Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Вокализ» Г. Панофка

06 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Ашық сабақ
«Ән салу» 4 сынып
Мұғалімі: Абдразакова Гульнаш
Оқушы: Дәуренұлы Әділжан


Тақырыбы: «Вокализ» Г. Панофка
Білімділік: Оқушыны шығармамен жұмыс жасай білуге үйрету.
Өтілетін шығарманың белгілеріне, дыбыс тазалығына көңіл бөлу.
Дамытушылық: Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой өрісін, құлшынысын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушының берген тапсырманы үнемі ұқыпты дайындалуына көңіл аудару.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, айтып көрсету, үйрету, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Г. Панофканың суреті, аспап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқу құралдарын түгелдеу.
Алдымен дауыс жаттығуларын жасаймыз. Терең тыныс алуға арналған жаттығулар.
Ми - и - ро, до - ре - ми - фа - соль, я - а - а - а, лё - о - о сияқты тыныс алуға арналған жаттығулар жасалады.

II. Үй тапсырмасы.
1. Вокализ №28 Велинская
2. Екі жирен. Халық әні
3. О не ңелуй меня А. Варламов
4. Күнге табыну. С. Бәйтереков

III. Жаңа сабақ.
Г. Панофканың 1 - ші вокализі.
Генрих Панофка неміс композиторы (1807ж 3 қазан - 1887ж 18 қараша) Әнші скрипач дирижер. Панофка білімді туған қаласында алды. Әкесінің айтуымен Бреслау университетіне заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ музыкаға деген ынтасы жоғары болды. Ол Венаға келіп онда Иозеф Майзедердің басқаруымен музыкамен айналысты. 1827 жылы жеке әнші ретінде Германияға гастрольге шықты. 1831 жылы ол Берлинде музыкалық журналист ретінде жұмыс жасады. 1834 жылы ол Парижге келді. Онда ол Париж консерваториясының оркестрінде ойнады. Сонымен қатар журналист қызметін бірге алып жүрді. Марко Бордоньиден эн сабағын алды. 1842 жылы Бордоньимен бірге ән сүйер қауымының академиясын ашты. 1847 - 52 жылы ол Лондонда вокалдан сабақ берді және хор дирижеры болып жұмыс жасады. Парижге қайта оралған соң ол педагогтік жұмыспен айналысты. 1866 жылдан өмірінің соңына дейін Флоренңияда жұмыс жасады.
Г. Панофка барлық дауысқа арнап вокализдер жазды. Оның 24 вокализі бар. Вокализ деген не?
Вокализ - дауыс әдемілігін дамыту, жаттығу.
Фортепиано сабағында «Этюд» шығармасын ойнадың ғой. Ол саусақтардың техникасын өсіруге арналған шығарма. Ал вокализ дауыстың техникасын өсіреді. Вокализды нотамен орындайды. №1 вокализ ре минор тональдігінде жазылған кілт жанында Ісиь белгісі бар.
Ән асықпай орындалады. Ән үнемі лигада үзбей айтылады. Әннің ортасында реприза белгісі бар. Одан соң вокализ өз темпінде орындалады. Ән ре мажор тоналдігінде аяқталады. Әнді алдымен өзім айтып көрсетемін. Одан соң оқушымен бірге айтамын.

Сергіту сәті:
Музыкалық кроссворд шешеміз.
Көлденеңінен
1. Музыкалық драматикалық шығарма. Онда ән, би, диалог кезектесіп орындалады. Көңілді, жеңіл. (Оперетта)
5. Музыкалық клавишты аспап (Фортепиано)
IV. Жоғары регистрлі 4 ішекті ыспалы аспап (скрипка)
V. Көркем образды дыбыспен көрсетілетін өнер. (музыка)
VI. Көркем музыкалық шығарманың түрі. (жанр)

Тігінен
- 1. Музыкалық драматикалық шығарма
Мұнда қатысушы кейіпкер оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқайды. (Опера)
Л Әнімен және сөзімен орындалатын шығарма. (Песня)
3 Ыспалы музыкалық аспап орташа регисрлі скрипкамен контрабастың ортасында (виолончель)
4 Шағын лирикалы музыкалы поэтикалық дауысқа арналған шығарма.
Музыканың сүйемелдеуімен орындалады. (романс)
5. Жоғары тонды басқыштары бар ағаштан жасалған үрмелі музыкалық аспап (флейта)
6. Музыкалық аспапта ойнайтын әртіс. (Музыкант)

5. Сабақты қорытындылау.
1. Вокализ деген не?
2. Панофка қай жақтың композиторы?
6. Үйге тапсырма.
«О не целуй меня» А. Варламов
«Күнге табыну» С. Бәйтереков сөзін жаттап келу.
«Вокализ» Панофка динамикалық белгілерімен шығарып келу.
Оқушының білімін бағалау.

«Вокализ» Г. Панофка. жүктеу
3 912
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Дыбыс және оның түрлері 7 - 9 жаттығулар
Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау, 1 - сыныпта өткенді еске түсіру.
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Иоганн Фридрих Фон Бургмюллер немістің композитор, пианисті. Ол 1806 жылы 4 желтоқсанда өмірге келген. 1874жылы 13ақпанда қайтыс болған. Ол көптеген этюдтарымен белгілі болған. Әкесі Фридрих Августа Бургмюллер дирижер және пианист болған. Үлкен
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Музыкалық шығарманы өз бетімен ұғынуға, оның шығармашылық алғырлығын, шеберлігін қалыптастыру. Оқушының көркем ойын тәрбиелей отырып, соның негізінде аспапта орындаушылық өнерін қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×