Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Барак Хусейнұлы Обама

31 шілде 2016, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссені жазған: 9 сынып оқушысы Қабылашимова А.

Эссе Барак Обама
Барак Хусейн Обама... Бұл есімді естігенде көз алдымызға жаханданудың көшбасшысына айналған, әлемдік аренадағы үлес салмағы басым Америка Құрама Штаттары елестейді.
Ол - Барак Хусейн Обама - үлкені мен Энн Данхэмның ұрпағы.
Ең қызығы, Обаманың әкесі қара нәсілді, анасы аққұба америкалық болған екен. Және елу үш жасқа келген Обама Американың президенті болған тұңғыш афро - америка нәсілді адам (мулат) екендігі жайлы дерек бар.

Ол Ирактағы соғысты қатаң сынға алып ел назарын аударған. Бұл оның рейтингісінің көтерілуіне себепші болды. Ақыры Америка тарихындағы Конгрестің 5 - ші қара нәсілді сенаторы атанып үлгерді. 2008 жылы қарашаның 4 - інде өткен президенттік сайлауында жеңіп, президент болып сайланды. 2009 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алды. «Патша – Құдайдың жердегі көлеңкесі» демей ме, оның биік жетістікке жеткені рас, күллі әлемге даңқы шықты.
Алайда Обаманы үлкен дағдарыс күткен еді. Дәл сол тұста Американың мемлекеттік қарызы
еселеніп, кедей - кепшіктердің саны халықтың 15 %- ын құраған.

Бұдан бөлек, Обаманың халық алдында өзін еркін ұстайтын, өз пікірін ашық айтатын қасиеті бар.
Ол Джордж Бушты сынай отырып, Ирактағы америкалық жауынгерлердің өмірі зая кетті деп ашық мәлімдеген. Және осы сөзі үшін талай рет кешірім де сұраған. «Ресей АҚШ - тың жауы да, жақын одақтасы да емес» деп өз ойын ортаға салғаны бар.
Сонымен қатар, Обаманың қос кітаптың авторы екені белгілі. Ол 1995 жылы «Армандар менің әкемнен» атты мемуарлық кітабын жарыққа шығарды. Және екінші «Үміттің адуындығы» атты кітабын 2006 жылы жариялады.

Отбасында жары Мишель мен екі қызы бар. Үлкен қызы - Малия Обама, кішісі - Саша Обама.
Кенжесі Саша Обама ХХІ ғасырда туған Ақ үйдің тұңғыш тұрғыны.
Обаманың қабілетімен елге танымал бола білген, білікті басшы болатынына сенейік.
1 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру. Оқушыларға құрлықтың зерттелуі, игерілуі туралы түсінік беру, білгізу. Картамен жұмыс жасай отырып іскерлік дағдысын дамыту. Елдер туралы айта отырып, оқушыларды мамандық
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары
Қазақстан бейбітшіліктің мекені
Қазақстан бейбітшіліктің мекені
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қазалы гуманитарлы - индустриялдық колледжінің мұғалімі Әшірбекова Ақтолқын
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Бейнеу гимназиясының география пәнінің мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×