Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – тіршілік көзі

07 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Су – тіршілік көзі
Бөлім: Қарапайым су туралы түсінік қалыптастыру.
Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін, анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға үйрету. Отан сүйгіштікке, қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

1. Су туралы мақал - мәтелдер айту.
1. Сусыз тіршілік жоқ.
2. Жер - қазына,
Су – алтын.
3. Бұлақ көрсең көзін аш.
4. Сулы жер – нұрлы жер.
5. Тамшыдан теңіз құралады.
6. Тіршілік көзі - су.

2. Су туралы жұмбақ жасыру.
1. Жылт - жылт еткен,
Жылғыдан өткен. (Су)
2. Еш тесікте тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (Су)
3. Өзі көк көлеңкесі жоқ. (Көл)
4. Көп бытыра қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын. (Жаңбыр)

Біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада 85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге, зауыт, фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті. Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз. Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар. Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек. Күл - қоқысты тастауға болмайды. Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

Қорытынды:
Сусыз - тіршілік жоқ.
Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды. Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2 - 3 литр су қажет. Мына өлең жолдарын барлығымыз хормен айтайық.
101 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық - су, қатты - мұз, газ - бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады.
Су тіршілік көзі
Су тіршілік көзі
Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау. Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Табиғаттағы су
Табиғаттағы су
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр орта мектебі» мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Көбелекова Меизхан Сихымбайқызы
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×