Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәулет ескерткіштері

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
3 сынып оқушысы Сағынтай Ботакөз
Жетекшісі: Шахыманова Айзат Ержанқызы

Тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Мақсаты:
Қазақстанның сәулет өнерінің ескерткіштерімен танысу. Суреттің орындалу техникасы, заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімін өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.
Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы:
Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды.
Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет өнері дейді.
Бүгінде Қазақстан жерінде Айша бибі, Жошы хан, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері сияқты ортағасырлық атақты сәулет өнерінің туындылары сақталған.

▪ Айша бибі кесенесі
Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

▪ Жошы хан кесенесі
Жошы Хан Күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т. б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек.

▪ Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Ахмет Йасауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуы мен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуептеу орнына айналды.

▪ Алаша хан күмбезі
Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өзенінің құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз - қыпшақ заманындағы (10 - 13 ғ. ғ.) сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер әлі де жаңа болжамдар (15 - 16 ғ. деушілер де бар) айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді.

Қортынды: Оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: оқушылар ақылдасып рельеф жасай бастағанда өзара түсінушілік пайда болды. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз - өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін - өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Слайдты жүктеу
19 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы Конспект Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды.
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері - кесенелер, қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру. Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен салыстыру.
Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы
Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
Сәулет ескерткіштері
Сәулет ескерткіштері
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Комсомол селосы, Т.Жүргенов атындағы орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі: Аязбаева Нүрия Қайырбек қызы Қазақстан тарихы 5 класс Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×