Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ықылас Дүкенұлы шығармашылығы

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығы
Сабақтың эпиграфы: «Өлмейтін өмір кілті - өнерде»
(Қорқыт )
Сабақтың міндеті: Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтырады. Шығармаларына талдау жасайды, алған білімдерін қорытындылай алады.

Сабақтың мақсаты: 1. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамыту, белсенділігін ояту, шығармашылық ойларын өсіру, өмірге бейімділігін дамыту.

3. Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, олардың бойына эстетикалық және мәдениет құндылықтарын сіңіру.
Сабақтың типі: шығармашылық
Сабақтың түрі: танымдылық, аралас
Сабақтың әдісі: рейтинг, рефлекция, СТО әдістері: галерея, БҮҮ, болжау, ой қозғау, бекіту тест.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа, музыка аспабы.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу, өнер

Сабақтың жүрісі:
1. Музыкалық сәлемдесу.
- Қазір «Музыка» сабағы. Бүгінгі сабақта «Рейтинг» тәсілімен жұмыс
жасай отырып, білімдеріңізді өздеріңіз бағалап отырасыздар. Сондықтан
да сіздердің бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.
( Радиохабардан үзінді )
- Біз осы тоқсанда қандай тарауды өтудеміз?
- Ендеше осы тарау бойынша «Композиторлар галереясына» шолу жа -
сайық. Қазір мен қоятын сұрақтарға байланысты «Тұлғаны танып»
дәптерлеріңе белгілеп отыруды сұраймын.
(Сұрақтар оқылады )

- Күйші - композиторларды белгілеп алдық па? Ендеше білімдерімізді тексеріп көрелік. 1 - ші сұрақ қай күйшіге арналған еді?
Мәдина айта ғой. Галереядан күйшіні көрсетіп жібер.
(Осы ретпен 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сұраққа жауап алу )
- Берген жауаптарыңа қарап өздеріңді бағалап бағалау бетшесіне түсіріңдер. (Тақтада баға нормативі тұрады)
- Бүгінгі жаңа сабағымызда Қорқыт атадан кейін 10 ғасырдан соң дүниеге келген күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен танысамыз.
1. Төкпе күй мектебінің өкілі, оның «Жігер» атты күйі қазақ күйлерінің ішіндегі ең ұзақ күйге саналады. Бұл қай күйші?
2. 1939 жылы халық аспаптарында орындаушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық байқауында өнер көрсетіп 1 - орын алғанда оны « Домбыраның Жамбылы» атаған.
3. Қазақ күйлерінің ішіндегі ең көне күйлердің авторы. Күйшінің ең соңғы күйі «Башпай» күйі.
4. Боғда және Құлшар күйшілерді ол өзінің ұстазы деп санайды. Өзінің атымен аттас күйі де бар. Бұл қай күйші еді?
5. «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді». Бұл кімнің сөзі?
6. Оның күйлері тартылу тәсілінен бастап, сарын - сазына дейін басқа күйшілерден ерекше. Күйшілік өнер оған нағашыларынан дарыған.
7. Ол тек күйші ғана емес, шешен, ақын жанды болған. Шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. 1855 жылы Петербургте өнер көрсетіп күміс медальға ие болған.
8. Домбыраны оң бұраумен де, теріс бұраумен де тартқан, әрі төкпе күй мен шертпе күйдің үздік шебері болған. Төлеген Момбековтың ұстазы.
1. Дәулеткерей
2. Дина
3. Қорқыт
4. Абыл
5. Құрманғазы
6. Қазанғап
7. Тәттімбет
8. Сүгір
Ықылас Дүкенұлы ХIХ ғасырдың 2 - ші жартысындағы белгілі күйшілердің арасындағы ең ірі қобызшы. Ықыластың атасы Алтынбек те, өз әкесі Дүкен де қобызшылар болған. Атасы Алтынбек қобызшылығымен қоса он саусағынан өнері тамған ұста, зергер болған. Алтыннан алқа, күмістен шолпы, сақина,
білезік соққан, жас сәбилерге бесік, күмістеп ер - тұрман жаса -
ған ұсталық дүкені болған. Кейін ол қобыз аспабын жасауды да меңгеріп алады. Ықыластың әкесі дүниеге келгенде Алтынбек
«Менің бар ырысым осы ұсталық дүкенімде ғой» деп ұлының
атын Дүкен қояды. Дүкен де қобызшылығымен атағы жайыла -
ды. Бірақ жоқшылық, тірліктің тауқыметі оның қолын байлайды,
ол өнер жолына түсіп жүре алмайды.

