Білімділер поралы

Менің елім мәңгілік ел!

Менің елім мәңгілік ел!
Атамекен! Туған жер! Отан! Ел тағдыры - ер тағдыры демекші, елім деп еңіреген, кіндік қаны тамған туған жерін еріксіз жыр – жұмбақ қисса - дастанға қосып, қаншама жаугершілік заманның куәсы болған, ұлы қазақ хандығының 550 жылдығына орай, елім, ұлы Алаш теңдессіз дана - Қазағым туралы өзімнің қысқаша қылқалам туындыларымды ой елегімнен өткізбеске болмас деп бел будым. Сонау 550 жыл бұрын іргетасы қаланып, сұрапыл сан мыңдаған ғасырлардың басты кейіпкері - қайтпас қайсар қазақ хандығының аты мәңгі өшпес құнды дүние екені хақ. Ел басқарған би де, болыс та, таққа отырып, данышпан ақылгөйлігімен, тыс жаудан қорғай білген қайырымды хан да, даудың түйінін риясыз шеше білген ауыл ақсақалдары да дүйім қалың қазағымның маңдайына қонған алтынның сынығындай өлшеусіз бақ екені сөзсіз.
Қазақ деген ұлы алаш деп есте,
Сан ғасырлар куәсі боп елес те?
Мақтан тұтам қазақ боп туғанға,
Бар ғаламға атым мәлім емес пе?... демекші, мен де төрткүл дүниеге әлем назарын аудара білген, қызыға да, қызғанышпен де, көз тіккен ұлы қазақтың қаны кеудемде, жүрегім мың өліп, мың тірілген қазақ баласы болып туғаныма аллаға шексіз ризамын. Ел ел болып, мықты тұғыры беки бастаған кезде, Тәуке хан, Есім хан, Қасым хан, Жәңгір хан, Абылай хан, Әбілхайыр хандар әділдігімен таққа иелік етсе, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер халық түйінін дау дамайсыз шеше білді. Жоңғар шапқыншылығының хандық құрсауынан аман қалып, елдің сана - сезімін ұшқындата оятып, ағартушылықпен сара жолға бет бұрған, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сияқты тума - талант дарабоздары қазақ екені ұлы мәртебе емес пе?... Алты алаштың азулы зияткерлері - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев, Тұрар Рысқұлов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды атышулы арыстар қазақтың жақұт - гаухары екенін мақтан тұтамын.
Адамзаттың ұлы да даналары,
Болған еді 37 - нің құрбандары.
Халық жауы атанып атты бәрін,
Ел үмітін ақтаған жанаттары.
Тебірентіп, толғанып, мен жырлаймын,
Өтті ғой талайлардың тарландары.
Өзді - өзі балта шауып басына,
Құртып алды қазақтың алаштарын.
Бейімбет, Сәкен, Ілияс,
Мағжанда бар қиғаш қас.
Жер жүзіне паш етер,
Қазақ деген ұлы жас.
Аталардың рухына,
Тағзым еттім иіп бас.
Назым, Құртқа, Гүлбаршын атқа қонған,
Маңғыстаудың Ақбөбегі тарихта қалған.
Ұлжан, Зере, Домалақ, Айшабибі,
Динаның домбырасында күй боп тартқан.
Көркіне мінезі сай, осы бір көздің жауын алатындай қазақтың сұлу ару - аналарының аты алтын әріппен мәңгі өшпес болып қалды. Атам қазақ айтса сөз бермес, Бурабайдай Оқжетпес, шүйліккен қыран құстың қанатындай дес бермесі айдан анық. 70 жылдай орыстың құрсауында болып, егемендікке қол жеткізе алмай, бір ағымға тәуелділікке бас идік. Ұлы Отан соғысы жылдары да, Қазақстаннан аттанған небір саңлақтар кеудесін оққа тосып, Отан үшін, ел үшін еріксіз өлім құшты. Қазақтың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия да қазақ қыздарына үлгі боларлықтай ерен ерліктерін паш етті. Менің өз ойымнан жазып отырған, бұл туындым қазақ халқының иненің көзіндей бір бөлшегі екені құба – құп. Егер де Желтоқсан оқиғасы болмағанда ше?.... Ызғарлы сол бір желтоқсанның аш бөрідей азулы араны айбат шекпегенде, жабулы қазан жабулы күй кешпесі даусыз еді. Егеменді ел деп, соғады жүрегі дүрсілдеп, қазақ жастары келеді, алаңға үймелеп демекші, Желтоқсан жастарының қазақ халқына алып берген егемендігінің бастар бұлағының қайнар көзін ашып берді десек артық айтпаған болар едік. Осы бір тарихи шежіреден кейін, 1990 жылдар қазақ халқы үшін жаңа өмірдің құтты қадамы орнағандай іспеттес болды. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін иемденіп, жеке шаңырақ көтеріп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды асыл тұлғаны Қазақстанның Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Міне, осы егемендік алғаннан бері, Қазақстанның аты әлемге паш етті. Алтын қақпаның айқара ашылуы - бүкіл ғаламшардың назарына жол ашты. Киелі қазақ даласы құнды дүниенің, сарқылмас мол қазына байлықтың түп тамырына айналды. Қазақстан осыншама аз уақыттың ішінде әлем жұртшылығын өз өне бойындағы мінсіз қасиетімен баурап алды. Нұр - ағаның бастауымен іске асып, зор нәтижеге сарқылмас сарқыраманың суындай, міз бақпас жасыл нуындай, таусылмас кәусар бұлақтай бастау болатын игі істер тізбегі ұшан - теңіз. Елбасының елге сілтер ерен естілігінің оң орамы алып бәйтеректің жапырағының жайқалып өсуіне қазақ халқының үлесі ерен. Сондықтан да мен болашағы мол шексіз дария, келешегі кең, мөлдір бұлақтай, айнадай Алаштың азулы Қазақ азаматы болғаныма мақтан тұтамын! Ұлы елім - Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Менің елім – мәңгілік ел екеніме сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Біз қазақтың баласы, мақтан тұтар панасы, Нұр – ағаның бастауы, Нұрлы жолдың айнасы.
Рахмет!
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 359
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 357
Роботтар: 4
InkarBimaganbetiva aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика