Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек құралдарының жетілуі

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Еңбек құралдарының жетілуі.
Конспект
Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суып, қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен Азияның солтүстігінде қалыңдығы 2 км алып мұздық пайда болды. Жылылыққа үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары оңтүстікке ауып кетті.
Ертедегі адамдар ең әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланды және оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. Адамдар бірте - бірте отты өздері жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір - біріне үйкелеп, қыздырғанда бықсыған жаңқаларға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тигізіп, тұтандырды. Отты пайдаланып адамдар жылынды, жыртқыш аңдардан қорғанды, тамақ пісірді.
Алғашқы еңбек құралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинақталды. Адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасауды меңгерді. Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үш бұрышты қалақшалар, пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды.
Кейінгі палеолитте сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасаған. Желім ретінде тау балауызы, қарағайдың шайыры, битум қолданылған. Құрал жасаудың бұл әдісін “қыстырма әдісі” дейді.
Мезолитте (б. з. б. 12 - 5 мың жыл) тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.
Алып мұздық бұдан 13 мың жыл бұрын ери бастады. Жер беті мұздықтан босап, қазіргі қалпына келді.
Далалық аймақтарда адамдар желге қарсы қалқа жасауды үйренді. Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана салу шықты.
Жаңа тас ғасырында (неолитте) адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін ойлап тапты: дәнүккіш, келі, балта, қайла.
Адамдар үшкір сүйектен ине, жануарлардың сіңірлерінен жіп жасап, хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Саз балшықты күйдіріп ыдыс жасады. Пешке ағаш көмірін жақты.
Қол қашау дегеніміз – қалақ тасты екі жағынан қашап, таяққа бекіткен құрал. Оның ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг болған. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан астам құралдардың бәрі – қашау мен үшкір заттар.

Конспект сұрақтар
1. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезең:
2. Мұз дәуірі басталды:
3. Жер бетін басқан мұздықтың ери бастаған кезі:
4. Тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады:
5. Ұзындығы 20 cм, салмағы 1 кг шомбал құрал:
6. Ежелгі замандағы от жағудың ең алғашқы әдісі:
7. Үшкір сүйектен жасаған зат:
8. Бөрiқазған, Шабақты тұрақтарынан шамамен қаншаға жуық тас құралдары табылған:
9. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құралды қалай атаймыз:
10. Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 миллиондай жыл бұрын өмір сүргендігін дәлелдейтін тастан жасалған еңбек құралдары Маңғыстаудың қай тұрағынан табылды:

Тақырыптық тест:

Еңбек құралдарының жетілуі. жүктеу
9 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Жаңа тас ғасыры (неолит)
Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық - түлікті өздері өндірді.
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалында (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер.
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде
Қазақстан территориясы орта тас дәуірі оның ерекшелігі туралы түсінік беру. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу. Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.
Ең алғашқы адамдар (дарынды оқушылармен жұмыс)
Ең алғашқы адамдар (дарынды оқушылармен жұмыс)
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Рахмет Айтолхын
Адамның бейімделуі
Адамның бейімделуі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Талдысай ауылы, Новоукраин негізгі мектебінің биология пәні мұғалімі Қуандықова Гүлсан Алғабайқызы
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Игембаева Гүлзат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×