Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оттегі

02 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Оттегі
Ауада тыныс алу мен жануды қолдайтын түссіз, иіссіз және дәмсіз бір газ бар. Бұл – оттегі. Барлық тіршілік иесі күн сайын орасан көп оттегімен тыныс алады. Ал біздің планетамызда күн сайын жағылатын ірілі - уақты пештің саны қаншама десеңші. Олар тек үй жылыту пештері ғана емес, өндірістік пештер – домна, мартен, өртеу пештері.

Жасыл өсімдіктер болмаса, біз оттегі жетіспей баяғыда-ақ тұншығып қалған болар едік. Олар күн сәулесі түскен кезде ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады да, оның жер атмосферасындағы қорын толықтырып отырады.
Оттегі ауада ғана емес, басқа жерде де бар. Ол сутегі газымен қосылып су түзеді. Жер қыртысындағы әрбір екі атомның бірі оттегі болып табылады.

Бұдан екі жүз жылдай бұрын адамдар оттегі барын білмеген. Тек 1770 ж. химиктер кейбір заттарды қыздырғанда газ бөлінетінін, онда май шам ауадағы тәрізді жанатынын байқаған. Француз ғалымы Антуан Лавуазье бұл газдың «жебір» сұйықтық, яғни қышқылдар түзуге қатынасатынын ашқан. Сондықтан оны Лавуазье латын сөзімен «оксигениум» - «қышқыл түзуші» деп атаған. Оның «оттегі» деген қазақша аты бұдан гөрі қасиетіне толық сәйкес келеді: «от тудырушы» деген мағынаны білдіреді.
18 745
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн жайлы қызықты мәліметтер
Күн жайлы қызықты мәліметтер
Күн 74%- ы сутегіден, 24%- ы гелийден тұрады. Ал қалған 2%- ы оттегі, темір және никель.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы, дыбыс сіңірлері, тыныс алу қозғалыстары туралы оқушыларда қалыптастыру.
Атмосфераның құрамы және құрылысы.  Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Атмосфераның құрамы және құрылысы. Жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіне қатысуы
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна Пәні: География - биология мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту пәндері
Ауа – газдар қоспасы
Ауа – газдар қоспасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп химия пәні мұғалімі: Дегенбаева Гүлнұр
Бұл керемет оттегі
Бұл керемет оттегі
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәні оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×