Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры

15 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Музыка 6 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры.
Мақсаты:
1. Қазақстандағы ән - романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.
2. Ән - романс жанрымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
3. Ән - романстарды тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілер: презентациялық сслайттар, суреттер.
Қолданылатын құралдар: ноталар, тақта, интерактивты тақта, оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типи: Интерактивті сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: түсіндіру, тестілеу, сөз жұмбақты шешу, оқулықпен жумыс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Үйге тапсырма
VІ. Сабақты қортындылау. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Акорд дегеніміз не?
Акорд дегеніміз бір уақытта естілетін өзара белгілі тәртіппе орналасқан үш немесе оданда көп дыбыстардың үндік үйлесімі. Акорд Итальян тілінде«үйлестіру, үндестіру» деген мағынаны береді.
2. Үш дыбыстан тұратын акордты қалай атаймыз, ол нешеге бөлінеді?
Үш дыбыстан тұратын акордты «Үшдыьыстық» деп атаймыз. Мұндағы дыбыстар терция интерваль бойынша орналасады.
Үш дыбыстық аккордтар құрылымдық ерекшелігіне қарай, яғни терциялардың тондық өлшемі мен орналасу тәртібіне байланысты үлкен «можорлық» кіші «минорлық» үлкейтілген және кішірейтілген деп төрт түрге бөлінеді.
Үш дыбысты интервальдық құрылымы акордтың аты мен белгілеуін қатар көрсетеді.
Үш дыбысты интервальдық құрылымы акордтың белгілеріне карай көрсетіледі.
Үлкен және кіші дыбыстықтар жағымды естіліп, консонанстық үндестік құрса, қалған акордтардың барлығы жағымсыз диссонанстық тақырыптық жатады.
3. Фраза дегеніміз не?
Фраза - музыкалық тақырыптық аяақталған мағнасы бар бөлшегі.
4. Фермата дегеніміз не?
Фермата - дыбысты еркін созу белгісі.
5. Вибрация дегеніміз не?
Вибрация - дыбысқа толықтық, жылылық беретін тербеліс әдісі.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән - романс жанрынан бастау алады.
Романс – испан ақсүйек қауымының поэтикалық - лирикалық әні.
Қазақстандағы ән - романс жанрына алғаш жол салған композиторларды атап шығайық.
Ахмет Жұбанов. Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.
А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
Мұқан Төлебаев. Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі.
М. Төлебаев “Біржан - Сара” операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы, оларды қоршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді.
М. Төлебаев – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
Нұрғиса Тілендиев. Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы.
Ол фольклорлық - этнографиялық “Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
Н. Тілендиев – халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән - романстарының авторы.
Шәмші Қалдаяқов.Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа әйгілі композитор. Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған.
Ш. Қалдаяқовтың “Ақмаңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Менің Қазақстаным”, “Қайықта”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында”, “Ана туралы жыр” және т. б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жанына етене жақын.
Музыкалық сауат:
Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылым. Вокалды және аспапты музыканың күрделі дамуына байланысты шығарма соңына қарай еркін орындалатын виртуоздық сипаттағы көрініс.
Фактура – музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі. Мысалы, музыка сүйемелдеуші әуен ретінде немесе аккорд түрінде берілуі мүмкін.
Латиф Хамиди. Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.
Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән - романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры. жүктеу
8 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен тест (6 сынып)
Музыка пәнінен тест (6 сынып)
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Қазақ вальсі
Қазақ вальсі
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Мектепова Жайнагул Ермековна
Орыс халқының музыкасы
Орыс халқының музыкасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Абай и Пушкин - лирические голоса эпохи мастер - класс
Абай и Пушкин - лирические голоса эпохи мастер - класс
Подготовила: учитель русского языка и литературы СОШ им. А. Тихоненко Назарова А.Е.
Бауырлас халықтар музыкасы
Бауырлас халықтар музыкасы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының Музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×