Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылар шығармашылығы

29 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мұқағали Мақатаевқа арнау
Мұқағали атамыз - қазақтың ақиық ақыны,
Адамдардың сырласы, ең жақыны.
Өлеңдерін дәріптейміз бүгін біз,
Толғанамыз, ойға аламыз жақсыны.

Бақыт, өмір жайлы ол,
Жазып кеткен терең ой.
Сыйлайды оны ұрпағы,
Орны оның бөлек қой.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне ол қайтарған.
Тауда өскен қызыл-жасыл гүлдерін,
Шерлене ол,толғана ол жырлаған.

Өмір жайлы
Өмір деген - Алланың бергені,
Өмір деген - адамдардың көргені.
Тағдырынан талай түйсік түйгені,
Ащыны да, тәттіні де татып барып білгені.

Өмір жайлы талай ақын жырлаған,
Айтар ойлар өлеңіне сыймаған.
Өйткені бұл ойлы-қырлы өмірде,
Алла бізге бар қызықты сыйлаған.

Ризамын мен, Аллаға мың да шүкір,
О, адамдар жамандық қылма бекер.
Шариғатқа сиынсаң,Құран білсең,
Алла саған бақытты сонда берер.

Наурыз
Араздасып қыс кетті,
Мәз боп міне көктем де жетті.
Қырдағы гүл бүр жарып,
Қиқулатып құс жетті.

Ойнап жүр бала-шаға,
Көк орай, шалғын дала.
Жер дүниені жаңғыртып,
Жылымыз келді-ау міне жаңа.

Түйелер жүр боздаған,
Биелер жүр құлындаған.
Жаз шықты деп жайраңдасып,
Қойлар да жүр қоздаған.

Алғашқы ұстаз
Мектепке алғаш келгенде,
Қарсы алған мәз боп қуанып.
Жүзінен күлкі көргенде,
Шамшырағы нұрланып.

Әріптерді үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Сандарды да жаттатып,
Жақсылыққа үйреткен.

Кім болды менің айтқаным,
Әрине,ол - ұстаз!
Түсініп, терең байқадым,
Ұстазға бұл өлең де аз.

Наурыз
Күн нұрын шашқанда,
Жер жайнар жасара.
Қар мен мұз ериді,
Қыс кетер жармаса.

Құз дала, терең сайда,
Ойнаған құлын-тай да.
Бүр жарған қызғалдағы,
Жайнаған мынау қыр да.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнады,
Бұтақта бұлбұл сайрады.
Тіріліп құрт-құмырсқа,
Дүние бір тынады.

Көктем
Көптен күткен көктем келді,
Қуантты ол көкпен жерді.
Ызғар кетіп жер көгерді,
Гүлдер өсіп, мал төлдеді.

Балалар да ойнап-күліп,
Жайраңдасар сауық құрып.
Көктемім де келді міне ,
Дегендей боп аласұрып.

Өтірік өлеңдер
Дүниеде ең мықты тышқан екен,
Он бес жігіт қосылып, зорға жыққан екен.
Содан тышқан болмай олардан кегін алған екен.

Қызық екен масалар көлде жүр,
Ал балықтар тыным таппай ұшып жүр.
Ғажап қой бұл дегенің,
Аспан жасыл, жер көгілдір.

Астанам!
Ғажайып қала Астана,
Сұлу байтақ бас қала.
Кереметке көз тастап,
Қарайды оған ата-ана.

Бар өз Туым, Елтаңбам,
Оған қоса Әнұран.
Еркіндікке қол жеткізген,
Тәуелсіз елім Қазақстан.

Ұстаз
Хат таниды өзіңізден шәкірттердің талайы,
Шәкірт үшін ағарды ғой самайы.
Ұстаздың білім берген шәкіртіне,
Сол бір кез ұмытылып қалмайды.
Ұстазды әрқашанда сыйлау парыз,
Ешқашан өтелмейді ұстазға деген парыз.
Ұстаздың шәкіртке берген білімін,
Қайда жүрсең де ақтау парыз.

Тәуелсіз Қазақстан
Бақытты ғұмыр кешем деп,
Шықты жастар алаңға.
Ұрпақ үшін күресем деп,
Қаза болды ұл-қыз да.

Рәміздері тұғырлы,
Мағынасы ұғымды.
Ата-заңы орнаған,
Елім менің бақытты.

Бақыт деген
Мұқағали атамыз да жырлаған,
Бақыт деген адам үшін бір арман.
Біздер үшін бақыт деген дәл қазір,
Қиындықта жәрдемдескен ата-анаң.

Ата-анаға бақытпыз ғой біз деген,
Арманына жету керек көздеген.
Ақыл, қайрат, сабырды ол қолданып,
Өмірде бір қол көтеріп көрмеген.

Жаз
Қырдың қызыл қызғалдағы,
Көз тоймайды қараса.
Жердің алуан гүлдері де,
Жайып қойған алаша,

Көктем
Бәйшешектер гүлдейді қырқаларда,
Су ағады бұлақтай жыраларда.
Қиқулатып ұшып жүр тырналар да,
Сайраңдасып ойнап жүр балалар да.
7 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше есіммен қалған - Мұқағали Мақатаев жас кезінен бастап талай қиындықтарды көрсе де, еш мойымай өлең жырға әуес болған.
Мен өмірді жырлау үшін келгемін... Мұқағали Мақатаевтың туғанына.... жыл толуына орай
Мен өмірді жырлау үшін келгемін... Мұқағали Мақатаевтың туғанына.... жыл толуына орай
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз - шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын.
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аққулар ұйықтағанда
Аққулар ұйықтағанда
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №2 Қосшы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ыбырайқызы Рыскүл
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×