Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал туралы

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мақал - Мәтел
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір - бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын - жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал - Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т. б.).
Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім - тәрбиесі мол, ұрпақтан - ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал - мәтелдері.

Мақал - мәтелдер туралы сөз болғанда, не оларды зерделеп оқығанда, алдымен сол мақал кімге, қай қырын тануға арналғандығын аңғарамыз. Яғни әйел адамға ма, әлде ер адамға ма? Міне, осыдан келіп мақал - мәтелдегі гендер мәселесі туындайды.

Ғалым Маханова гендер дегеніміз не? деген сұраққа мынадай жауап айтады: «Гендер ұғымы жыныстың әлеуметтік құрылымы деген мағынаны береді. Гендер қоғамның әйел және еркекке бөлінуінің өзі әлеуметтік өмірдің, жемісі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, гендер дегеніміз – жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез - құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстындардың жиынтығы»,- деп гендерді әлеуметтік тұрғыдан қарастырады.

Гендер қоғамда дүниеге келіп, ұлттық тілдік тұлғаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және мәдени процесстердің жиынтығы. Мұндай процесстер келіп тіл білімінде гендерлік лингвистиканы тудырды. Бұл фактор қазақ ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал - мәтелдер бойынан жақсы көрініс тапқан. Қай мақалды алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс - әрекеттеріне байланысты келеді. Мысалы:
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па!
Бірінші жолда, әйел затының алғашқы міндеті дүниеге ұрпақ әкелу, десек те бірнеше баланы бағу, қатарға қосу оңай іс емес, сондықтан сәбиді дүниеге әкелген әйелге жылы сөздің қайсысы да лайық екендігін меңзейді. Ал үлкенді сыйлаған аға деп, кішіпейілділік танытқан ер азаматқа кім жетсін?

Алдымен, мақал - мәтелдердегі әйел бейнесінің гендерлік ерекшелігіне тоқталсам, әйел барлық адамзат түсінігінде тіршілік жаңартушы, өмірге адам әкелуші, жылулық пен мейірімділіктің, берекенің бастауы. Әйел атауына түсіндірме сөздік те, бірінші – адам баласының ұрғашы жыныстылары, екінші – жұбай, қосақ деген анықтама берілген. Сонымен қатар әйел атауымен байланысты тіл бірліктерін сәби, қыз бала, бойжеткен, келіншек, келін, жұбай, зайып, жар, қосақ, шеше, ана, әже, кемпір деп өз ішінен жасына қарай бөлуге болады.
Енді осы бөліністердегі қыз бейнесінен бастасақ. Қыз – нәзік те қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, төзімді жан. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесі тұтас ұлтқа әсерін тигізетінін айтады. «Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың астарында қыз абыройы, өскен ортасының абыройы деген мән жатыр. Ал «баланың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге» деген мақалдың мәні ұл қыздың жаман атағы сол бала тәрбиелеп отырған ата - ана ұяты. Қыз бала саналы болса, өсек, өтіріктен қашық жүрсе, ол да ана – мейірімі, бақыты. «Өсектен сау сонау қыз, шайқалмаған сары уыз».

Халқымыз еңбектің небір қиыншылығы мен бейнетін көріп, артынан соның рахатына бөленген. Осыны ертерек ойлаған ана қыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастаған. Тіпті төсек жинау, үй тазалау, тамақ істеуінің өзі үлкен сын. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Жақсы қыз біреу келсе есік ашар, жаман қыз біреу келсе төрге қашар» деген мақалдар осыны меңзеген.

Қыз есейіп, бойжетісімен оның айналасы сырт көзге толады. Біреу «үкі тағуға», біреу «алып қашуға» ұмтылады. «Қызды ауыл өсекшіл» деп ауыл - аймақтағы адамдардың аңдығаны, екі ауыз сөзі бойжеткен қыз болады. Ал аналар бой жетіп қалған қызының төсегін бөлек салып, жас шағындай оған көршіге желпілдеп жүгіріп баруды, не бір ауылға өзін қыдырып жіберуді шектейді. Жіберсе апа, жеңгелерін ерткен, көбіне жеңгесіне сенеді. «Қыздың сырын жеңгесі біледі» не «қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп мақалдаған.

«Қыз мұраты - кету» дегендей қыз бала табиғатынан басқа үйдің босағасын аттап, сол үйдің түтінін түтетуге жаралған ғой. Сондықтанда жасы келісімен қыз баланы ата анасы, бүкіл бауырлары сыңсу айтып шығарып салады. Құда келіп, құйрық - бауыр жесіп, баталасады. Ұясынан ұшқан құсы ұясына абыройлы қонуын артындағы ата - анасы тілеген. Жұрт оларды «ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондырдың» деп құттықтаған. Одан әрі реті келсе қызды жасауымен берген. «Бастапқы қызыңды жасаулы ұзат, соңғы қызыңның өтеуіне жақсы», «қалыңсыз қыз болмас» не болмаса «құмға төккен білінбес, қызға берген білінбес» деген мақалдар осыны білдіреді.

Қыз әке үйіндегі өмірімен қоштасып, уақыты жеткенде өзге табалдырықты «келін» боп аттайды. Келін баланың не інінің әйелі. Қазақ дәстүрінде жаңа түскен келінге сын көзбен көріп қараушылар көп. «Жақсы келін - келін, жаман келін - келсап», «Келіні жақсының керегесі алтын» дейді. «Келін қайын ененің топырағынан», «Басында сыншыл болса, кейін сыршыл болады» деп келін мен ене арасын жақындастыру, енені құрметтеуге үйреткен. Шындыққа келсек: ене біреудің шешесі, сенің шешеңде біреуге ене.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 11. Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы 12. Көп мағыналы сөздер 13. Жаттығулар орындау 14. Омонимдер 15. Жаттығулар орындау
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыландыру, сөздің қандай мағына беріп тұрғанын ажырата білуге үйрету. 2) дамытушылық: әр сөздің қандай мағыналары бар екенін ажырата білуге үйрету.
Мақал - мәтел - сөз мәйегі
Мақал - мәтел - сөз мәйегі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы «Мектепке дейінгі даярлық тобы оқытушысы» Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі
Алматы қаласы, №57 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Байрамов Эльдар Пән мұғалімі: Аманова Раушан Рамазанқызы
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Мақал - мәтелдер туралы түсінік
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×