Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Президентім (шығармалар жинағы)

08 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ақмола облысы, Қосшы ауылы
№2 Қосшы орта мектебі
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Ыбырайқызы Р.

2 сынып
Балалар шығармалар жинағы
МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ
Н. Ә. Назарбаев

Балаларды Патриоттық тәрбиеге баулу, елін, жерін сүйер азаматтар қалыптастыру
Менің шығармашыл сыныбым!
Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы, бағдарлама оның орнын баса алмайды.»
К. Ушинский.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - демекші. Менің 2 «Д» сыныбымдағы оқушыларымды өте жақсы көремін. Мен бұл сыныпта даярлықтан бастап жетекшілік етіп келем. Бұл сынып өте тату. Мен өз мамандығымды мақтан етемін. Менің шәкірттерім мектеп қабырғасында тек бағдарлама бойынша ғана емес, жан – жақты дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Оқушылар кез – келген нәрсеге бейім келетін тұлға.

Менің елбасым
Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Өйткені 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР президенті болып сайланды. Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты.
Н. Ә. Назарбаев жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық оған «Елбасы» деген атақ берді.
Тұңғыш Президент күні – халықтың елбасына деген сый – құрметі мен сенімін білдіреді.
Қазақстан Республикасының өзіндік рәміздері бар. ҚР Президентінің омырауға тағатын белгісі, байрағы бар. Ол оларды өзімен бірге шет елге шыққанда алып жүреді.
ҚР Президентінің мемлекеттік наградалары бар: Алтын Қыран ордені, Халық қаһарманы атағы, Қазақстанның Еңбек Ері атағы бар. Мен өз елімнің Президентін мақтан етемін.
Қалманбет Ақерке

Менің президентім
Н. Ә Назарбаев ҚР алғашқы Президенті. Ол Алматыда оқыған. Ол сабақты беспен оқып, жақсы жұмыс істеп президент болған. Ол өте көп армандаған. Сол арманның бірі ел басқару болса, сол орындалды. Армандай да білу керек, оқу керек.
Нұрсұлтан Мейіржан

Мен мақтан етер елбасы
Н. Ә. Назарбаев біздің ең алғашқы президентіміз. Біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Н. Ә. Назарбаевтың отыратын жері – Ақорда. Елбасының арқасында көптеген зауыттар ашылды. Адамдар көптеген жетістікке жетті. Н. Ә. Назарбаев өзінің жұмысын адал атқарды. Біздің мұғаліміміз Н. Ә. Назарбаев жайында көп айтады. Н. Ә. Назарбаев жас кезінде шахтада жұмыс істеген. Елу дамыған елдің қатарына кіреміз. Біз көпұлтты елміз.
Мырзаахмет Қарақат Қобланқызы.

Менің Президентім
Менің елім – Қазақстан Республикасы. Биыл тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 – жыл толғалы отыр. Өз елімізде бақытты, тыныш өмір сүргенімізге өте қуаныштымын.
Н. Ә. Назарбаев елбасымыз Қазақстанда әлемге танытты. Елбасымыздың біздерге артқан сенімін келешекте ақтаймын деп білемін.
Садвакасова Аружан Амангелді қызы

Менің президентім.
Бірінші желтоқсан Тұңғыш президент күні. Біздің еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев. Ол Қазақстанды басқарады. Президенттің арқасында көп ұлт тату – тәтті өмір сүріп жүр. Елімізде балалар білім алу үшін барлық жағдай жасалған. сондықтан біз сабақты жақсы оқимыз. Болашағымыз біздің қолымызда.
Амирхан Альфараби

Менің мақтан етер жан.
Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев. Ол кісі өте білімді, ақылды адам. Ол елі үшін жан аямай еңбек етіп жүр. Ол кісінің мақсаты мәңгілік ел ету. Біз оған көмектесуіміз керек. Мен сол кісі секілді көп оқып, президент болғым келеді. Менің елбасымды әлем таниды. Мен өз еліміздің президентін мақтан етемін.
Қайрат Қарақат Есенгелдіқызы

Менің президентім
Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев сияқты талантты, ақылды халқын сүйетін азамат. Білмейтін адам баласы жоқ. Кішкентай баладан, үлкен аталарға дейін таниды. Нұрсұлтан Назарбаев 1 – желтоқсан күнін президент күні болуына рұқсат берді
Тұрсын Гүлім Манарбекқызы

