Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлеңдер топтамасы

04 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Көктем келді
Көктем келді,
Көгерді дала шеті.
Қой қоздап, ешкі туып,
Ойнайды балалар да бірін қуып.
Келеді көп ұзамай Наурыз тойы,
Кетеді жайылымға малшы қойы.
Күн ұзарып, түн қысқарар, көктем келіп,
Мекендейді орманда көптеп елік.

Табиғат
Табиғатты сүйемін,
Өзен көріп өсемін.
Далаға көптеп шықсам да,
Гүлдерді көптеп теремін.
Табиғат деген ғажайып,
Тұрады күзде қурайып.
Жауады жаңбыр сіркіреп,
Жауады қар да қылаулап.
Кемпірқосақ дөңгелек,
Билейді бала «Айгөлек».
Жаз келсе, қуанады хайуандар,
Күз келсе, мұңаяды адамдар.
Қыс келсе, қуанады бала ғана.

Ана тілің арың бұл
Ана тілің арың бұл,
Құрметтейтін тілің бұл,
Ана тілді білмеген,
Өз еліңді сүймеген.

Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - тірлігім.
Тілді асқақ құрметтеп,
Тойлап жатыр әндетіп.

Ана тілің арың бұл,
Құрметтейтін тілің бұл.
Өз тіліңді құрметте,
Шет тілдерге үңілме.

Ана тілім – жүрегім,
Ана тілім - тірегім.
Қасиетті тіліммен,
Мақтанып мен жүремін.

Тілім барда мақтанам,
Тілім барда шаттанам.
Тек өзіңмен мәңгілік
Жүремін мен қуанып

Өтірік өлең
Үлкен күрес жарысқа,
Шықты аю ақырып.
Қарсыласы құмырсқа,
Алып ұрды жамбасқа

Қоңызға мініп алып келдім міне,
Бензин бітті,
Газ бітті зорға жеттім,
Заправкіге енді жеттім, енді келдім.
Газ бен бензин толтырып,
Үйге кеттім

Төрт түлік
Қой атасы қазақта – Шопан ата,
Келдірмеген қойларға қасқыр апан.
Шопан ата қасында жыртқыш құрып,
Аялаған қойларды жыртқыш жырақ.
Жылқы атасы қазақта – Қамбар ата.
Тілігенде өзің атқа бата,
Үйір - үйір жылқыны шұрқыратып,
Әкеледі кешке жақын Қамбар ата
Сиыр тасы қазақта – Зеңгі баба,
Сиыр берсең, сүтті бер өңкей баба.
Кең өріске шұрқыратып апарады,
Кешке жақын тойдырып әкеледі.
Түйе атасы қазақта – Ойсылқара,
Шөл баласын бағады аруана.
Ит - құс, пәле, індеттен аман сақтап,
Топ - топ қылып боталады Ойсылқара

Туған жер
Туған жерім Қажымұқан ауылында
Орналасқан Қаратау бауырында
Жылдар өтті жүрсем де басқа жақта
Сағынамын, жолдас - жора қауымында
Керемет қой жұпар иісті ауасы
Ат - құлындар, тай жарысқан даласы
У - шу болып араласып жүреді
Әке - шеше, келін, бала - шағасы
Көрсеңіз суын татып өңірдің
Көтерілер жадыраңқы көңілің
«Арасан», «Тұран» минераоды сулары
Шипалы ем, ұзақ болар өмірің
Табиғаты таң қаларлық өте көркем
Күлімдейді күн сәулесі нұрын төккен
Қазақстандық әйгілі ұлы адамдар
Осы ғажап өлкеде туып - өскен
Бал үнді Балқадиша туған жері
Жырлаған әнге қосып Ақан сері
Қызы екен Ыбырайдың сегіз қырлы
Бұралған ақ қайыңдай нәзік белді.

Туған жерім, туған елім Қажымұқаным
Сағынамын қарағайлы бөктеріңді
Сағынамын қызық - жасыл түстермен
Боялатын жадыраған көктеміңді

Ақындық борыш
Қазақтан көптеген ақындар бар,
Жатады оған Ыбырай мен ақын Абай
Олардың өлеңдері бір бітпейді
Сөйтсе де адам есінен еш - кетпейді
Абайға өлең жазуды он жасында
Үйретеді әжесі мен анасы да
Әлемде Ыбырайдай ақындар жоқ
Оған ұқсас әлемде дарынды жоқ
Ашады балаларға мектептер де,
Жазады мектептер де өлеңдерде.
15 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының 3 класс оқушысы Габдуллинна Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×