Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер (оқушы шығармашылығы)

19 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Туған жер
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас - деп халқымыз айтқандай, шіркін туған жерге жететін ештеңе жоқ. Мен қазақ жері Атырау облысы, Еркінқала селосында дүниеге келдім. Осы жерде мектеп табалдырығын аттадым. Мен туған жерімді барлық елдерден артық көремін. Мен осы туған жеріме қысқаша өлең шумағымды арнаймын.

Ауылым
Туған жерім әрқашан ыстық маған,
Таза ауасы керемет неткен далам.
Сағынамын шалғай кетсем белдеріңді
Атынан айналайын Еркінқалам
Мас қылдым махаббатқа еркін далам
Айналама қарасам жер күн далам
Мен үшін Астана емес, Алматы емес
Тым ыстық туған жерім Еркінқалам

Ат жарысы
Ат жарысы - бұл қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл жарысқа бапталған жүйрік аттарды қосады. Сайысқа түсетін аттарды алдын - ала дайындайды. Жүйрік, жарыс аттары 25 - 100 шақырымдық қашықтыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай - cала, бел - белестер тәрізді кедергілер болады. Шын жүйрік ат бұл кедергілерден қарғып өтіп бәйгеге жетеді.
Бұндай жарыстар үлкен тойларда, мерекелерде өткізіледі. Қазіргі кезде ат жарыстарын теледидар арқылы тамашалаймыз.

Өтірік өлең
Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен.
Арба жасап шиеден,
Үй салдым мен түймемен.
8 049
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Экологиялық асыл сөздер
Экологиялық асыл сөздер
Өсіп тұрған далада, Жалғыз ағашты кеспе.
Жайнайды Астана! (оқушы шығармашылығынан)
Жайнайды Астана! (оқушы шығармашылығынан)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің 6 - сынып оқушысы Бақытжанқызы Бибінұр
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×