Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрметті жас дос!

05 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің
7 сынып оқушысы Айтуар Мақсат

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Құрметті жас дос!
Талай ғасыр аңсап, «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткеріп, «ат басына күн туған, ауыздықпен су ішкен»кешегі қиын замандарда күреспен өткерген біздің аруақты, ер ата - бабаларымыз алып берген тәуелсіздігімізді, салып берген сара жолымызды сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету - біздің қасиетті борышымыз! Біз қазір тәуелсіз қазақ елінің үміт күтер азаматымыз! Елдің гүлденіп, бәсекеге қабілетті дамыған ел болуы үшін қашанда өз еңбегімізбен, өз білімімізбен озық тұруымыз керек! Жамандықтан аулақ болып, салауатты тұлға болу - біздің міндетіміз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы белең алып бар жатқан жаман, адамның өмірі мен санасын улайтын жат қылықтардан бойымызды әркез аулақ ұстап, білімімізді үнемі кеңейтіп отыруымыз қажет.

Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы адам болса, сол адамның басты байлығы - денсаулығы. Кешегі күні Хакім Абай атамыз: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады»,- десе, бүгінгі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс?– деп, денсаулықты күтуге, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Дана халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық»,- дейді. Шынында да, деннің сау болғанына ештеңе жетпейді. Бар байлық денсаулықтың қасында құнсыз. Ендеше, ұлттың тамырына балта шабатын, қоғамның санасын улайтын, мәдени және адамгершілік құндылықтарын төмендететін, жас өміріңді улайтын, зардабы жоюға келмейтін, соңы өлімге апаратын есірткіден аулақ бол! Білімсіздік пен қызығушылық, әуестенушілік соңы өкінішке апарады.

Нашақорлық - әлемдік дерт. Бұқаралық ақпарат құралдарында да түрлі тың ақпаратпен, заң салаларының өкілдері де заңдық тұрғыдан аяусыз күрес жүргізуде. Қазіргі таңда қоғам болып күрес жүргізіп жатқанда достарымызды, айналадағы адамдарды ғасыр дертінен арашалау - азаматтық парызымыз. Қызғалдақтай жайнаған өміріңді бір күнде жою - ең үлкен қасірет. Орны толмас өкініш әкелетін есірткіден бойыңды да, санаңды да аулақ ұста.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен дос бол! Білім жолын қуып, бос уақытыңды тиімді пайдалан! Жат қылықтарға әуес адамдарды әркез жақсы жолға түсуіне үлес қос! Жүрегіңді иманға толтырып, жаңа күннен жақсылық күт! Алаштың аманатын арқалаған жас дос, сен бүгін менің сөзіме өз үніңді қос!
3 522
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жастарға Үндеу
Жастарға Үндеу
Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Бұл өмірге бізді не үшін жаратты? Біздің мақсатымыз не?
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Есірткіге жол жоқ!
Есірткіге жол жоқ!
Махаббат пен достық сезім өміріме мән берер, Қуаныш пен жұбаныштар көңіліме сән берер.
Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Аздырған бұл нашақорлық сананы, Жек көрсетіп жақын - жолдас, ағаны. Өзің үшін, жоламағын, сыйласаң, Жарық өмір сыйға берген ананы.
Есірткі – әлем дерті
Есірткі – әлем дерті
Ш. Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Айтуар Мақсат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×