Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ана
Ана сөзін естігенде көз алдыңа ананың алақаны, аялы сөзі түспеске қоймас. Ана сені тоғыз ай, тоғыз күн бойы құрсағында қорғап, сен дүниеге келем дегенше қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай дүниеге алып келеді. Дүние есігін ашқанда ең алдымен шырылдап анаңды іздеп бағасың. Анаңмен табысқанда ғана жаның жай табады. Ана мен бала табысса, оларды ешкім айыра алмас. Қазір ана мен бала бір - бірімен біреу айырмай - ақ, өз беттерімен айырылысып кетіп жүр. Сонда ана мен бала арасындағы махаббат пен үзілмес байланыс қайда қалады? Оны қайда ысырып тастай аламыз? Біз де жүрек қалмаған ба? Әлде сол жүректі жібітетін жан қалмағаны ма? Анасы баласын туарын туып алып, қоқысқа тастап кеткені қай сасқаны? Титтей де болса адамгершілік қасиеті болса, жанының бір бөлшегі баласын ең болмағанда балалар үйіне тапсырса болар еді? Бұндай адамдар адамгершілікке қарағанда жамандыққа жақын болар, сірә. Ал баласы анасын қайраты қайтып қартайғанда керексіз етіп лақтырып тастайды. Тура бір зат сыңайлы. Жаңа кезінде пайдаланып, ескірген кезінде далаға тастайды. Қарт анасын қарттар үйіне өткізіп, анасының жүрегін жаралап тастап кететін адамдарды түсінбеймін. Анасы оны жылдар бойы асырап, бағып - қағып, ешкімнен кем қылмай өсірді. Анасының қадірін білмеген адам, ана атануға лайық емес.
Анаға деген парызыңды өмір бойы аялап өтсең де өтей алмайсың. Қазір ана деген сөз сирек те болса айтылатын шығар деген үміттемін. Неге бұлай дедім? Себебі бір - ақ нәрсе:«ана»сөзінің «мама» сөзінің тасасында қалып қоюы. Сонда мама сөзінің қандай ерекшелігі болғаны? Керісінше, ана сөзінің құдіретіне шек жетпейді емес пе? Ана сөзі ерте кезден келе жатқан қазақ сөздерінің бірі. Ал мама бізге жат сөздің бірі болуы тиіс еді. Бірақ, біз бұл сөзді жанымызға тым жақын етіп алдық. Өзі де қазақ сөзі емес, ал ана сөзі қазақ тілінің қазынасы. Егер біз қазірден тілімізді дұрыстамасақ, кейін кім болып кететініміз белгісіз. Сондықтан, ана сөзін де, ананың өзін де аялай білейік....
4 178
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тіршіліктің гүлі
Ана тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Ана туралы эссе: Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой.
Айналдым, «Ана» деген үш әріптен
Айналдым, «Ана» деген үш әріптен
Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×