Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланы өлімнен құтқарған құс

05 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Баланы өлімнен құтқарған құс
Көлеңкеде қаннен - қаперсіз ұйықтап жатқан жеті - сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып улы жылан жақындап келеді. Күтпеген жерден, қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Жылан да атылуға айналғандай шиыршық атып, айбат шегіп, ысқырып жіберді. Құс аяғын санап басып, жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып кетті. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс та тез жалтарып, оның ұлы тісін бойына дарытатын емес. Міне, жалын тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп, жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып - шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті - үстіне шоқи берді, шоқи берді.
Бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанын ауыр деп алып жатқан құсты көріп таң қалды. Мұның екеуін бірдей кімнің өлтіріп кеткенін білмей, аңырап жан - жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсінбеді. (Балаларға арналған календарь 1969 ж.)
8 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин
Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Жақсы мен жаман ертегісі
Жақсы мен жаман ертегісі
Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен - күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.
Шал мен кемпір ертегі
Шал мен кемпір ертегі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен.
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×