Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақпын

09 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Мен қазақпын.
Мен қазақпын әуелден қарапайым
Қонақ келсе қарсы алып, құшақ жайдым.
Мен қазақпын деймін мен мақтанамын
Қонақтарға тосатын қою шайын.
Қонақ келсе әуелі қабақ керек
Қабақтан соң әрине тәтті ас керек.
Ата - бабам қашаннан бар дәмдісін
Қонақтарға әрдайым сақтап келед...
Мақтана алам «жомарт» деп ата - бабам
Қазақтарды қолдайды Қызыр бабам.
Көңілінде қазақтың шек жоқ деп
Мен әрине ойланбай айта алам.
Қадірлі ғой қазақта әрбір ана
Аналардан туған ғой небір дана.
Сәбит, Мағжан... ұлдары қазағымның
Ұмытылмас тұлғасы әрбір дара.
Қазақпын деп айтамын шаршамаймын
Ұлтың кім?- деп сұраса қайталаймын.
Атам қазақ, қазақ боп өтемін мен
Жасай берсін қазақтар әр жыл сайын.
Намысшыл боп келеді әрбір қазақ
Қазақпын деп мақтану қандай ғажап!
Ұлтын, салтын сыйлайтын ұрпағың бар
Жаңғыртайық дәстүрді ұмтыл қазақ!

Садуова Әдемі Сәлімқызы 1976 жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Мұқыр ауылында дүниеге келдім.
І санатты бастауыш сынып мұғалімімін. 20 жыл еңбек өтілім бар. Отбасым, бала - шағам бар.
Қазірде Айыртау ауданының Антоновка селосында жұмыс істеймін.
3 359
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасы
Мен - қазақпын поэмасының мазмұнын түсіну, поэманы бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Тәуелсіз еліме 25 жыл!
Ұлан - байтақ неткен жер! Дәнді - дақыл еккен жер. Жеттік міне арманға Қазақстан - Ерікті ел!
Ардақтайық қазақтың ата салтын!
Ардақтайық қазақтың ата салтын!
Қазақтың салт дәстүрлері, олардың түрлері, халық арасында кеңінен қолданылатын дәстүрлер, қолданылудан қалып бара жатқан дәстүрлер, ырымдар мен тыйымдар, діни мейрамдар туралы түсіндіру
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Көкпекті тауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бибаракова Маруаш Шарипхановна
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×