Менің елбасым.
ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1 - желтоқсан президент күні. Ол өте ақылды, білімді, мейірімді жан. Мен Нұрсұлтан атама қатты ұқсағым келеді. Мен оны қатты жақсы көремін. Мен атама денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.
Баратова Айсұлу

Менің президентім
Бірінші желтоқсан тұңғыш президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР президенті. мен оны мақтан тұтамын, өйткені ол біздің елімізді көркейтетін бірден – бір адам. Барлық халық оны мақтан етіп жақсы көреді. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. президентім аман болып, ұзақ өмір сүруін тілектеспін.
Дана Адия

Менің президентім
Мен Қазақстанда тұрамын. Біз тәуелсіз елміз. Біздің өз президентіміз бар. Ол Н. Ә. Назарбаев. Біз ол кісінің арқасында көптеген жетістіктерге жетудеміз. Мен өскенде сол кісі секілді азаматша болғым келеді.
Болсынбек Жания

Менің президентім
Менің президентім Н. Ә. Назарбаев. Ол елді басқарады. Резиденциясында отырады. Ол неше түрлі елдерді жүреді. Елдің қамын ойлайды.
Ерғазы Ерасыл.

Менің тұңғыш президентім Н. Ә. Назарбаев. Елбасымыздың елімізге, қазақ халқына деген сүйіспеншілігі шексіз. Еліміздің дамуына, көркеюіне тигізген еңбегі өте зор. Елбасымыздың дұрыс саясатының, еңбекқорлығының арқасында бүкіл әлемге танылудамыз. Мен елбасымызды мақтан етеміз.
Абуталип Аяна Мақсатқызы

Біздің елбасы Н. Ә. Назарбайұлы. 20 жылдан астам уақыт елімізді басқаруда. Қазақстан үлкен жетістіктерге жетуде. Біз тұратын әсем қала – Астана. Астананы салуға елбасымыз себепкер болды. Мен әрқашан елбасымызды қолдаймын.
Назарбеков Әли

Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Біздің еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев. Нұр атамыз бізге көп жақсылық жасады. Мен бірінші сыныпқа барғанда «Білім күні» елбасымыз бізге «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын сыйлады. Президентіміз біздің жақсы оқығанымызды қалайды.
Мұрат Әмина Бауыржанқызы.

Мен кең байтақ қазақ елінде тұрамын. Ал Қазақстанның Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев. ол қазақ халқының атын әлемге танытқан алып тұлға. Президентіміз біз сияқты оқушыларға көп көңіл бөледі. Президентіміздің арқасында Қазақстандықтар бейбіт және тыныш, соғыссыз елде өмір сүріп жүрміз. Мен президентімді мақтан тұтамын.
Ерғалиқызы Айша

Менің президентім - дана адам. Сол кісіні бағалап, еңбектерінен үлгі аламын. Өскенде менде елге қамқор болғым келеді. Мен сияқты барлық балаларға мүмкіндік жасап отырған елбасымды «менің атам» деп мақтан етемін. Менің елбасымның аты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әлемге аты танылған, біздің тарихта қалатын тұлға деп білемін.
Кабдыкаримов Рахат

Менің президентім Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанның тұңғыш ел басы. Ол өте жақсы адам. Мен Назарбаева Университетінде оқығым келеді. Ел басымыз Астанада тұрады. Ел басыммен кездескім келеді. 2017 жылы ЭКСПО болады. Мен сол кезде Назарбаевпен деген үміттенемін.
Салыбай Думан

Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев. Ол 6 – шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. Жас Нұрсұлтан ерте есейді, ора мектепті бітіре салысымен Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанып, еңбек жолын сол жерден бастады. Ол өзінің басшылық қасиеттері арқылы қызметте тез өсіп, жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.
Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР президенті болып сайланды.
Бүгінгі күні еліміз 20 жылдың ішінде өркендеп, жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдердің қатарынан көрінді. осы 20 жылдық азаттық жолдың басында Нұрсұлтан атам тұрды.
Мен де Нұрсұлтан атамдай елімнің мақтанар азаматы болғым келеді.
Базарбай Ақмарал
9 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Мен мақтан етер елбасы
Мен мақтан етер елбасы
Болашақ ұландарды, жас қырандарды елін сүйер, кең байтақ жерін сүйер тұлға қалыптастыру. Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, жетістіктерінен азғана мәлімет беру.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын
Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш президенті екені туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балаларды отанын сүюге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сезімдерін ояту.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×