Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы дала (өлең)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Асқар шыңға қол созған азаппенен.
Алтын басты арландай ғажап, ерен.
Қашап салған шебердің мүсініндей.
Ұлт туылды ұлы боп Қазақ деген.

Сары арқа сал - сері сәні ме еді.
Мойынқұмды тербеген әні ме еді.
Талай талант тумастан кетер ме еді.
Ту тікпесе Керей мен Жәнібегі.

Расында бақтың салмағы салмағы бар.
Сондықтан ажалдың өз алмағы бар.
Тату елдің бұзылды тыныштығы.
Қылыш сайлап қияда қалмағы бар.

Тағдыр салса, қарамас тоңғаныңа.
Қаңбақ - ырыс, жолдас боп қонғанына.
Құйрығына жармасып, берекенің.
Кез боп шықты кесірмен жоңғарына.

Көңіл төгіп, күйменен күздің жасын.
Жырау жоқтап бастайтын сөздің басын.
Алты Алаштың ардағы Абылайлап.
Қосқан еді үш бөлек жүздің басын.

Ия, солай жалғады керуенін.
Жараға жыл, уақыт та беруде емін.
Қыз Жібекті Төлеген аңсап күнде.
Ғашық еркін салатын серуенін.

Айналдырып ол күнді елесіне
Ерік кетті өткеннің кемесіне.
Кісенге құрықталған құлын құсап.
Құл болып тағы қалды КЕҢЕСІНЕ.

Жиылып желтоқсанда жау етегі.
Жастан - жыр, қаннан қызыл бау етеді.
Сілкіп тастап тарихты желбіреген.
Көк туға осынау жұрт тәу етеді.

Қалайша санамайсың мұны ғажап!
Ұрпағым, тегім менің, ұлым азат!
Ғасырдың жұтылмаған тозағына.
Ұлы дала, Ұлы ел, Ұлы қазақ!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевчкенко қаласы, Баутин ауылы,
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Г. Байсеитова
7 567
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлт рухының, ұлы жолы
Ұлт рухының, ұлы жолы
Бүкіл қазақ батырларының басын біріктіріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен ұланғайыр жерін дұшпанның тырнағынан қорғап, ұрпақтарына тастап кеткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, тарихын келешек ұрпақтарымызға жеткізу біздің міндетіміз.
Санамақтар
Санамақтар
Бір балапан ұяда, Бір балапан қияда... Екеу болды есебі, Қалды ұяда нешеуі?
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
Атырау облысы,Исатай ауданы,Аққыстау селосы, "Қарлығаш"балабақшасының тәрбиешісі Магданова Гулмира Айдарбековна
Алаш барысы Тоғым хан
Алаш барысы Тоғым хан
Сәлімбаев Тілекқали Кеңесқалиұлы
Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан
Шарықтап шыңға ұмтылған – Қазақстан
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 170 орта мектеп оқушысы Ағарыс Балнұр Болатқызы Жетекшісі: Нұргүл Дәкібаева
Жиембет жырау
Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×