Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушы шығармашылығы

08 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ұстаз лебізі
Сәрсенбай – сыныбымның оқу екпінділерінің бірі. Мен
5 сыныптан бері сынып жетекшісі болып келемін. Отбасының тұңғышы. Мінезі тұйық. Салмақты. Достарымен тез табыса алады. Жазбаша сабақтан гөрі ауызша сабаққа бейім. Есте сақтау қабілеті жоғары. Құран сүрелерін мүдіріссіз жатқа айта алады. Қолы боста өлең шығарады. Мен ұстазы ретінде оның өлеңдерін оқып шықтым. Маған оның балаң ойы ұнады. Сондықтанда оның балаң ойын ешқандай өзгеріссіз беруді ұйғардым. Себебі ол бар болғаны 6 сыныптың оқушысы ғой. Жоғарғы сыныпқа барғанша қаламы ұшталып, шыңдалады. Сәрсенбайдың болашағынан үлкен үміт күте отырып, оның қадамына сәттілік тілеймін. Оның үлкен додадан көрініп, жүлдегер болатынына сенімім мол. Сәт сапар!

Ибраева Жанар Ғилыманқызы
Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі

Ана тілім
Тілім менің − қазақ тілі, кең, дана
Көркейіп келе жатыр енді ғана.
Тілім барда шежіредей ақтарылам
Қадірлеймін тілімді әрдайымда.

Тіл ғой біздің ажарымыз, сәніміз,
Тіл болмаса не істей аламыз қазір біз?
Тілімізді ұмытпайық пенделер
Өйткені ол - біздің асыл мұрамыз.

Тіліміз мәңгілік болсын деп тілейік,
Тілімізді қадірлеумен өтейік.
Қазақ тілін жүрегімізге мәңгі сақтап
Тіл қадірін қазірден бастап түсінейік.

Тіл болмаса күніміз болар қара түнек,
Мәңгүрт адам атанады қара жүрек.
Мәңгілік ұмытпайық тілімізді
Жүрмейік енді тығырыққа тіреп.

Тіл барда абырой бар санасы
Тіл барда тіл байлық бар данасы.
Тіл болмаса осылардың бәрі құриды,
Тілім менің – дүниенің кеңі ғой, дарасы.

Тілдеріңді қастерлеңдер адамдар,
Өз тілін ұмытқандар
Олар нағыз
Суайт жандар, оңбағандар!

Қазақ тілім өте кең ғой дарынды,
Қазақ тілім байлыққа мол қанықты.
Өз тілін қастерлемейтін адамдар
Олар өте үлкен жазаға лайықты.

Кетпейік тілімізді ұмытып,
Ұмытпайық тілімізді қаңғытып.
Қастерлейік тілімізді мәңгіге
Тіліміздің барына қуанайық шаттанып.

Абай ата
Ынтаменен оқимын мен Абай ата өлеңін
Талмай оқып жамандықтан жирендім.
Қара сөзі жанымның нағыз құмары
Сөзін оқып жақсылықты үйрендім.

Ахмет Риза медресесін бітірген
Бар білімін сол кезеңде үйренген.
Абай ата он ақынның бірі ғой
Адамдар оны ұлы ақын деп білген.

Абайды танымайтын адам бар ма?
Абайды танымайтын надандар ма?
Абайды білмейтін адам болса
Көреді ғой қиындықты бұл заманда.

Семейде туып өсті Абай ата
Сегіз қырлы, бір сырлы болған дана.
Өлеңі мен асыл сөзін оқыңдар
Саф алтындай мұрасы болар дара.

Абайды танымайтын адам болмас
Бір өлеңін білмейтін қазақ болмас.
Абайдың болғанына қуанайық,
Қазағымның Абайсыз аты шықпас.

Абай деген сарқылмайтын терең теңіз
Абайды ұлылықтың бастауы деңіз.
Абайдың болғаны қазақтарға
Үлкен мәртебе, таусылмас бітпес жеңіс.

Абайды оқыңдар, шаршамаңдар,
Оқысаңдар білімді атанасыңдар.
Оқысаң егерде құр кетпейсің
Егерде ниеттеніп талмасаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мінездеме 1 сынып
Мінездеме 1 сынып
Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі.
Эссе: Тілім менің
Эссе: Тілім менің
ЭССЕ: Тілім менің. Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Ойлан, тап (оқушы шығармашылығы)
Ойлан, тап (оқушы шығармашылығы)
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің 2 сынып оқушысы Бақтыгереева Диляра Ұстазы, ақындыққа баулыған жетекшісі: Ақерке Башиева Шамилқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×