Ал Ықылас 1843 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келеді. Ы. Дүкенұлы - қазақтың белгілі күйші композиторы, қылқобызда ойнаудың асқан шебері. Ықыласқа алғаш қобыз үнін үйретуші әрі оның күй шығаруға бейімінің барын біліп, қуана қоштаған әкесі Дүкен болды. Ықылас қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаумен қатар ол қобыздың дыбыстық көлемін байытты, өлшем - ырғағына өзгерістер әкелді.
Яғни Қорқыттан соң қылқобызға тіл бітірген Ықылас болды.

Қорқыттан Ықыласқа дейінгі ғасырлар бойы бақсы -балгерлердің аспабы болып келген қобызды Ықылас халықтың арман - мақсатын, тіршілік - тынысын жырлайтын аспапқа айналдырды. Ол кейіннен өз жанынан күй шығара бастады. Ықыластың алғашқы күйлері - «Ықылас» күйі және «Қоңыр» күйі. Ол белгілі бір оқиғаны қобыз үнімен айтуға мән беріп отырды.

Оның «Кертолғау», «Ерден күй», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Айрауықтың ащы күйі», «Аққу», «Шыңырау», «Бозторғай», «Қорқыт» т. б. көптеген күйлері бар. Ықыластың дарынын көзі тірісінде - ақ халқы қадір тұтқан, ел ішінде сөзі өтімді, беделді болған. Ықыластың өзінен тікелей тәрбие алып, өнерін үйренген шәкірттері: баласы Түсіпбек, Әбікей Тоқтамысұлы және өзімізге таныс Сүгір Әлиұлы. Ал Әбікей мен Сүгірден тәлім алып, Ықыластың ғажайып күйлерін бүгінгі күнге жеткізген күйші - қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев.
Ықылас 1916 жылы Жамбыл облысында дүниеден өтті.

- Қазір Ықылас Дүкенұлының күйлерінің бірі – « Жез киік» күйін тыңдап, талдаймыз.
Алдымен мен сендерге осы күйдің шығу тарихын айтып берейін.

- Аңшылар киік ауламақ болып аңға шығыпты. Олардың алдынан бір топ киік кездесіпті. Олжалы қайтатындарына қуанған аңшылар киіктерді шетінен ата бастапты. Сол киіктердің арасында жез киік те болыпты. Оның терісінің сарылығы күнмен шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпепті. Сонымен аңшылар жез киікті атып ала алмапты. Терісінің сарылығынан аңшылар ата алмаған жез киік осынау өмірге, тіршілікке риза болып, тастан - тасқа секіріп, кең далада көсіліп емін - еркін ойнақ салған екен. Осы бір әңгімені естіген Ықылас «Жез киік» күйін шығарған екен.

(Күйді тыңдату)
- Тыңдаған күйден қандай әсер алдыңдар?
- Күйді минорлы күйге жатқыза аламыз ба?
- Неге минорлы күйге жатпайды деп ойлайсыңдар?
- Күй бір аспапта, мысалы тек қобызда ғана орындалды ма?

- Енді осы күйге байланысты тапсырма беремін. Күйдің көңіл - күйіне, өлшем - ырғағына сәйкес келетін сөздерді теріп жазамыз.

- Ендеше тапсырманы қалай орындағанымызды тексерейік. (тақтадағы дұрыс жауап ашылады )

- Бағалау. №2. (Бағалау нормасы - тақтада)
- Қазір сендердің кластастарың, музыка мектебінің қобыз класының оқушысы, облыстық, республикалық жарыстарға барып жүрген өнерпаз шәкіртіміз Бұлбұлдың шығармашылық
жұмысын көреміз. Бұлбұл сендерге Ықыластың жаңа ғана тыңдаған «Жез киік» күйін тартып береді.
- Бүгінгі біздің орындайтын әніміз - « Қобызым» әні.

