Айтыс өнері дегеніміз не?

3 сынып. Тақырыбы: «Айтыс өнері дегеніміз не?»
Сабақтың мақсаты: Айтыс өнерін терең танытып, жаңа ақпарат бере отырып музыкалық танымдарын кеңейту, оның өмірмен байланысын, эстетикалық, рухани байлығын және музыкалық маңыздылығын түсіндіру арқылы қазақ музыкасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Лига деген музыкалық терминмен танысы.
Әдісі: СТО бағдарламасы - Топтастыру, ДЖИГСО, Семантикалық карта
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, күйсандық - ямаха, баян аспабы, суреттер.
Музыкалық материал:
1. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде
2. О. Әубәкіров «Оқушылар айтысы»- үйрену
3. «Ақындар айтысы» (үзінді)- тыңдау
4. «Жар - жар айтысы» (үзінді)- тыңдау

І - Қызығушылық ояту.
Музыкалық аспаптар жазылған үстелдерге оқушылар топтарға бөлінеді. (домбыра, сырнай, қобыз, асатаяқ, дабыл, шанқобыз)
Қазақ музыка жанрларын атайық?

Терме, ән, жыр, күй айтыс

Дұрыс айтасыңдар айтыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Айтыс өнері дегеніміз не?»
Мақсаты: Айтыс өнерін терең танып, мағлұматтар ала отырып музыкалық танымдарымызды кеңейтіп, өмірмен байланыстыра алу, эстетикалық, музыкалық маңыздылығын түсіну арқылы қазақ музыкасына деген сүйіспеншіліктерімізді арттыру.
Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырып салма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.
Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.
Ең ежелгі, көне түрі «Бәдік» айтысы. Белгісі бір аурудан малды емдеу үшін, айтылатын арбау өлең.
Жар - жар»айтысы – қыз бен жігіттің үйлену тойы кезінде орындалады.
«Ақындар» айтысы – атақты белгілі ақындар арасындағы айтыс.
«Қыз бен жігіт» айтысы көбінесе ойын - тойларда айтылады

ІІ - Мағынаны тану. (ДЖИГСО)
Қазір балалар осы бір үстелде отырғандарымыз 1, 2, 3, 4, санына саналып 4топқа бөлініп отырайық. Барлық 1 сандар, 2сандар, 3сандар, 4сандар. Әр топқа мәтін беріледі. Осы мәтіндерді мұқият оқып, маңызды, керек мағлұматтарды жазып аламыз. Содан кейін өз орындарыңа барған кезде алған білімдеріңді өз топтарыңа жеткізе білу керексіздер.
Енді балалар бүгінгі сабағымызда айтыстар туралы не білдік? (әр топтан өздері тұрып - жауап береді, 4 топтың жауабын алу, келесі екі топтан сұрақ жауап арқылы бағалау)

Абай:
"Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй"- деген.
Сондықтан бүгінгі танысатын жаңа әніміз О. Әубәкіровтың «Оқушылар айтысы». Жаңа әнмен танысар алдында дауыс жаттығуымызды орындайық
Дауыс жаттығуы:
1. До мажор гаммасын орындау, лигато, стакатто түрінде
2. Б. Ғизатов «Біздің ән»- дауыс жаттығу ретінде:
Үйренсең нотаны,
Әнде саласың.
Барлығын оп - оңай
Жаттап аласың.
Сен де қосыл жасқанба,
Әнің жетсін аспанға

«Оқушылар айтысы»(мұғалім орындап көрсетеді, содан кейін үйретеді)
Әні мен сөзің жазған О. Әубәкіров “Оқушылар айтысы”
1-оқушы: Айтып қойшы қарағым
Қандай боп жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей салақ баланың.
2-оқушы: Сөзін тыңда, қарағым
Мен секілді баланың.
Сен осында қаласың, Мен лагерьге барамын.
1-оқушы: Қайда барсаң, онда бар,
Семіргенің жөн болар.
Тәртібіңнен, алайда,
Болмай тұр - ау оң хабар.
2-оқушы: Айналайын, көкешім
Тәртіпті айтып не етесің?
Сендердегі Серікбай
Неге жарды шекесін?
1-оқушы: Қай өнегең асып жүр,
Қай тәртібің тасып жүр?
Сендердегі Сембай да
Сабағынан қашып жүр.
Орындаған әнінде «қарағым» сөзіндегі буындар созылып айтылады. Өйткені ноталар арасында доға белгісі тұр. Ол белгіні Лига деп атайды. Яғни «дыбыстарды бірінен соң бірін сабақтастырып байланыстырушы» деген ұғымды білдіреді.

ІІІ Толғаныс І Енді сұрақтарға жауап берейік, бір - бірімізді тыңдап, қайталамай толықтырып отырамыз.
1. Қазақ музыка жанрларын ата
2. Айтыс деген не?
3. “Көш - көш”деп қандай жағдайда айтылады?
4. Айтыстың түрлерін ата?
5. Қазіргі уақытта айтыстың қай түрі кеңірек дамыған?
6. Өзің білетін ақындарды ата
7. Батыс өңірінің айтыскерлерін ата
8. Айтыскерлер нені жырлайды, қандай тақырыптарды қамтиды?
9. “Біржан мен Сара айтысы”қандай айтысқа жатады?
Ендеше осы жауаптар арқылы төмендегі кестені толықтырайық. (Сематикалық карта)
Тақырыбы Жанры Орындау мақсаты Орындау ерекшелігі Кейіпкері
«Бәдік»
«Жар - жар»
«Ақындар»
«Қызбен жігіт»

Бағалау: сабаққа жақсы қатысып жауап қайтара отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Оқушылар айтысы»( жаттау, және өлең шумақтарын ойдан шығарып аттар орындарына өз сыныптағы оқушылар аттарына ауыстыруға болады.

Айтыс деген өлеңнің майданындай,
Сынға тілді болмайды найза қылмай.
Берекесіз көп сөздің жұғымы жоқ,
Іріген салақ әйел айранындай.
Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын,
Азанғы қой сүтінің айранындай - деп сабағымызды аяқтағым келеді.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Мақал - мәтел бәйгесі

    №6 орта мектеп жанындағы интернаты Өткізген тәрбиеші: Төлешова Орынгүл
  • «Елім менің»

    Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанын елін туған жерін салт - дәстүрін ұмытпай құрметтеуге ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуге баулу.
  • «Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев»

    Сабақтың мақсаты: Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу. Білімділік: Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, ...
  • Сөз және оның мағынасы

    ШҚО, Аягөз қаласы, "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Баямбаева Нуржанат Болатовна
  • Оқуға құштарлық

    Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ Биология және өзін - өзі тану пәні мұғалімі Турашева Шырай Сакеновна
  • "Алтын күз" ертеңгілігі

    Бірлік жалпы орта білім бері мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абикеева Бақытжаимал
  • Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар

    Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 мектептің физика пәні мұғалімі Жумаева Гулшат Турканқызы
  • Біз таңдаған Президент

    №6 орта мектеп жанындағы интернаты Өткізген тәрбиеші: Төлешова Орынгүл
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 72
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 70
Роботтар: 3
Zhansulu Akshatau
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика