Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйемін, туған тілді – анам тілін

20 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Шығарма
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»!
Сүйемін, туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ, берген білім.
Шыр етіп, жерге түскен минутымнан.
Құлағыма сіңірген, таныс үнім! (С. Торайғыров).
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда. Қазақ тілінің кешегісі - кемел, бүгіні – бүтін, болашағы – баянды. Қазақ тілі - ана құрсағында жатып естіген, ақ бесікпен бірге тербелген, ақ сүтпен сіңіп, қазақы қанмен бойыма тараған төл тілім. Қазақ тілі шұрайлы болмаса, елді аузына қаратқан, от ауызды, орақ тілді, сөзге шешен, майталмандар қазақта болмас та еді деп ойлаймын.
Ал, біз өмір сүріп отырған бүгінгі күн – көптілді болуды қажет етіп отыр. Ана тілімізді тұмардай сақтай отырып, өзге тілдерді де еркін меңгеру – біздің еншімізге тиді. Біз, болашақ жастар – заман ағымына бейімделіп, күн сайын емес, сағат сайын өзгеріп отырған әлемді бағындыруымыз керек. Ол үшін бізге өзге тілді үйрену аудай қажет. Ұлы ойшыл, ғұлама бабамыз Әл - Фарабидің ізін жалғап, өзге елдің тілін үйрену келешекте жарқын өмір сүруге үлкен мүмкіндік болады деп сенемін. Өйткені, қай елдің тілін білсек, сол елге жол ашық. Өзгенің тілін білсек, өнерін, мәдениетін, әдебиетін, ғылымын да меңгеруге болады. Қазақ елін қазақтың дарынды, талантты ұл - қыздары көркейтеді. Біз өзге ұлттармен терезесі тең болып, өмір сүреміз. Қазақтығымызды тілімізбен, салт - дәстүрлерімізбен, ән, күй, жырымызбен дәлелдеу үшін де тіл үйрену артық болмайды. «Тілін білмеген, түбін білмейді»- демекші, алдымен өз тілімізді қастерлеп, мерейін тасытып, кейін өзге тілде де еркін сөйлей алсақ деп армандаймын.
Жиырмасыншы ғасырда хакім Абай: -«Дүниенің кілті – орыста»,- деп, қазақты орыс тілін үйренуге шақырса, мен өз қатарымдағы балаларды ағылшын және қытай, жапон тілдерін үйренуге шақырамын. Себебі, бұл тілдер – жаңа технологияның кілті. Қазақ баласы өзге тілде сайрап тұрса, қазақ тіліне әлемнің қызығушылығы артады деп ойлаймын. Ақын Қадыр Мырза - Әлі ана тілінің қасиетін - ар, ұят ұғымымен теңестіруі тегіннен тегін емес.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ырғыз гимназиясының 5 сынып оқушысы
Әлихан Мира (10 жаста)
10 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты, Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тілім менің тірлігімнің айғағы
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты тіл апталығының ашылу салтанатты шарасының СЦЕНАРИЙІ
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Тілдің мерейі – елдің мерейі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×