Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыр жазамын жүрегімнен (өлеңдер жинағы)

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Жыр жазамын жүрегімнен
Өлеңдер жинағы


Өлеңдерім мұғалімдерге, оқушыларға және ұл - қыз өсіріп, ұрпағының келешегін ойлаған ата - аналарға, туыстарына және шығармашылығымен жақынырақ танысамын деген көпшілік қауымға арналған.

Жан анам

Маған өмір сыйлаған – ризамын саған,
Жаныңнан жылу тараған – бізге арналған.
Бар әлем саған тамсанып, бас иеді,
Киелі анам, жан анам – ризамын саған.

Өзіңнен тарап таң шапағы арайлы,
Сәуле шашып күннің нұры тарайды.
Сенің алтын алақаның аймалап,
Әлі күнге балалығым қалмайды.

Оқысаң шам шырағың жағылады,
Білімің мен ой – санаң жалғасады.
Еңбектеніп, ізденген мақсатына,
Жетеді деген сөзің есте – мәңгі сақталады.

Анадан туады ғой дана біткен,
Мақсатыңа жетуді ана күткен.
Өмірдің ойлы – қырлы соқпағымен,
Шыдаған шыңдарында нық көрінген.

Жан анам - нұр шашқан келбетің,
Әр кез маған тілектес боп жүргенің.
Бір қолымен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеткен.

Маңдайдағы әжімдерге қарыздармыз,
Құшағыңның ыстығына қарыздармыз.
Күндерің қуанышпен қызықты боп,
Жүрегің тек шаттықтан дірілдесін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рахмет, Анашым!
Рахмет, Анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Әлемді тербеткен ана
Әлемді тербеткен ана
Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте - ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «Бауыр етім балам»,- деп ақ сүтін беріп, аялап, «Менің балам керемет»- деп мақтан
Айналдым, «Ана» деген үш әріптен
Айналдым, «Ана» деген үш әріптен
Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.
Ана
Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Тлесова Үміт Әбілтайқызы
Қыз сыны байқауына таныстыру
Қыз сыны байқауына таныстыру
1. Жаңғырып, қайта гүлдеп жаңарды өлкем, Шуағын шашып қайта, оралды көктем. Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар, Келіп тұр « Қыз сынына» бүгін көркем.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×