Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Егер мен есірткі жайлы айтар болсам...

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Өмір - адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі - оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі - адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық, есірткі және тағы басқа.

Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді.
«Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «есірткі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету - бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс. Денсаулық - бақытты болудың алғы шарты. Адамдар кездескен шақта әуелі бір - бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл - шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, белсенділік танытуына, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады. Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейкесті мәселе болып тұр.

Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

Сана – сезімі уланған адамның мінез - құлқы күрт өзгереді. Бұрын момын, тұйық, өтірік айтпайтын адам өзгеріп, өтірік айтады, төбелесуге дайын тұрады. Нашақордың белгісі - қажетті дозасын қабылдаған күні мұрнынан су аға бастайды. Есірткінің қазір көп тараған түрі - героин, ақ ұнтақ зат. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағзасы тез тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын - буыны сырқырайды. Сөйтіп бара - бара тек ауырмау үшін іздейді.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының
Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің
8 класс оқушысы Шәлтікова Аружан
Жетекшісі: Дегенбаева Жаңагүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірді қалаймын!
Мен өмірді қалаймын!
Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады.
Арақ, темекі – қасірет көзі
Арақ, темекі – қасірет көзі
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс
Нашақорлыққа жол бермейік!
Нашақорлыққа жол бермейік!
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп - лицей Бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Салауатты өмір-нұрлы болашақ
Салауатты өмір-нұрлы болашақ
Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы Қызылорда қаласы № 197 мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×