Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Конспект
Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар).
Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген. Олардың оңтүстігінде хаумаваргалар қоныстанған.
Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары - қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді - ирандық тілінде оларды “ратайштар” (арбада тұрғандар) деп атаған.
Б. з. б. 484 - 425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.”
Тиграхауда сақтары (шошақ бөріктілер) Жетісу, Тянь - Шань таулары, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. Жетісу алқабы олардың жиі қоныстанған орталығы болған. Шошақ бөрікті сақтар осы күнгі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Сақтар – б. з. б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Cақ тайпаларының атауының мағынасы әр түрлі болып келеді. Парсы жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар, грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.
Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің солтүстік - шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстігін, Солтүстік және Орталық аймақтарын қоныстанған.
Темір дәуірі б. з. б. 8 ғасыр мен б. з. 6 ғасыры аралығын қамтиды.
Ол екіге бөлінеді: ерте темір дәуірі ( б. з. б. 8 – 3 ғасырлар ) және кейінгі темір дәуірі (б. з. б. 3 ғасыр – б. з. 6 ғасыры).
Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Рулар үлкен тайпаларға бірігіп, тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды. Мысалы сақ, сармат, ежелгі үйсіндер мен қаңлылар және ғұндардың тайпалық одақтары пайда болды.
Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру - тайпалардың ішкі - сыртқы қатынастары алғашқы мемлекеттердің пайда болуын туғызды.

Конспект сұрақтар
1. Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар:
2. Темір дәуірінің кезеңдері:
3. Сақтарды “дайлар” деп көрсететін дерек:
4. Сақтардың Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен мерзімі:
5. Тиграхауда сақтары қоныстанған аймақ:
6. Геродот жазбаларындағы сақтардың аталуы:
7. Сақ қоғамында қызыл және сары - қызыл түсті киім киетіндер:
8. Арал маңын мекендеген сақ тайпалары:
9. Сақ тайпалары бөлінді:
10. Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінді:
11. Сақ қоғамында хан қалай сайланып отырды:
Тақырыптың тесті

Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы. жүктеу
34 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Сабақ нәтижесі: Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер
Білімділік: Сақтар туралы алғашқы мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан - жақты түсінік беру; Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ - жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтар
Сақтар
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Сабақтың тақырыбы: «Сақтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні: Ежелгі Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларының аймағы және өмір тіршілігі мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×