Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Логикалық есептерді ойлап шығарудағы мақсат – логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл – ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі.
Сонымен қатар оқушының тереңнен ойлауын, жан - жақты ізденуін дамытады және қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде күнделікті өмірде математиканы еркін пайдалана алуға бастауыш сыныптан бастап үйретеді.

1. Үстел үсті төртбұрышты, оның 1 бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш 2. Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы 10 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)
3. 1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
4. 4 қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
5. 50 теңгелік балмұздақтан 1000 теңгеге неше балмұздақ сатып алуға болады? (20 балмұздақ)
6. 2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар? (19)
7. Мектепке дейін 3 км, мен 20 минут жүріп жеттім. Сонда неше км жүрдім? (3 км)
8. Аулада бірнеше қой бар. Олардың әрқайсысының маңында 7 қой бар. Сонда аулада қанша қой бар? (8 қой)
9. Екі тауық екі күнде 2 жұмыртқа туады. 4 тауық 4 күнде неше жұмыртқа туады? (4)
10. 8 - наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Бұл қалай? (Әжей, шешей, қыз, ғана болған)
11. Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ, себебі, түнде күн шықпайды)
12. Болат сенбі күні кешкі 9 - да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10 - ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады? (1 сағат. Өйткені, кешкі сағат 10 - да сағаттың қоңырауы шырылдады) 13. Тиін жаңғақтары үш ағаштың қуысына жасырды. Бірінші және екінші ағаштың қуысына - 156 жаңғақ, ал бірінші және үшінші ағаштың қуысына - 132 жаңғақ. Тиін әрбір ағаштың қуысына қанша жаңғақтан жасырды?
Шешуі:
90+66=156
90+42=132
90+66+42=198
14. Айжан 3 - ке бөлінетін екі таңбалы 60 - қа дейінгі сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Мерей 3 - ке бөлінбейтін екі таңбалы 60 - қа дейінгі сандардың ішінен ең кіші және ең үлкен сандардың қосындысын есептеп шығарды. Айжанның саны Мерейдің сандарына қарағанда қаншаға көп?
Жауабы:
Айжанның 3 - ке бөлінетін сандары - 60, 12
15. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен атап шық. (алыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні)
16. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар? (3)
17. Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2 - ге тең болатын санды ата. (11, 20)
19 363
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Есептер шығару
Есептер шығару
Шамалар арасындағы қатысты табуға арналған есептерді шығарады.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептер. Баға. Саны. Құны.
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Саралжын ауылы, Қ.Сағырбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша бастауыш сынып мұғалімі Байболова П.М
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
ХІХ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Ержанова Жазира Төлегенқызы
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер (бастауыш сыныптарына)
Логикалық есептер. (бастауыш сыныптарына) *Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
Логикалық есептер
Логикалық есептер
Көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту. Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×