Балдырған" балабақшасы
Музыка жетекшісі: Марат Роза Маратқызы

Тақырыбы: «Ханталапай» ұлттық ойыны.
Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс – тәсілі: Еске түсіру, қайталау, көрсету, түсіндіру, ойын, ойлау.
Пайдаланылған
құрал - жабдықтар
мен көрнекіліктер: Киіз үй түрінде безендіру, қоржын, асықтар, компьютер,
видео - ролик,

Балаларды жинап ойынға шақыру.
Музыка жетекшісі:- Балалар біз қайдамыз?
Балалар: - Киіз үйде.
Музыка жетекшісі:- Олай болса «Киіз үй» ойын қимылымызды еске түсіріп
жіберейікші, кәне?

«Киіз үй» музыкалық ән – ойыны:
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілер.
Уықтары шаншылып,
Өрімдей боп өрілер.
Қол ұстассақ айнала,
Киіз үй болып көрінер – деп қимыл - қозғалыста балаларды шеңбер бойына жинайды.
/Балалар бірге мәтініне сай қимыл - қозғалыста болып қайталайды/

Музыка жетекшісі:- Балалар, киіз үйдің ішінде болатын киіз үй жабдықтарын, тұрмыс заттарын еске түсіріп атап айтайықшы.
- Керегеде не ілулі тұрады?
Балалар: - Сандық, бесік, көрпе, киіз, алаша т. б.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар, ал менің қолымдағы не?
Балалар: - Ұлттық аспабымыз домбыра, түлкі терісі, қоржын.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, қоржын. Ал енді бұл қоржынның ішінде
не бар деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Асық, көп асық.
Музыка жетекшісі: - Алдымен біз жайғасып отырып алайық.
/Балалар көрпеге жайғасып отырады/
- Бұнда көп асықтар бар. Сендер асықпен ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар: - «Асық ату», «Ханталапай».
Музыка жетекшісі: - Тамаша! Ендеше мен сендерді «Ханталапай» ойынын еске
түсіріп, ойнауға шақырамын. Ойын ойнауға дайынбыз ба?
Балалар: - Дайынбыз.
Музыка жетекшісі: - Балалар, мен сендерді алдымен ойынның мақсатымен және ойынның шартты ережесімен таныстырып өтейін.
/балалардың назарын экрандағы роликке аудару/
Балалар экранға қарап, қызыға көріп тамашалайды.
Музыка жетекшісі:«Ханталапай» ойыны. /Ойын шартын түсіндіріп, ойын
ойнауға шақыру/
- Талапай - ау, талапай,
Табылды ойын алақай! – деп асықтарды ортаға шашамын.
Балалар ойын шартын түсініп, ойынды өз ережесімен сұрақтарға жауап беріп ойнайды.
Тапсырма сұрақтар:
 Елбасымыз кім?
 Біздің ұлтымыз қандай?
 Біздің қазақ елі екенімізді танытатын рәміздерді ата?
 Жақында қандай мерекелер тойланды?
 Біздің ұлттық аспаптарды ата?
 Қазақ ұлттық ойын түрлерін ата?
 Туымыздың түсі қандай?
 Туды ненің бейнесі бейнеленген? т. б.
Балалар берілген тапсырмаларды орындап ойынға қызығушылықпен атсалысады.
Балаларды марапаттап, номинациялар беріледі.
«Мерген бала» Дамирге,
«Зерек бала» Дарынға,
«Алғыр бала» Әлібиге беріледі.

Жеңістерімен құттықтап, «Қара жорға» биін билеуді ұсыну
Балалар қуанып, марапаттарын алып, барлығы бірге би - билейді

Күтілетін нәтиже:
Біледі: - ұлттық ойын түрлерін, ойын шартын орындауды, сұрақтарға жауап бере білуді, қимыл - қозғалыста болуды.
Игереді: - ойын мәтініне сай қимыл бере білуді, ойынның шартына сай әрекет жасауды.
Меңгереді: - ойынды түсініп, асықпен дәлдікке көздеуді, тапсырманы орындап ойнауды.
15 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ханталапай
Ханталапай
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Ханталапай
Ханталапай
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт-дәстүрлерді насихаттау.
Ханталапай
Ханталапай
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×