Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нұрғиса Тілендиев "Әке туралы жыр"

05 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев және «Әке туралы жыр» әні
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Нұрғиса Тілендиевтің музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру, әндерін үйрену;
ә) Тәрбиелік: классикалық музыканы тыңдай білуге және өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
б) Дамытушылық: әнге қызығушылығын дамыту, музыкалық сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: баяндау, түсіндіру, зерттеу, сұрақ - жауап, тест
Оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту
Көрнекілігі: плакат, баян, интерактивті тақта, слайдтар, тест, портреттер, компьютер, плакаттар.
Пән аралық байланыс: тарих, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
• Сабақ мақсаты түсіндіріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақстан композиторларының вокалдық музыка өнерін оқу, Л. Хамиди өмірі»
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.
Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән - романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
ІІІ. Қайталау сұрақтары:
1. Кәсіби музыка өнері ең алғаш қандай елдерде қанат жайды?
2. Осы кездегі әлемдік музыка мәдениетіне үлес қосқан композиторлардан кімдерді атар едің?
3. Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жанры.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Ұлы болу үшін алдымен ұл болу керек. Еркек атаулының бәрін ұл деп атау қиын. Өйткені, қазақ қашанда мақтағанда «Ай, ол атадан ұл болып туған ойлар» дер еді. Бірақ, ол әлі Ұлы деген сөз емес.
Сондай – ақ, ұл десеңіз де, ұлы десеңіз де, қандай мақтауға да сиятын адамның бірі бүгін арамызда жоқ композитор Нұрғиса Тілендиев.
Нұрғиса туған Шилікемердегі үйде бесікте іңгәлап жатқанда естілген әкесі Тіленді тартқан күйлермен оның құлағы ашылса, ес біле бастағанда естіген Дәурен салдың, Бейсебай Қаратаевтың, Шүкітай Әбдікәрімовтың, Иса Тергеусізовтың, тағы басқалардың дауысына аспандағы құс айналған құш әуезді әндері, қатты әсер етті. \

Егер қазақ «өнерді үйрен, үйрен де жирен» десе, Нұрғиса да осының бәрін үйреніп, әсіресе түп - тұқияннан сыр шертіп, сонау Сақ, Үйсін, Ғұн заманының зарын - мұңын, қуанышын - шаттығын арқалап жеткізген Әл - Фараби домбырасы мен Қорқыт қобызы өзіне жолдас етіп алды. Қазақ атамның сол қоңыр домбырасы Нұрғиса Тілендиевті бүгін қазақтың ұлы Нұрғисасы етті, еліне әйгілі, халқына ардақты адам етті.

Тілендіұлы Нұрғиса (1925 - 1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П. И. Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н. П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953 - 1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961 - 1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981 - 1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан

Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н. Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500 - ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т. б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ. Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М. Әуезовтің, Ш. Аймановтың, Т. Ахтановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған.

«Ата толғауы», «Махамбет», «Аққу» күйлерін тыңдау.
Слайдпен жұмыс
Музыкалық диктант
Фа диез
Си бемоль
Си бемоль, ми бемоль

Ү. Бекіту бөлімі.
«Әке туралы жыр» әнін қай тоналдылықта жазылғанын зерттеп, әнді үйрену.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сәйкестендіру тесті
ҮІІ. Үйге тапсырма. Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын оқу, әнді жаттау және «Саржайлау» әнінің тоналдылығын зерттеу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән - романс жаныры
Қазақстандағы ән - романс жанрына алғаш жол салған композиторлар шығармашылығына тоқталу, жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының белсенділігін арттыру.
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Төл сөз. Нұрғиса Тілендиев
Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаяны туралы мағлұмат беру, оқушылардың сөздік қорын байыту, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және оймен бөлісу әрекеттерін ұштау, қазақша
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар, ата - аналар, ұстаздар. «НҰРҒИСА ҚАЗАҚТЫҢ СҰЛУ САЗДЫ ЖҮРЕГІ» атты шығармашылық кешімізге қош келдіңіздер.
Туған жерін жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Туған жерін жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Сабақтың тақырыбы: «Туған жерін» жырлаған Ескендір Хасанғалиев
Музыка аспаптары
Музыка аспаптары
Қызылорда қаласы, №9 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қойшибаева Ғалия Қазбекқызы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×