Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есірткісіз өмірді қалаймын

22 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Есірткісіз өмірді қалаймын
Міне, Қазақстан ХХІ ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине еліміздің арайлы таңының ертеңгі күні, болашағы біздер жастар.
Әр адамның келешегі және өмірі өзінің мойнында. Өмір – бұлақ.... біз бәріміз сол бұлақты екі алақанымызда сақтап жүру керекпіз. Егерде жаман жолға түссек, өміріміздің маңызын қолымыздан жіберіп аламыз. Қазіргі кезде, жастар өздерін көрсеткісі келіп көп жағдайда бұрыс жолға түседі. Бұл жастардың бойында тәрбиесі мен мәдениетінің негізі болмағанының белгісі. Бұл негіз, біріншіден әр отбасынан басталады. Отбасы - бұл тәрбиенің отаны.
Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл талқан ететін қасірет
Есірткіге елігіп, өз балалық шағына, болашағына балта шабу біздің «адам» деген атымызға мүлде жат. Осы орайда данышпан кемеңгер сөз атасы Ұлы Абайдың «Атаның баласы болма адамның баласы бол» деген асыл пікірі еріксіз ойға оралады. Демек адам деген «ардақты ат» деп бекер айтылмаған. Қаншама адамның түбіне жеткен бақытты өмірлерін баянсыз еткен бұл қасірет әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.
Күннің шуағынан, жылуынан сәулесінен нәр алып, тамырын топыраққа кең жайған раушан гүлі қандай көрікті, ал қараңғыда осының бәрінен мақұрым болған қурап, суалған гүлдің келбеті қандай?
Кейбір денеге енген дертті дәрігерлер көмегімен сыртқа шығаруға болады. Есірткіге елігу асқынып кетсе оны ешбір дәрігерде, емші де емдей алмайды. Ендеше ол дегеніміз - адамның өмірімен қоштасуы.
Ұлы Ж. Баласағұн «Ақыл – Алланың сыйы» деген екен.
Ақыл мен денсаулық егіз, екеуі ұштасқанда адам бақытқа кенеледі. Наша, есірткі, темекі, ішімдік ақыл мен денсаулықты түпсіз, қараңғы құзға құлатады.
Бұл жолға түскенде адам тек өзін бақытсыз етпейді, аяулы ата анасын, туған туысқанды, достарын жерге қаратып, жігерін құм етеді. Бір ойшыл дана айтқан мынадай нақыл сөз бар.
«Денсаулықты сақтай білу де өнер»- деп. Менің ойымша бұл өнерде ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырған әрбір жас азамат игеруі міндетті.
Өмірді мәнді, бақытты ету үшін ең алдымен адамға мықты денсаулық қажет. Мықты денсаулық адамға салауатты өмір салтын сақтаған жағдайда ғана болатынын еске сақтайық!
Есірткі ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа!

Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің оқушысы Жәмет Замира
4 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен өмірді қалаймын!
Мен өмірді қалаймын!
Нашақорлық, есірткі және де осы істерге байланысты бизнестер тек біздің қоғамның ғана емес, бүкіл әлемнің ең өзекті проблемасы. Есірткі тұтынушы бар жерде қылмыстық істер де белең алады.
Есірткіге жол жоқ
Есірткіге жол жоқ
Денсаулық керек әлемге, Тазалық болсын әр елде. Денсаулықтың кепілі, Тазалық дейміз әрине.
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет
Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×