Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарихқа толы Шыңғырлау

06 сәуір 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Шыңғырлау аудандық туризм және экология
орталығының қосымша білім беру педагогы
Курумбаев Мереке Жакслыкович

Өткенді білмей болашаққа қадам басудың өзі көзсіздік. Өткеніміз деген не? Ол тарих, аңыз, әңгіме. Қазір заманның дамыған уақыты, жаңа технология дәуірі. Өзімізге қажетті мәліметті ақпарат құралдардан аламыз. Барлығы дерлік дайын мәліметтер бар. Ал осы ғалымдар мен тарихшылардың назарынан тыс қалған тарихи мұралар мен жәдігерлер әлі де баршылық. Ол халық арасында тараған аңыздар, ал тарихта мәлімет жоқ. Аңыз ол көне көз қарияларда. Қариялардың аңызын тыңдайтын жас ұрпақ бар ма, майын тамыза айтып, өскелең ұрпақты үйіріп әкететін қариялар бар ма? Әрине бар, сол мәдени мұралар шыңғырлау өлкесінде көптеп кездеседі. Менің де айтайын дегенім осы тарихқа толы Шыңғырлау өлкесі Лұқпан Қылышев атындағы Шилі мектеп мұражайы және үлкендердің айтуы бойынша Торатбас пен Тасмоланың ортасында орналасқан «Атай сайы».

Тәуелсіздікпен бірге келген тарихқа, тарихи - мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім мен ақпарат жүйелері сияқты әлеуметтік салалардың бағыт - бағдарлары, қызметі мен мақсаты - орталық саясат кезеңдерінде жоғалтқан құндылықтарды қалпына келтіріп, ұлттық мәдени үстемдікке ие болуды қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда музейлер қызметінің көтерер салмағы зор. «Атай сайы» деп аталып кеткен бұл жер негізінен Жақып деген Хазірет кісінің моласы. Халық арасында бұл жер «Атай сайы»деп аталып кеткен. Мен бұл жерде «Атай сайының» қасиеті мен осы жерде орналасқан көне қорымдар жайында айтпақшымын. Бұл қорымдар Батыс Қазақстан энциклопедиясында да М. Н. Сдыковтың 2005 жылы шыққан Шыңғырлау ауданы атты кітаптарда кездеспейді. Мысалы, бір құлпы таста садақ жебесі және найза мен қайқы қылыш бейнеленген.

Демек кез келген адамға қойылмайтыны белгілі бұл батыр моласы, зерттеп тарихқа енгізуді қажет ететін тарихи мұра. Осы жерде көптеген көне қорымдар өте көп. Қазақ халқы жерлеуге үлкен мән берген, әр шаңырақ қайтқан адамды өз қауымына жерлейтін болса, бұл қорым батырдың өзімен отбасы жерленген болуы керек. Мен бұл жұмысты жазар бұрын ауылдың көптеген көнекөз қарияларымен сырласып, олардан бұрынғы батырлардың молалары жөнінде сұрастырдым, мәлімет жоқтың қасы, батырлардың молаларын тауып суретке түсірдік, ондағы кейбір арабша жазылған жазуларды жетекшім Жусупова Ақсауле Жақсылыққызы аударма жасады. Бұл көне жазулар жөнінде әліде толығырақ төменде айтып өтетін боламын. Бұл суреттердің авторының айтуы бойынша молалардың жанында атты адамның бойымен бірдей құлпы тас құлап жатыр екен. Болашақта бұл моланың да фотосын түсіріп, орны жайында толығырақ мәлімет жинастырамыз деп ойлаймыз.

Тасмола ауылының батысында орналасқан «Атай сайы» деп аталып кеткен, негізінен Жақып хазірет деген әулие кісі тұрған. Осы жерде Алау батыр және тағы да белгісіз батыр жерленген деген деректер бар. Жақып ата да осы жерде жерленген. Атай қайтыс болғаннан кейін осы жерге дертіне шипа іздеген пенде түнеуге келіп тұрған. Дертіне шипа тапқан пенде ризашылық білдіріп атын атамай Жақып қарттың жерленген жерін «Атай сайы»деп атап кеткен. Халық ауызында «Атай сайы» жайында көптеген аңыздар жетерлік, қасиетін әлі де жоғалтқан емес. Мен осы еңбегімде «Атай сайы» бойында кездесетін көне қорымдарға тоқталамын. Бұл қорымдар әліде зерттеуді қажет етеді. Мысалы:
№2 бейт
1 - Мара…,
2 - Мұрнаш,
3 - Жарак немесе Барак,
4 - Ғайних,
5 - ….. жан,
6 - Берман,
7 - баласы,
8 - тас қойған…, деп келеді.
Бұл жерде үшінші жолдағы Барак ол Шөмішті табынның ұраны деп береді БҚО энциклопедиясы, немесе басқада нұсқасы болуы мүмкін. Суреттің тек бір қырынан түсірілгеніне байланысты толық оқу мүмкін болмады. Егерде осындай жерлерге жақсы бір экспедиция жорыққа шықса, зерттесе бұл Атай сайының қойнауында көптеген тарихи мұралар бар.

