Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әбдуәлі Бексұлтанның шығармашылығынан

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
№55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің
10 - сынып оқушысы Әбдуәлі Бексұлтан
Жетекшісі: Г. Кембілбекова

Әбдуәлі Бексұлтанның шығармашылығынан.

Ұлы Жеңіске жетпіс жыл

Кешегі соғыс кезгі таршылық жыл,
Көріп едік оны көзбен қайсымыз бір.
Жеңген шақ, жүрекке қуаныш сыйлап,
Бұл күнде аңыз - жыр боп айтылып жүр.
Соғыс күні қырғын кескін айқаста,
Ер жігіттер, қыз бала жүр шайқаста.
Ел үшін жанын қиды бабаларым,
Талай жанды жұлып кетті ой қасқа.

Жас қыздар, келіншектер ата - әжелер,
Ауылда қалды осындай қарт көкелер.
Соғысқа аттанған жас жігіттерге,
Е, құдайым өзің қорған ете гөр,
Күнін әрең көріп жүр қарт аталар,
Патшаға деген күйікті айтуға қалай баталар.

Бір нанды бөліп жеген қара халық,
Үнсізден-үнсіз қалай енді жаталар.
Зар жылап қала берді балалары,
Күйініштен жанып барады шыбын жаны,
Екі көзге бұршақтап жас келеді,
Соны көріп үнсіз тұр аналары.

Келемін деп сөз берді жұбайына,
Жұбайы отыр жалынып құдайына.
Зұлым соғыс кімді аман сақтап қалсын,
Бір - екі хат келіп тұрады ай - айына.
Жыл өтті әлгі хат келмегелі,
Жыл өтті жұбайын көрмегелі.
Қайтыс болғанына күйеуінің сене алмай,
Бір бұрышта жылаумен тербеледі.

Соғыс бітті, мінеки, әр жүректе қуаныш,
Қауышуда бір - бірімен, әр адамда қуаныш.
Сол соғыстан оралмаған аталарым дегенмен,
Күтіп отырған отбасына болмақ емес жұбаныш.

Басқанда қараңғылық дүниені,
Күннің де тимеуші еді жылы лебі.
Түңіліп туғанына зар заманда,
Талайдың тартқаны шер, күйік еді.

Патшаның салғаны елге бүлік еді,
Ауыздан су - асыңды жырып еді.
Ішерге асын таппай отырғанда,
Өзіңе өз тірлігің күдік еді.

Өзге ұлттар бір бауырдай жұмылғалы,
Бір сенімге ие болған шыбын жаны.
Елімізді сақтап қалған аталарға,
Тілерім жайлы болсын әр таңдары.

Атқанда рауандай боп әр таңымыз,
Жайнады шешек атып гүл бағымыз.
Соғыс көрмей өмірде кемдік көрмей,
Тілерім сол, өсе берсін ұрпағымыз.

Елімізді бір алла өзі оңдасын,
Елімізді бір алла өзі қорғасын!
Менің де тілегім бар Алладан,
Ендігі соғыс мүлде болмасын!

Толық нұсқасын жүктеу
2 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші
Жұмақ жолы ата - ананың қасында, Қаяу түспей, бала көңіл жандарға. Аялайық, әлпештейік құрметтеп, Тірісінде бағалайық бағамдап.
Ұлы Жеңіс мерекесі
Ұлы Жеңіс мерекесі
Сол бір күн жадыраған жаз болатын, Адамдар жанарынан нұр таматын. Кенеттен соғыс ашып фашистер, Бұзды ғой бейбіт күннің салтанатын.
Бұл - кешегі жауынгердің ұрпағы
Бұл - кешегі жауынгердің ұрпағы
Бейбіт күнде қымбат боп әр Жеңіс күн, Ортасында жүрді олар көп істің. Қарт әкелер - майдангерлер тұлғалы Солдаттары еді зұлмат соғыстың.
Жарқырап күн көгімде, Жеңістің туы, желбіре
Жарқырап күн көгімде, Жеңістің туы, желбіре
Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Отан үшін жанын салған аға - апаларымыздың ешқашан ұмытылмас ерен еңбектерін үлгі ету
Эссе: Отбасылық альбомның кейіпкері
Эссе: Отбасылық альбомның кейіпкері
Жамбыл облысы, Шу қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің 10 - сынып оқушысы Әли Жанар Бейбітқалиқызы
Жаса, Жеңіс мәңгілік!
Жаса, Жеңіс мәңгілік!
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×