Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қожанасыр

07 тамыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қожанасыр
Ертеде бір кедей шал болыпты. Ол қала маңындағы тоғайға барып отын жинап, күн көріс үшін оны базарға сатып, тапқан ақшасына азын-аулақ тамақ алады екен. Бір жолы ол тоғайдан отын алып келе жатып, бел жазып алайын деп отырып дем алады. Содан қайта жүрмек болып отынын арқалайын десе шамасы келмейді. Отын ауыр, ал кәрілік пен кедейлік қажытқан қартта қайрат таусылған еді.

Осы кезде жолмен өтіп бара жатқан бір жолаушы кезігеді де, қарт одан отынын арқалатып жіберуін өтінеді.
Жолаушы отынын арқалатпастан бұрын: «Егер отыныңды арқалатсам ақысына не бересің?» - дейді. Шал: «Шырағым - ау, ақысына беретін менде не дейсің? Ештеңе», - деп жауап береді.
Жолаушы тіл қатпастан шалға отынын арқалатады да, артынша:

«Жаңа берем деген «ештеңеңді» әкел», - деп жабыса түседі. «Шырағым - ау, өзіңе керегі не? Мазамды болса алмай жөніңе жүре бер», - деген шалдың сөзіне болмай: «Не керегі қалай!? Мен отыныңды арқалатсам не бересің дегенімде сен «ештеңеден» басқа түгім жоқ дедің, отыныңды арқалатқаным рас па?» Рас. Ендеше «ештеңемді» әкел, - деп шалдың қыр соңынан қалмай қояды.

Шал қанша жалынса да, әлгі жолаушы сөзге көнбейді. Ақыры ол бейшара шалды қазыға (төрешіге) алып келеді. Қазы дауды қалай шешудің амалын таба алмай Қожанасырды шақыртады. «Қожеке, мынаның әділін өзіңіз айтпасаңыз, біздің амалымыз таусылып отыр», - дейді қазы.

Қожанасыр көрпешенің үстінде малдасын құрып отырып, екеуінің де сөзін тыңдап болады да, шағыммен келген жолаушыға бұрылып: «Жолаушым, сенің сөзіңде қате жоқ! Сенің қызметің үшін «ештеңе» берем деп уәде еткен екен – сол «ештеңесін» сөз жоқ беруге тиіс. Бірақ менің байқауымша мына қария тақыр кедей көрінеді, екіншіден, «ештеңенің» өзі кез келген адамда бола бермейді. Ренжімеңіз сол «ештеңені» менен алсаңыз қайтеді?»- дейді. Арызқой келісе кетеді. Сол кезде Қожанасыр өзі отырған көрпешенің бір шетін көтереді де: «Қолыңды сұғып астында не жатқанын байқашы», - дейді.

Жалақор қолын әрі - бері жүгіртіп ештеңе таппайды. «Иә, не таптың!» - деп сұрайды Қожанасыр. «Ештеңе» деді арызқой. «Ендеше сенің алашақ «ештеңең» - сол. Ал да тайып тұр», - деп жалақорды қуып шығады.
Міне, сендер мүсәпір шалды алаяқ қудың жаласынан құтқарған тапқыр, данышпан Қожанасырмен кездестіңдер.

Қожанасыр – қазақ фольклорының ең сүйікті кейіпкерлерінің бірі. Ол бірде тілі мірдің оғындай шешен, ғұлама данышпан, енді бірде дұшпанын – менменсіген байлар мен қаһарлы хандарды тақырға отырғызып кететін айлакер қу, біресе ашық ауыз аңқау, күлдіргі адам кейпінде суреттеледі. Қожанасыр – мүсәпірдің демеушісі, қорлық көргеннің жақтаушысы, ақиқаттың, әділдіктің төрешісі. Міне, осы қасиеті үшін халық оны жанындай жақсы көреді.

Қожанасыр есімінің сан ғасыр бойына көптеген елдердің фольклорынан тұрақты орын алып келуі де сондықтан. Ол – халықтың өз қиялынан, арман ойынан туған кейіпкер. Ол түрікте – Қожа Насреддин, азербайжан мен парсыда – Молла Насреддин, өзбек пен тәжікте – Насреддин Эфенді деген атқа ие болған.

... Құдықтағы ай сәулесін көрген Қожанасыр, жіптің ұшына ілгешек байлап, жалма - жан Айды тартым шығармақ болады. Құдық түбіндегі тасқа ілгешегі ілінген ол бар күшін салып шірене тартқанда жіп үзіліп кетіп, өзі шалқасынан түседі. Қараса ай аспанда тұр екен. «Шіркін, өзім айды аспанға бір шығардым - ау!» - деп мақтанатын да осы – Қожанасыр.

Есегін сұрап келген көршісіне Қожанасыр: «Басқа біреуге беріп жіберіп едім», - деп өтірік сылтаумен шығарып салады. Сол кезде қорада тұрған есек ақырып қоя берсе керек. содан көршісі Қожанасырға: «Өтірік айтқанша, бергім келмейді демейсіз бе», - деп өкпелейді. Сонда: «Өй, сен өзің адамға сенесің бе, әлде есекке сенесің бе?» - деп шылп етпей жауап беретін де – Қожанасыр.

Қожанасыр әңгімелерінің ұшы қиыры жоқ. Онда адам жанын шуаққа бөлейтін қалтқысыз күлкі мен дариядай шалқып жатқан даналық бір - бірімен жараса өрбіп отырады.
Сендер, үлкендердің біреуі туралы өзі бір қожанасыр
Адам дегенін естіген боларсыңдар. Ол сөз қандай адамға айтылатын енді сендер жақсы білесіңдер. Ол аңқау, әділ де адал әрқашан адам баласына жақсылық ойлап тұратын адамдарға ғана арналады.
6 189
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кім мяу деді?
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Ұр тоқпақ ертегісі
Ұр тоқпақ ертегісі
Балаларды ертегімен таныстыру, кейіпкерге ене білуге үйрету Ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен Қожанасыр
Алдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба? Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті. Көбі мынау деп, саламды
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Исабекова Бибинур
Бақылау жұмысы " Ішкі энергия"
Бақылау жұмысы " Ішкі энергия"
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Физика пәні мұғалімі Елеусізова Қанифа Айтқазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×