Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химиялық элементтерге байланысты мақал - мәтелдер

29 наурыз 2015, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Оқушы химиялық элементтер туралы қызықты мақал - мәтелдерді өз бетімен ізденіп жинақтаған

Химиялық элементтерге байланысты мақал - мәтелдер
1. Ескі мата бөз болмас,
Екі темір біз болмас.
2. Арпа бидай ас екен,
Алтын – күміс тас екен.
3. Пәлен жерде алтын бар
Барсаң мыста жоқ.
4. Ақыл арымас,
Алтын шірімес.
5. Батыр майданда шынығады,
Болат қайнаудан шынығады.
6. Жалтырағанның біәрі – алтын емес.
7. Ас сөз алтын, көп сөз көз көмір.
8. Ел іші алтын бесік.
9. Темірді қызғанда соқ.
10. Алтын тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
11. Су ішкен құдығына түкірме.
12. Сабыр түбі сары - алтын.
13. Отын олжа,
Су қорлық.
14. Сырдың суы шырағымнан келмейді,
Сыраңа сырдың суы да жетпейді.

15. Елді қу бұзады,
Сүтті су бұзады.
16. Балық жаны – суда.
17. Саяз су сарқырап ағады.
18. Су сүреңін табады.
19. Алмас қылыш шыға ма?
Негізі жасық темірден
Қанша жуса кете ме
Қап – қара түс көмірден?
20. Тегі жаман теміртек,
Қанша егесеңде өтпейді.
21. Тансық нәрсе - күміс те, алтын да,
Ең қымбат – ау ұстамдылық қалпында.
22. Көмірші - темірге үйір.
23. Алтынды еріте білмеген - ірітер,
Теріні илей білмеген - шірітер.
24. Елдің көркін қыз келтірер,
Астың дәмін тұз келтірер.
25. Көптің ауызы – темір талқы.
26. Алмас пышақ қап түбінде жатпас.
27. Болат бүгілмес – морт сынар.
28. Темірдің бір басы - ыстық,
Бір басы - суық.

29. Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Алға кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай.
30. Оқ жетпес жерге,
Қылыш сілтіме.
31. Алтын көрсе - періште жолдан таят.
32. Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.
33. Сай қулап су ағар,
Жел қулап от жанар.
34. Темір сырын оттан танытыды,
Адам сырын жоқта танытады.
35. Темір байлық - тозбас байлық.
36. Жақсы жастан шығады.
Темір тастан шығады.
37. Темір кессең қысқа кес,
Соға - соға ұзарар.
38. Қайрақ - қара темірді де жейді.
39. Жақсы жер,
Жайлы қоныс
Алтын тақ.
40. Шебердің инесіде - алтын.

41. Өнерлінің қолы – алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
42. Алтын ерің атқа тисе,
Алтын ал да отқа жақ.
43. Мылтығының күмісін айтпа - түсін айт.
44. Көк темір көре өлтірмес.
45. Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұстаз суын тапайды.
46. Пышығыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
47. Алтынды ала білген,
Бөле де біледі
48. Қолда бар да алтынның – қадірі жоқ.
49. Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің дәмін келтіреді.
50. Доссыз адам,
Тұссыз тағам.
51. Қойдың сүті – қорғасын.
43 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1001 мақал, 101 жұмбақ
1001 мақал, 101 жұмбақ
Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Металдар тарауын қайталау 9 сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің химия пәні мұғалімі Жалелова Динара
Химиялық сөз мерген
Химиялық сөз мерген
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақша
№33 «Нұрсәт» МДБО тәрбиешісі Ердаулетова А. Е.
«Металдар» тақырыбын оқыту
«Металдар» тақырыбын оқыту
№ 2 Арал кәсіптік лицейінің химия-биология пәні оқытушысы Айназарова Ақмоншақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×