Білімділер поралы
загрузка...

Отан

Отан
Ол кішкентай еді. Бірақ ойлары тым терең болатын. Үнемі Отан туралы ойлайтын.
Бала Отан деген ұғымды көзіне елестеткісі келді. Ол Отанды жақсы көру керек екенін білетін.
Отан оған өзінің анасы болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірімді жанды жақсы көретін.
Отан оған өзінің әкесі болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірбан жанды жақсы көретін.
Отан оған өзінің туған жері болып елестеді. Ол оның төсінде талай рет асыр салып ойнаған. Сондықтан да ыстық көрінетін.
Отан оған өзінің қасиетті ұясы мектебі болып елестеді. Ол өзінің мектебін жақсы көретін.
Ол осының барлығын да жақсы көрді. Ендеше, Отанын да жақсы көруі керек.
Отан туралы оған ұстазы айтқан еді. Балаға бір уақыт Отан деген ұғым өзінің ұстазы секілді көрінді. Ол оны айрықша құрметтейтін, жақсы көретін.
Оған ұстазы Отан деген ұғыммен бірге ұлттық сезім, оның қадір - қасиеті туралы да айтқан еді. Ол баланың жан - дүниесінде Отан деген қасиетті ұғымға осы арқылы баспалдақ салғысы келген шығар, кім білсін. Балаға Отан деген ұғым енді өзінің ұлттық сезімі мен оның қадір - қасиеті, ар - намысы секілді көрінді.
Ол осының барлығын да жақсы көретін. Ендеше, Отанын да жақсы көреді.
Бала Отан деген ұғымды осылай түйсінді. Кішкентай болса да, өзін осы ұғымдарға қарыздармын деп есептеді.
"Отаныңа қызмет қыл" деді оған мектебі.
"Қызмет қыламын!" - деді бала.
"Отаныңа қызмет қылу үшін, білім алуың керек" деді оған ұстазы.
"Білім аламын!" - деді бала.
"Отаныңды қорғай да білуің керек" деді оған көрші үйдегі әскерден енді келген аға.
"Қорғаймын!" - деді бала.
"Отаныңа қызмет қылу үшін, оған адал болуың керек, - деп үйретті оған ата - анасы. - Отан әрдайым ұлдарынан адалдықты талап етеді".
"Отаныма адал боламын!" - деді бала.
Ол енді не үшін білім алуы керектігін, не үшін қызмет қылуы керектігін білді.
Бала өскісі келді. Оның армандары көп еді.
Ол түсінде Болашақты көріпті. Оған Болашақ армандарын орындауға көмектесті.
Ол оянған соң осыған сенді, осыған иланды. Оның осыған сенуге қақысы бар еді. Өйткені оның өзі кішкентай болса да, үлкен сезімдерге лайық Отаны бар ғой. Оған бұл туралы ұстазы айтып берген. Мүмкін ұстазына балаға бұл туралы айтып беруді Отанның өзі тапсырған шығар, кім білсін. Ал Ұстаз еш уақытта аманатқа қиянат жасамайтын жан ғой.

Кеудесінде қайрат - күші бұлқынып,
Болашақ деп шырқай түскен ұранын.
Өзі де сол болашаққа ұмтылып,
"Отан" десіп өсіп келеді ұланың.

Отан деген - асқақтатып көкке ұлын,
Келешек деп жетелейтін арман - ән.
Ол тәуелсіз желбіреген Көк Туың,
Отан деген - мынау байтақ кең Далаң!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • 8 наурызға қандай сыйлық жасайсыз?

    8 наурыз әйелдер мерекесінде гүл шоқтары әдемі сыйлық екені бәріне мәлім, алайда гүл шоқтарын ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады, өйткені әйел қауымы сізден әдемі гүлмен қоса ерекше сыйлық ...
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Жаңа жылдық сыйлықты алдын ала дайындап қойған дұрыс

    Ендеше, келе жатқан 2017 тауық жылында қандай сыйлық тарту еткен жөн, осы туралы айтамыз.
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 535
Қолданушылар: 8
Қонақтар: 527
Роботтар: 4
aselkanatova270789 Тазагүл Асылай 1 Хадиша Жусип mmmm74 Ақгүлжан altinaykabieva
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика