Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ер есімі-ел есінде"

23 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
«Өзі үшін, біздер үшін құрбан болғандар
жөнінде мәліметтер жинай беріңіздер.
.. Естеріңізде болсын: аты - жөні белгісіз
батырлар болған жоқ, әрқайсысының
өз есімі, өз келбеті, өз арманы мен
үміті бар адамдар болды.»
Юлиус Фучик


Мақсаты: Өлкеміздің мақтанышы, Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында жеңіс сағатын жақындату жолында айтарлықтай үлес қосқан Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановтың өмір мұрасын, оның өшпес ерлігін, адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін тереңірек зерттеу, батыр есімін ұрпақ жадында мәңгі өшпестей етіп есте қалдыру.
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Осы сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің өшпес ерлігі, батырлығы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Ата - бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алып, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, әрқашанда жүрек түпкірінде ұстайды. Ұлы жеңіске біздің жерлестеріміз де үлкен үлес қосты. Өз өлкемізден шыққан мақтанышымыздың бірі Зейнолла Қабдолов: «Мұнайлы өлкенің құдай маңдайына берген мақтанышы бар. Ол – осы өңірдің қаһарман ұлы Мұса батыр» деп айтқандай, Ұлы Отан соғысына үлкен үлес қосқан мұнайлы аймақтың ұл - қыздарының бірі - жерлесіміз Мұса Баймұханов. Жерлес батыр атамыздың дүниеден озғанына биыл 70 жыл болды. Жауға қарсы шыққан батырға жеңісті көру бұйырмаған. Мұса Баймұханов 9 мамыр Жеңіс күніне жете алмай, елі үшін, халқы үшін жан аямай, жауға қарсы ұрыста қаза болған.
Мұса Баймұханов 1910 жылы Қызылқоға ауданының Саркөл ауылындағы кедей шаруа Төретаев Баймұханның семьясында дүниеге келген. Мұса өзінің еңбек жолын 15 жасында Доссор мұнай кәсіпшілігінде үйренуші болып бастады. Доссор аудандық Комитетінің жолдамасымен 1928 жылы Алматыдағы жұмысшылар факультетін ойдағыдай бітіріп, 1932 - 1938 жылдар аралығында мұнайшылар кәсіподағының Доссор аудандық комитетінде жұмыс жасайды. Кейін Мұса үш айдай Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істейді. Гитлершіл фашизм опасыздықпен шабуыл жасаған сын сағатты өз еркімен 1941 жылдың шілде айында елін қорғауға атанды.
Мұса Ленинградты қорғауға қатысып, үлкен ерлік көрсетті. Ол Прибалтика мен Беларусия майдандарында болғанда табандылық пен тапқырлықтың ерлік үлгісін көрсетіп, сонымен бірге поляк қалаларын, селоларын басқыншылардан азат етуде де алғы сапта болды. Соғыс кезінде Мұса командирлік курстан өтіп, кіші лейтенант атағын алды. Мұса жаумен шайқаста әлденеше рет жараланды. Бірақ мұның бәрін де семьясына хабарлаған емес. Польша жерін фашист басқыншыларынан азат етудегі қанды шайқаста Мұса ерекше ерлік көрсетті.
Ол басқарған взвод германияның Одер өзені үшін болған шайқаста немістің 25 солдаты мен 2 офицерін жойып жіберді. Мұсаның өзі 9 немісті жайратады. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 16 сәуіріндегі Жарлығы бойынша Одер үшін болған соғыстардағы қаһармандық істері үшін жоғары бағаланып, Кеңестер Одағының батыры атағы берілген. Ленин орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Мұса Баймұхановтың есімі Атырау қаласындағы және Мақат кентіндегі көшелердің біріне, Мақат кентіндегі орта мектепке берілген.
Мұса елдегі хабарларды радио, газет, хат арқылы біліп, тылдағы еңбек майданындағы жерлестерінің табыстарына олармен бірге қуанды, ел - жұртының Кеңес жауынгерлеріне деген қамқорлығына дән риза болды.
Жауынгер хаттарының арасында өзінің тебіренген көңіл - күйін білдіріп, сүйікті екі қызына арнаған өлең жолдары кездеседі:
«Қарағым Айман - Шолпан екі балам,
Сағынған және болар ата - анам.
Ішінде бір жетінің екі рет,
«Сағындық папа» деген хатыңды алам». Бұл шумақтан әкенің балаларына деген терең әкелік махаббатын, тамаша азаматтық қасиеттерін байқаймыз.
Батыр есімін жаттап өскен кейінгі ұрпақ үшін 10 сәуірді - елінің нағыз патриот ұлының есіміне батыр атағы берілген күн ретінде есте сақтаса, 18 наурызды батырдың бұл фәни дүниемен қоштасқан күні ретінде жадында сақтайды. Осындай Отаны үшін жандарын қиған аталарымызды әрқашан да мақтан етеміз. олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері бізге мақтан тұтарлық үлгі. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ өз батырларының жеңіске жету ісіне қосқан үлестерін ешқашан ұмытпайды. Батыр ардагерлерін ардақтап, құрметтейді.
Мұса Баймұханов - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. «Соғыс зор апат. Сондықтан дүниежүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді...»- деп Кеңес Одағының Батыры Қасым Қайсенов атамыз айтқандай, Ұлы Жеңісті тойлатқан ата - бабаларымыздың алдында әрқашан қарыздармыз, олардың ерен ерліктерін ешқашан ұмытпай, туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесін үлгі құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.
5 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн.
Ерлік даңқы мәңгілік
Ерлік даңқы мәңгілік
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
ШҚО, Семей қаласы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылы, "Ж. Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ тәрбиешіcі Оразаева Гүлнұр Тұрсынқызы
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық - технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
ОҚО, Түркістан қаласы, С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп - лицейінің Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Даханова - Сабыркулова Кулзия Абдирасиловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×