а) Ән сөзін бір оқушыға оқыту. ( тақтадан )
ә) Ән мазмұны не туралы еді? ( қобыз, оның жасалуы, Қорқыт аңызы...)
б) Ән құрылысы қандай? Бұл әнде шумақ, қайырма бар ма?
в) Ән сөзі музыкадағы қай жанрға келеді? ( терме )

- Ендеше әнді орындап көрелік. (отыру ережесі)
а) Распевка
ә) Әнді орындау
__________________________________________________
- Қазір Ықылас атамыздың тағы бір күйін тыңдаймыз. Бұл күй туралы әзір ештеңе айтпаймын, тек күйді өте мұқият тыңдап отыруды сұраймын.
(тыңдату)
- Күйден қандай әсер алдыңдар? Не елестеді?
- Күйдің сарын - сазы құлаққа қалай естіледі екен?
(қорқыныш, үрей...)
- Осыған ұқсас күй Қорқыт атамызда бар ма еді?
- Көрген кино, оқыған әңгімелермен байланыстыру.
- Осы күйге қандай ат берер едіңдер?
- Күйдің шығу тарихын айтып беру:

Ықылас қобызына табиғаттағы сан алуан дыбыстарды, құстар мен жан - жануарлардың әр түрлі дауысын салып көп әуреге түседі. Сөйтіп жүріп бір күні қобызға қасқырдың ұлыған
дауысын салады. Саусағын қобыздың ішегінің бойымен жоғарыдан төмен қарай жылжыта отырып қасқырдың дауысын дәл келтіреді. Әуелі бір қасқырдың ұлыған дауысын, одан
соң екі қасқырдың, сәлден соң топ қасқырдың ұлыған дауысын айнытпай салады. Оның қобызының үніне ауыл иттері дүрлігіп, ауылды айнала шауып мазасызданыпты. Тіпті ауыл адамдары да әбігерге түсіпті. Осылайша Ықыластың «Қасқыр» күйі дүниеге келіпті.

- Илья Жақанов. «Ықылас» кітабы 1990ж. ( Жарасова Тұрсынай )
- Ендігі бөлімде «Графикалық диктант» - пен жұмыс жасаймыз.
Тақтада «Қобыз» аспабына қатысы бары да, қатысы жоқ та сөздер берілген. Қатысты сөз болса -
Қатысы жоқ сөз болса -таңбасымен белгілейміз.
1. Ысқыш
2. Тілшікті
3. Үрмелі
4. Имек мойынды
5. Бес ішекті
6. Төрт ішекті
7. Қорқыт
8. Кетбұға
- Жазған ойларын сұрап № 3 бағалауын айту.

- Бүгінгі сабағымызды « Бекіту тестімен» қорытындыласақ.
1, 2, 3, 4, 5 сұрақтарды белгілеу.
- Алған бағаларыңның қорытындысын есептейік.
- 5 алғандар кімдер? (Неше оқушы – саны)
- 4 алғандар?
____________________________________________________

- Қылқобыз аспабында ойнау дәстүрі бүгінгі күнде де жалғасып келеді. Осы кластың өзінде Бұлбұл қобыз класында оқып жүр. Ал жерлестерің Гүлбарам Тастемірова Испанияда бас жүлдені жеңіп алған. Қазір халықаралық конкурстар лауреаты
Ерболат Мырзалиевтың орындауындағы күйді бейнетаспадан көрелік.
(Бейнетаспа)

- « Өлмейтін өмір кілті – өнерде» деп Қорқыт бабамыз айтқандай қазақтың күй өнері өлмес мұра болып жалғаса берсін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Галереяға шолу
№ 1
Сәйкестендір
«Жез киік»
№ 2
Графикалық диктант
№ 3
Бекіту тест
№ 4
Қорытынды баға
16 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата
Қорқыт ата
Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Аспаптардың атасы - қобыз
Аспаптардың атасы - қобыз
Қобыз аспабын таныстыру. Ықылас Дүкенұлы «Жезкиік» шығармасын тыңдату.
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау. «Он жаман»
Ақтан жырау шығармашылығымен таныстыру. Жыраулық өнер және жыраулар шығармашылығының ерекшелігі, халыққа айтқан өсиеті, батырларға рух беруі жайлы әңгімелеу. Музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу.
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Қорқыт ҮІІІ - ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз - қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт - қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шынғалиева Света Қамызағалиқызы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі Сафина Лиза Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×