Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Өнер - ұлттық дәстүріміз

Өнер - ұлттық дәстүріміз.
Музыка, әуен, саз - өнер әлемінің негізі. Халқымыздың музыка әлемінде кеңінен таралған жанрларының бірі - ән.

Ән дәстүрі өзінің болмысымен, бай мазмұнымен қазақ халқының ұлттық дәстүрін сипаттайды.

Ән сазды әуезділігімен, көңілге ұялар әсерлілігімен қымбат. Біздің халық - музыканы сүйетін, құрметтейтін, қадірлейтін, ән, өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын халық.
Яғни,
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз айтпақшы, ән өнері – ұлттық дәстүріміздің жалғасы екенін көреміз.

Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келген әншілік өнер қазіргі заманда кеңінен дамуда. Сонда да болса сан ғасырлық тарихы бар әндеріміздің орны ерекше. Оған дәлел, тума таланттарымыз Біржан сал, Ақан сері, Естай, Кенен, Жаяу Мұса, Мұхит, Майра, Ғарифолла, Жүсіпбек, бері келе Шәмші, Нұрғиса, Ермек Серкебаев т. б. әндері. Мысалы, Ақан сері әндерінде өмір шындығы үлкен суреткерлікпен жырланған. Өзінің өмір серігі болған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Құлагер», «Қараторғай» әндерінде басындағы қайғылы оқиғасын айта отырып, өз заманындағы әділетсіз қоғамның бейнесін ашқан.

«Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Көкек» атты Біржан сал әндерінде де өмір шындығы еш боямасыз жырланған. Жалпы ән дәстүрінде Абай әндерін атап өтпесек тағы болмас. Абай әндері өзіндік ерекшелігімен, саздылығымен дараланады. «Сегізаяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» тәрізді әндері ән жанрының үздік үлгілері. Біз Біржан мен Абайды бекерге қатар айтып отырғанымыз жоқ. Бұлар бір заманда қатар өмір сүрген ұлы дарын иелері. Абай ауылының өнерпаз жастары тәлім - тәрбие алсын деп Біржанды бір ай қонақ етіп өнеріне риза болып:
- Шіркін, Біржан аға, енді қазақтың әйелдері сіздей өнерпазды дүниеге әкелер ме екен,- дегенде, Біржан:
- Қазақтың әйелдері мендей өнерпаздарды әлі жүздеп – мыңдап әкелер, бірақ сендей тыңдарман туар ма!?- деген екен. Міне, азаматты қадірлеу, өнерді бағалау осы емес пе?

Халқымыз осындай өшпес мұраны ілгері дамытып, жаңалық қосып, түрлендіріп отырған.
Мінеки, өмірде өзіндік орны бар ән дәстүрі алдағы уақытта да өз қадір - қасиетін жоғалтпай болашақ жасөспірімдерге үлгі бола берсе.

Өсіп келе жатқан жас буын осы әндеріміздің мән - мағынасын, құрылымын түсініп, қазіргі еш мазмұны жоқ әндерден бойларын аулақ ұстаса, дәстүрлі ән өнерінде халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, тарихы, өмірі, тұрмыс - тіршілігі бейнеленетінін түсінер деп ойлаймыз.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 277
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 274
Роботтар: 2
Арайлым Бек данагул Кенесова
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика