Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе. Ел ертеңі - есірткісіз болашақ

13 наурыз 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссе
Ел ертеңі - есірткісіз болашақ
Бүгінгі ХХІ ғасыр біздің ұрпаққа яғни болашақ жастарға бұйырған бақыт. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп ашық аспан аясында желбіреп тұр. Ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата - бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда ел үшін құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды.
Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын ағаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады. Атап айтар кетер болсақ, М. Жұмабаевтың өлеңіне тоқтала кетсем, яғни
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін – деп бүгінгі өскелең жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз.

Халық жастарға сенеді. Ал сол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Дегенмен бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі ел ертеңі болар жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Бүгінгі болашақ жастарымыз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Бір сәт ойланып көрейікші қазіргі жастарды не қызықтырады?

Елбасымыздың Халыққа жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыр делінген яғни ел ертеңі болар келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны келер ұрпаққа жеткізу осы болашақ жастардың қолында. Бірақ та осы жастарымыз дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жастарымыз саны күннен - күнге өсуде. Неге келешек жастарымыз денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі және кім кінәлі?

Әрине бұған әр адам өзі кінәлі. Себебі, біз келешегімізді ешқашан ойламай қаламыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін әсіресе жат нәрселерден аулақ болғанымыз жөн. Енді оларға не жататынына келер болсақ: темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Енді осы ішімдіктердің орнына қымыз бен қымыран ішу, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүру.

Ел боламын десең, бесігіңді түзе,- дегендей, еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің ертеңі болатын болашақ жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтау, болашақ жастардың қолында.
Еліміздің ертеңі болар жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Каримбаева А.
11 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жастар – болашақ кепілі
Жастар – болашақ кепілі
Қай кезде де «жастар – болашақтың қожасы» деп оларға үлкен сенім артылып, үміт күтіледі. Бірақ биылғы 2019 жылды Елбасымыз Жастар жылы деп ерекше атауы тегіннен тегін емес. Жастарда бұрқыраған қуат бар.
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Саналы ұрпақ ұлт болашағы (эссе)
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.
Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық - демократтық сарын
Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық - демократтық сарын
Мағжан Жұмабаев. Ақын жырлаған сүйіспеншілік, туған жер, азаттық, оқу - білім тақырыптарындағы өлеңдерінің қайсысын алсаң да, терең ой мен тылсым сезімге толы.
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы (эссе)
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер.
Егемендік ел - мұраты
Егемендік ел - мұраты
Ақтөбе қаласы, №30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы Тәрбиеші Досанова А. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×