Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тас дәуірі (палеолит)

26 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тас дәуірі (палеолит)
Конспект
Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б. з. б. 2 млн 500 мың – б. з. б. 40 - 35 мың жыл аралығын қамтыған (2011 жылғы баспада б. з. б. 2 млн 600 мың – б. з. б. 40 мың жыл аралығы деп көрсетілген). Кейінгі тас ғасыры б. з. б. 40 - 12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б. з. б. 100 - 40 мың жыл аралығы.
Ерте палеолит 3 кезеңнен тұрады.
1) Олдувэй – б. з. б. 2, 6 млн – 800 мың жылдар.
2) Ашель – б. з. б. 800 - 140 мың жылдар.
3) Мустье – б. з. б. 140 - 40 мың жылдар.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.
Адамдар тобы біртіндеп туысқандардың ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл “саналы адамның” шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмыстарды аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.
Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.
Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300 - ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б. з. б. 30 - 25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.
Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.
Адамдардың тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000 - ға жуық тас құралдар табылды.

Конспект сұрақтар
1. Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан табылған тас құралдар саны:
2. Палеолит дәуіріндегі тас құралдарды өңдеу әдісі:
3. Батпақ тұрағы табылған аймақ:
4. Ерте палеолиттік тұрақтардың ең көнеcі:
5. Рулық қауымдағы даулы мәселелерді шешті:
6. “Саналы адам” кезіндегі туысқандық ұжым:
7. Шығыс Қазақстаннан табылған кейінгі палеолиттік тұрақ:
8. Ұзаққа созылған тарихи кезең:
9. Палеолит неше кезеңге бөлінеді:
10. Кейінгі палеолит қай мыңжылдықтарды қамтыды:

Тақырыптың тесті

Тас дәуірі (палеолит). жүктеу
7 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрақтар
Тұрақтар
Тұрақтар ПАЛЕОЛИТ (Ежелгі тас ғасыры)
Мыс – тас ғасыры (энеолит)
Мыс – тас ғасыры (энеолит)
Энеолит (мыс - тас) дәуірі б. з. б. 3000 - 2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б. з. б. 3000 - 1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Орта тас (мезолит) ғасыры
Орта тас (мезолит) ғасыры
Тарих пәні мұғалімі: Бесбаева Анара Сауытбекқызы
Тас дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Тас дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қазақстан тарихы Сынып: 6 «а», «б», «в» Сабақтың мақсаты: оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Алғашқы қауымдық адамдар өмірі (тарау)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Игембаева Гүлзат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×