Найза мен жебе қайқы қылыш, садақ жебесімен - бұл 1785 - 1790 жылдар шамасында әскери қолбасшыларға қойылған құлпытас белгісі. Атай сайының маңындағы ауылдағы қариялардың айтуы бойынша бұл Алау батырдың бейіті деген деректер бар. Алау батыр жайында Шыңғырлау ауданында тұратын халық ауыз әдебиетін, көне тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған емші Илембаева Нұржамал Исақызының айтуынша Алау батыр орта бойлы, дөңгелек жүзді толықша келген, мұртты, шашын үнемі тақыр ұстаған кісі болған. Алты алашқа аты мәшһұр болған батыр екі әйелі, екі ауылды жайлаған. Қастық ойлаған дұшпандарының қолынан қаза табады. Сатқындық жасаған 16 - 17 жастағы жас тоқалы екен. Дұшпандарының азғыруынан жас тоқал Алау батырдың отауына қашан, қай уақытта келетінін айтып қояды. Жолда тосқауыл құрған дұшпандары батырдың кеудесіне найза тығып өлтіреді. Бұл негізінен аңыз. Ал аңыз түбі ақиқат, шын мәнінде бұл осылай ма жоқ па ол жағы әліде көптеген зерттеуді қажет етеді.

Қорыта келе менің айтарым менің бұл жұмысымдағы кездескен көне қорымдар әліде көптеген зерттеулерді қажет ететін жұмыс. Егерде мүмкіндік болса экспедиция ұйымдастырып зерттеуге шықсақ қойнауы құпияға толы бұл «Атай сайының» шертер сыры өте көп. Мен Тасмола мен Торатбас тауы арасындағы бір ғана киелі жер «Атай сайын» алып отырмын. Бұл жерге ауруына ем іздеген мұқтаж жандар да келіп түнеген. ХХ ғасырдың басында осы жерге Бораш деген қарт Атайдың басына түнетуге апарып жүрген. Көне көз қариялардың айтуы бойынша Атайдың басына түнетуге тек Бораш қарт қана апара алатын болған. Оның себебі бізге құпия болып отыр. Зерттеулерде кездескен көне құлпы тастар негізінен Шыңғырлау жерінде ғана көп кездеседі.
Зерттеген, тізімге алған ғалымдардың назарынан тыс қалған көптеген жерлер бар. Атап айтсам 150 жылдан астам тарихы бар құдықтар. Тасмола жерінде кездесетін бұл құдықтар үшеу, Сыламбек немесе Стамбек деген байдың құдығы деген дерек бар.
Кезінде байлардың мыңғырған малын суарған бұл құдық бүгінде қараусыз, пайдаланусыз қалып борсуда. Экологиялық ахуалы төмендеуде.

