Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыңғырла соңғы қоңырау

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Салтанатты жиынға сай етіп безендірілген мектеп фойесінде.
Экраннан түлектердің мектеп өмірінен слайдтар көрсетіліп жатады.
Түлектерді шығарып салуға ата - аналар, мұғалімдер, 1 сынып оқушылары және арнайы шақырумен келген қонақтар қатысады.

1. Жүргізуші: Перизат
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар!
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!

2. Жүргізуші: Рустем
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 2013 - ші жылғы түлектерді
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

Жүргізуші: Перизат.
Алдарында сан тару жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Келген, қауым қол соғып, қолда бүгін
- Алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметтеп ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!


2. Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де, ерлік, өрлік өнерде
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ әкелінсін!
1. Жүргізуші: Перизат.
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ орындалсын!
ҚР рәміздеріне құрмет көрсету рәсімі көрсетіледі.

2. Жүргізуші: Рүстем
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз - деген – аяулы, ардақты адам.

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры
Әліш Саукен ағайға беріледі.

(Экранда түлектердің слайд арқылы жетістіктері көрсетіліп жатады).

1. Жүргізуші:
Аудандық балалар әуез мектебінің соңғы қоңырау салтанатты жиының өткізу туралы бұйрығын оқу үшін, ортаға оқу ісінің меңгерушісі Кельжанов Досан
ағайды шақырамыз!

2. Жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Жүргізуші: Перизат.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

«Ұстазым» әні орындайтын: мектеп түлектері

2. Жүргізуші:
Қонақ деген ырысын мен мерейін
Енді аяндап қонақтарға берейін
Соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған
Қонақтарды таныстырып өтейін!
1_______________________
2._______________________
3._________________________
Құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар! Келесі кезекте
Мектебіміздің мақтаныштары, бірнеше байқаулардың жүлдегерлері. оқу озаттарынан құрылған домбырашылар ансамблінің орындауында

Жүргізуші: Перизат.

Абзал биік тұлға байсалды
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды
Түлектерге жарқын жарқын тілек білдіріп
Құттықтады бүлдіршіндер баршаңды, дегендей бітіруші түлектерге ізбасарлары атынан 1 - сынып оқушысы Бұзаубаева Сымбат ақ тілегін жолдайды.
Қарсы алыңыздар!
«______________»

Жүргізуші: Рустем
Ұстаздардың арқасында шаттандық
Сөзін ұғып болашаққа аттандық
Мектебімде ұстаздар бар ардагер
Барлығымыз жүретұғын мақтап ғып
Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаның
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде елге істеген еңбегің
Айтады алғыс шәкірттері саған мың - дей келе биылғы оқу жылын аяқтап, түлектермен бірге бірнеше жыл қиын да қызықты еңбек жолын бастап кешірген

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 096
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Шығыс Қазақстан облысы, Катон - Қарағай ауданы, Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Абенева Ақнұр
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
"Cоңғы қоңырау -2014" салтанатты жиынының жүрісі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандугаш Сагиндикова Кадиргалиевна
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Алматы облысы, Сарқан ауданы, К.Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Әсел Ануарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×