Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәстүрлі күйшілік өнер

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі
музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер.
Сабақтың тақырыбы: Қобыз сарыны Ықылас Дүкенұлы.
Сабақтың мақсаты: Күйші өмірінен әңгіме шертіп, халқымыздың ұлттық мұрасын жеткізу.
Білімділік мәні: Күй тарихи арқылы оқушылардың ой-өрісін өсіру, музыкалық сауатын ашу.
Дамытушылығы: Күйді тыңдата отырып, оны түсінуге, жеткізе білуге, есте сақтай білуге баулу.
Тәрбиелік мәні: Музыкалық өмірмен байланысы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ, әңгімелеу, талдау, әндету.
Көрнекілігі: Видио, аудио, магнитафон таспалары, әннің тексті, суреттемелер, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих, жаратылыстану.
Пайдаланған оқу - әдістемелік әдебиеттер: « Музыка» оқулығы 5 сынып «Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсембенов.

Сабақтың барысы:
- Иә, саламатсыңдар ма балалар ?
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қобыз сарыны Ықылас Дүкенұлы.

Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Өз әкесі Дүкенде, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.
Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған Ықыластың күй өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты.
Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас – «Айрауық», «Аққу», «Асанқайғы», «Ерден», «Бозторғай», «Қасқыр», «Саржан төре», «Шақыру» сынды күйлер қалдырған ірі композитор.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Ықыластың күйі «Ерден», «Қасқыр», «Аққу».

Ертеде Найман елінің Ерден деген батыры болыпты. Ол тек батырлығымен ғана танылмай дәулескер қобызшы болған деседі. Ерденнің Әйменді деген жалғыз ұлы қайтыс болып қайғы жұтып, қасірет шеккен хәлі бүкіл Бағаналы елін дағдартады.
Көңіл айтуға келген Ықылас «Өлімнің жолы ауыр ғой, өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тірлігін істейді» деп, азалы шаққа қаншалықты араша түскісі келіп төрдегі қобызды ала салады да шалып-шалып жібереді. Жай шалмайды, үш күн бойғы Ерденнің «беу, жалғызым, құлыным!» деп күрсіне егілген сөзін сөйлете сызады. Қыл қобыз ішегін тарта жылап, азалы жанның зарын төгеді.
Ықыластың осы жолы Ерден алдында тартқан көңіл айту күйі ел арасында «Ерден» деген атпен тарап кетеді.
Шығармашылық жұмыс: № 4 тапсырма.
Мына күйлердің авторлары кімдер ?
1. «Аман бол, шешем, аман бол»
2. «Топан»
3. «Сылқылдақ»
4. «Құс қайтару»
5. «Бес жорға»
6. «Сауыншы»
7. «Салтанат»
8. «Ерден»
9. «Желмая»
10. «Көңіл ашар»

Дауыс ашу жаттығулары:
* Әнді баяу, ойлана, тыңдап, сөзін анық айтуға тырысамыз.
* Мәтініне көңіл бөл, ән не туралы айтылуда?

Әндету: Қобызым әні

Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Аққайыңның безінен
Айырып алған қобызым.
Қара еменді қақ жарып,
Ойып алған қобызым. О-о-о-о.

Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым.
Қылқұйрығын тұлпардың
Қияқ қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтіне
Шылап алған қобызым. О-о-о-о.

Қарағайды қоздатып,
Бұлап алған қобызым.
Құлағыңды бұрайын,
Қияқ шалып сынайын.
Ойлағаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын!-

Қорытындылау:
* Ықылас кім?
* Ол қандай аспапта ойнаған?
* Ықыластың қандай күйлері бар?
* «Ерден» күйін кімге арнаған?
* «Қобызым» әнін талдау.

Бағалау: «5» - «4» - «3» -
Үйге тапсырма:
Ықылас Дүкенұлының шығармашылығын әңгімелеу.
№ 4-ші тапсырманы орындау.
«Қобызым» әнін жатқа әндету.
Тыңдаған музыкалық шығармаларға сурет салу.
6 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Аспаптардың атасы - қобыз
Аспаптардың атасы - қобыз
Қобыз аспабын таныстыру. Ықылас Дүкенұлы «Жезкиік» шығармасын тыңдату.
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Музыка пәнінен тест (5 сынып)
Cолтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оразова Алтынай Махметжановна
Күй (реферат)
Күй (реферат)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×