Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған тілім – тірлігімнің айғағы

20 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Шығарма
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар. Сол сияқты мен де өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең - жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік, -
деп мен өз тілімді жырлағым келеді. Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны, жасырын емес. Қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тіліңде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К. Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік», – деген сөзі ойыңа оралады. «Көш жүре түзеледі» дегендей, бәрі де түзелер. Әйтсе де өз тілімізді ұмытпағанымыз дұрыс. Біздің тіліміз – асыл қазынамыз, өз ата-мекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық, құрбылар! Ата - анамыз бізге, болашағына, үлкен үмітпен қарайды.
«Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде», -
деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап, өркендете берейік, бауырлар!
Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі – қазақ тілі.

Павлодар қаласы,
Қалижан Бекқожин атындағы №12
жалпы орта білім беру мектебінің
7 сынып оқушысы Нажипова Айяулым
(11 - 13 жас аралығы)
17 044
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім
Ана тілім
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының 3 класс оқушысы Габдуллинна Динара
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×