Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (шығарма)

20 қыркүйек 2016, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Дүние есігін шыр етіп ашқаннан соң әлдилеп анамыз бізге бесік жырын айтып тербеткен тілді өмір бойы жүректің төрінде сақтап, көкейіңде қалдыру керек. Ана тіліміз құрып кетуге аз қалғанда оны бабаларымыз біз үшін сақтап қалды, бізге аманат қылып тастады. Енді бұл, дүние байлығы да айырбастай алмайтын қастерлі тіліміздің болашағы мына біздің қолымызда. Оны әрі қарай сақтау өскелең ұрпақтың қолында. Ертеден бері қазағымыздың ғұлама - ақындары өзге тілде сайрап тұрса да, өз тілін ешқашан естен шығармаған. Қазақ тілінде өлеңдер мен шығармалар жазып, тарихы тереңде жатқан тілімізді одан әрі байыта түсті. Сол сынды бізде шет тілдерді жетік меңге тұра, өзіміздің ана тілімізді ұмыт қалдырмайық. Іске шебер сөзге шешен болайық.

Қазір де неше түрлі ой салатын оқиғалар көп болып жатыр. Соның бірі, қазақтың қарапайым баласы орыс тілінде сайрап сөйлеп тұрғанда, қазақша айтшы десең екі сөздің басын қоса алмай шұбыртып отырғанын байқайсың көңілге қаяу түседі. Қалайша өз тіліңді білмеуге болады? деген сұрақ ойда қалып қалады. Осы өскелең ұрпақтың ана тілін ұмытып немесе мүлдем білмеуіне кім кінәлі? Бұл сұрақтың жауабын кім біледі? Әр адамның өз ойы бар. Бірі заман ағымын, бірі әлеуметтік желілер мен теледидарды кінәлайды. Менде өз ойымды айтқым келіп тұр: «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген екен шешен бабаларымыз. Дәл осы жағдайда біз ана тілімізді алтынға теңесек болады. Сол үшін шығар қолымызда тұрған байлықты бағалай алмай жүргеніміз. Тек есімізде сақтайық бұл әлемде кейбір елдер өз тілдерін ұмыт қылған, ал тіл ұмыт қалған жерде тарихы да ұмыт болады, ал ондай елдің болашағы жоқ. Демек, біз дәл осы тілдерін ұмытқан елдердей болмауымыз үшін, аманат болып атадан балаға қалған көркем әрі әдемі тілімізді одан әрі дамытып, келесі ұрпаққа қалдырайық. Аманатымызға қиянат жасамайық!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Урмат кызы Айгерим
5 914
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің — арың бұл! Тіл туралы шығарма
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! (педагогтармен жұмыс)
Қазақ тілі - саялаған нұр бағым, Қазақ тілім - анам тілі ардағым. Сен арқылы жетіп жатыр өмірге, Жан сырларым, тілегім, бар арманым,- дей отырып бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер. Біздің
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Сүйемін, туған тілді – анам тілін
Өткен ғасырда Сұлтанмахмұт ақынды бас идірген туған тілі – менің де ана тілім. Қазақ тілі өте бай, оралымды тіл. Өзге ұлт өкілдерінің ғалымдары тіліміздің тазалығына таң қалып, еріксіз мойындауда.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Білімділер» порталы оқушылар арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты шығарма сайысын ұйымдастырады.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу; оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×