Торатбас тауы
Торатбас тауы - Батыс Қазақстан Облысының Шыңғырлау ауданының Ақтау селолық округіне карасты Марксизм елді мекенінің солтүстігіне қарай 3 километр жерде орналасқан геологиялық ескерткіш. Торатбас тауы шығысында Жыланды тауымен, ал оңтүстігінде Қылыштау тауларымен катарласа созылып жатыр. Торатбас тауы Мезозой дәуірінің Бор кезеңінен қалған ескерткіш. Мезозой дәуінінің Хвалин теңізінің шөгінді жыныстары. Хвалин теңізінің қазіргі қалдығы Каспий теңізі Торатбас тауы етегінде ақжусан, қойбүлдірген, сүттегін, селеу, қызылмия, жидек көптеп кездеседі. Торатбас тауы теңіз деңгейінен 212 метр биіктікте орналасқан, ауданы - 1, 6 гектар. Тау етегінде тұщы сулы бұлақ көздері көптеп кездеседі. Өсімдік түрлері де мол. Әсіресе емдік қасиеті бар өсімдіктер көптеп кездеседі. Геологиялық ескерткіштердің сипаттамасына келер болсақ тарихи минеро - геологиялық түр 1960 жылы тау статусы берілді. Мезозой дәуірінің тау жыныстарының жер бетіне және полентологиялық қазбаларды айтар болсақ шайтан тырнақтардың жер бетіне шығып жатуы. Ескерткіштің зерттеуіне келер болсақ, бұл ескерткіш бірнеше ұрпақ жергілікті оқушылардың, студенттердің, туристердің зерттеуімен толықтырылған. Бұл деректердің барлығы Батыс Қазақстан энциклопедиясында көрсетілген. Ескерткіштердің қазіргі жағдайына келетін болсақ, қышқыл жаңбырмен дауылдардың әсерінен үгіліп, отырып бара жатқан жағдайы бар. Ауыл қарияларының айтуы бойынша, кезінде бұл таудың басында ат құлағындай екі құлағы болған деседі. Совет үкіметі құрылып, тың игеру заманында көшпелі заманнан отырықшылық кезеңге ауысқанда таудың екі құлағын баз, қоралар салуға шешендер пайдаланған деседі. Қазіргі заманда бұл таудың тек ат мойнындай мойны қалған. Етегі малға толы, шөбі шүйгін Торатбас тау баурайы малға толы. Ерекше геологиялық ескерткіш ретінде қорғауға алынғанын қалаймыз. Жергілікті жерді гео - туризмге қолдану келе жатыр, жақында аудандық туризм орталығы үлкен жорық жасап тың мәліметтер берген болатын. Торатбас тауына облыстық статус беріліп, облыстық деңгейде үлкен жорықтар жасалып, гео - туризмге қолданылса деп ойлаймыз.

Торыатбас тау маңында кездесетін көне заман мазарлары

Құттығай Сатыпалдыұлы (1702 жыл - 1773 жыл) - батыр, қолбасшы.
Өмірбаяны
XVIII ғасырдың I жартысында қазіргі Шыңғырлау ауданының аумағында өмір сүрген. Тегі беріш руының Жайық атасынан. 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарға Тайлақ батыр басқарған Кіші жүз әскерінің сапында қатысқан, кейін Құттығай батыр елге оралысымен Шұбар, Саржала батырлармен бірге құба қалмақтардан Тайсойған, Нарын өңірлерін азат етеді. Жаудан босаған Ойыл өзенінің орта сағасына ағасы Айбастың ауылын Тұзтөбеден әкеліп қоныстандырады. 1738 жылы 11 айға созылған 20 мың үйлі қалмақты қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына қарай тықсыра қуған жорыққа мыңбасы ретінде қатысады. Оның 9 ұлы болған, бәйбішесінен тарайтын Қазанқап, Көрпе, Көбек, Елші, Кешу атты балалары шамамен 1724 - 31 жылдардағы жорық кезінде дүниеге келген. Ал, екінші әйелінен - Қасболат, Байболат, жорыққта олжалаған қалмақ қызы Марқадан Тасболат, Құлшан туған.
Ұрпақтары
Құттығайдан тараған ұрпақтар қазіргі кезде Атырау облысының Исатай ауданында тұрады. Құттығайдың Сәт деген немересі кезінде сынықшы, көріпкел атанған, Басықара атты немересі Исатай бастаған көтеріліске қатысқан.

Шыңғырлау аудандық туризм және экология
орталығының қосымша білім беру педагогы
Курумбаев Мереке Жакслыкович
5 096
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұражай - жәдігерлер мекені
Мұражай - жәдігерлер мекені
Біз, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 5»е» сыныбының білім алушылары ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасадық.
Сандық және әріпті өрнектер
Сандық және әріпті өрнектер
Өрнектердің түрлері жайындағы түсініктерді тиянақтай түсу; өрнектер құру, оқу, жазу және мәнін табу сияқты іс - әрекеттер орындату; көпбұрыштың элементтерін анықтауға жаттықтыру; есеп құрастыруды және шығаруды пысықтау
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Асанқайғының Жерұйықты іздегені
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету.
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Өткеннің қазынасы - болашаққа
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 1 орта мектебі ММ Мұражай жетекшісі: Кенесова Гулмира Кистаубаевна
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×