Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Штрихтармен жұмыс

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Штрихтармен жұмыс»
а) Білімділік: Домбыра ойнауда қолданылатын штрихтармен таныстыру, ойнап көрсету
ә) дамытушылық: оқушының орындаушылық шеберлігін шыңдау, есту, қабылдау қасиеттерін дамыту. Шығармаларда кездесетін штрихтарды табу, оқушының танымдық қызығушылығын және меңгеру қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік: шығарманы әсемдеуге, әрлеуге және музыканы құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: а) G - dur гаммасы
б) «Бала наз»
ІІІ. Актуалдау: Домбыраның негізгі ойнау тәсілдерін меңгерген талапкер өз орындаушылық шеберлігін одан әрі жетілдіре түсу үшін күрделірек әдіс – амалдарды, ерекшеліктерді үйрену қажет.

Музыкалық шығарманы орындаудағы жылдамдық қарқыны екпін деп аталады. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні көрсетіледі. Екпіні жай, орташа, жылдам болып негізгі үш топқа бөлінеді. Динамика дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушының ерекшеліктерімен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен белгіленеді.

ІV. Жаңа сабақ: Дыбыс шығару тәсілдері штрих деп аталады. Штрихтың түрлері: пиццикато, тремоло, қос тремоло. Міне, бүгін осы штрихтарға тоқталамыз. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады.
1. Бас бармақпен төмен қарай орындау ( ). Мысалы: 1 – жаттығу
2. Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау ( немесе ) Мысалы: 2 – жаттығу

Тремоло штрихы
Тремоло – бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады. Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.
1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді. Мысалы, тремоло штрихына соль ішегінде жаттығу.

Тремоло штрихына рет ішегінде жаттығу.
2. Сұқ саусақпен бармақ арқылы ойналатын тремололар қолдың әр түрлі қимыл – қозғалысымен орындалады. Мәселен, тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе екіншісінде буынға беріледі.

Бүгін біз Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін үйренеміз.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ өнерінен елеулі орын алатын аты шулы дарын иелерінің бірі – Жаяу Мұса. Байжанұлы Жаяу Мұса 1835 жылы бүгінгі Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келіп, 11929 жылы 94 жасында қайтыс болған. Оның әндері 1959 жылы жеке жинақ болып жарық көрді. Жаяу Мұсаның жұртқа кеңінен танылған әндері: «Баянауыл», «Шормановқа», «Көгершін», «Ақ сиса».
Жаяу Мұса жасынан өнерімен танылып, елге танымал болған. Өзінің азан шақырып қойған аты – Мұса, ауыл арасында жаяу аралап тағдыр тауқыметін көргендіктен Жаяу атанып кеткен. Оның себебін ақын «Ақ сиса» әнінде
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса, - деп баяндаған.
Шығарманы орындап көрсету.
Ақ сиса шығармасы G – dur тональдігінде жазылған өлшемі 2/4.

V. Дамыту: Ақ сиса шығармасын талдау. Тактмен жұмыс жасау.
VІ. Сергіту сәті: «Ойлан тап» ойыны. Музыкалық сауатын шыңдау.
Дыбыс ұзақтығымен динамикалық белгілерді карточкалар арқылы көрсету.

VІІ. Бекіту:
- Штрих дегеніміз не?
- Штрихтың қандай түрлері бар?
- Ақ сиса шығармасында қандай штрихтар кездеседі?
- Пиццикато штрихы дегеніміз не№
- Жаяу Мұса қай жылы дүниеге келді?
VІІІ. Қорытындылау:
Бүгін біз штрихтың түрлерін, олардың қалай орындалатынын үйрендік. Енді шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрлей
білуіміз керек. Музыканың жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде де, қуанышында да,
демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Адам өз тіршілігін ғана емес, сонымен бірге аңсаған арманын да, көңіл түкпіріндегі үмітін де музыка арқылы білдіріп отырған. Сондықтан біз музыканы қастерлей білуіміз керек.

ІХ. Үйге тапсырма: «Ақ сиса» шығармасын берілген жерге дейін нота бойынша ойнау.
Х. Бағалау: Жақсы. Өте жақсы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 606
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Меццефортедан басталатын шығарманың екінші тақырыбы стакаттомен орындалады. Толқын секілді төрт тактіден кейін қайтадан p - пианодан - жайдан басталып, crescendo - крещендоға ұласады деп түсіндіре отырып, оқушының дұрыс ойнауын талап ете аламыз.
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушыны өзбетімен шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту
Иоганн Фридрих Фон Бургмюллер немістің композитор, пианисті. Ол 1806 жылы 4 желтоқсанда өмірге келген. 1874жылы 13ақпанда қайтыс болған. Ол көптеген этюдтарымен белгілі болған. Әкесі Фридрих Августа Бургмюллер дирижер және пианист болған. Үлкен
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Оқушыны алғашқы сабақтан өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру жолдары
Музыкалық шығарманы өз бетімен ұғынуға, оның шығармашылық алғырлығын, шеберлігін қалыптастыру. Оқушының көркем ойын тәрбиелей отырып, соның негізінде аспапта орындаушылық өнерін қалыптастыру.
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі
Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Қобыз аспабын сатылай үйрету
Оқушының аспапқа белсенділігімен қызығушылығын арттыра отырып, шығарманы түсініп ойнауға тәрбиелеу және ноталарды бірден әрі таза ойнауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×