Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кета

29 қыркүйек 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Кета
Кета деп аталатын өзі үлкен әрі күшті балық Тынық мұхитта тіршілік етеді. Ал бұл балықтың шабақтары уылдырықтан шығады да, өзендерде өсіп жетіледі. Сондықтан әр жаздың ортасында Тынық мұхитқа құятын өзендерде кета үйірі пайда болады, олар мұнда уылдырық шашу үшін келеді.

Балықтар өзенді бойлап, жоғары қарай өрлей береді, көлденең жатқан көптеген кедергі тастардан, үйінділерден өтіп, өзеннің бастауына жетеді. Мұнда кета өзеннің ұсақ шағыл тасты түбіне, яғни құм - шағыл тастардың арасына шағын ойыс ұя жасайды. Бұл ойысқа уылдырық шашып, оны құйрығы арқылы ұсақ шағыл тастармен көмеді. Осыдан бастап екі апта бойы өз ұясын жауларынан тынымсыз қорғайды.

Уылдырық бүкіл күз және қыс бойы ұяда жатады. Ал көктемге қарай одан кішкентай балықтар, яғни шабақтар шығады. Олар өзенде ұзақ болмастан, көп кешікпей ағынға ілесіп, өздерінің ата - енелері келген жаққа, теңізге мұхитқа қарай жүзеді. Шабақтар мұхитта өсіп жетіліп, ересек балықтарға айналады да, 3 - 5 жылдан кейін өздері пайда болған жере қарай кетеді. Олар да өзенді адаспай табады, өздерінің ата - енелері жүзіп өткен кедергі тастардан, үйінділерден өтіп, дәл сол өздері пайда болған жерге жаңа ұя салады.

3 - 5 жыл бойы мұхитта болған және осы уақыт ішінде өзенге бірде - бір рет жүзіп шықпаған бұл балықтарға жолды кім көрсетеді? Мүмкін сол өзенде болып қайтқан ата - енелері көрсететін шығар?

Жоқ, олай емес, уылдырық шашқан балықтар мұхитқа қайтып оралмайды. Олар уылдырық шашқан соң көп кешікпей өледі. Жас кета жолды өзі бетінше іздейді.

Сонда ол жолды қалай табы? Ғалымдар мұнда инстинкт басты роль атқарады деп есептейді.
Кетаның басқа да жұмбақ сырлары бар. Теңіздегі кета күмістей жылтылдайды, ал өзенге енісімен оның реңі өзгереді: әрбір балықты сары, қызыл күрең және ақшыл көк түске бояп қойған ба дерсіз.

Өзенге енген кетаның дене пішіні де өзгереді, яғни оның жотасында өркеш пайда болады. Кетаның мұндай өркеші онша үлкен емес, ал оның жақын туыстасы – құныс балықтың өркеші өте үлкен болады.

Кейбір ғалымдар мұны жаңа жағдайларға бейімдеушілік деп есептейді. Теңізде тезірек жүзу үшін оның дене пішінінің жақсы сүңгуір қайықтай ұзынша болып келуі қолайлы. Ал енді өзенде, әсіресе онда уылдырық шашу кезеңінде оның орнықты болуы пайдалы. Уылдырық шашатын кета жылдам су ағынында бір орында тұра алатын және оңай қозғалатын болуы тиіс. Міне, осы кезде өркеш оған кеменің киіліндей жәрдем көрсетеді. Кетаның көптеген туыстары бар. Олар: құныс балық, кемиек, чевыча. Бұлар да кета секілді тіршілік етеді.

Бұл балықтардың бәрін қиыршығыс албырты деп атайды. Сонымен қатар кәсіптік албырттар да бар: ақсерке, қаратеңіз және каспий албырты, көл албырты, кумжа және бахтах. Бұл балықтар да, кета сияқты, мұхиттар мен теңіздерде немесе үлкен көлдерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін өзенде тіршілік етіп, сол өзенде уылдырық шашады.
3 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Балықтардың көпшілік түрлері мен қосмекенділердің жыныс мүшелерінің құрылысы ұқсас, бұлар – дара жыныстылар. Аналық ағзаның бір жұп аналық безінде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балық немесе бақаның ағзасында бір жұп
Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі
Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің 7 - сынып оқушысы Базарбаева Гүлдана Мұратқызы Жетекшісі: Зекенова Рима
Балықтар класы
Балықтар класы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің биология пәні мұғалімі Шаманова Назгүл «Үздік презентация» номинациясы бойынша
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×