Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтардың ұлы қоныс аударуы

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Конспект
448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды”.
Аттиланың замандасы ол туралы естелік қалдырған: “Таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң - мұқтажын тыңдады. Күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды”.
Ғұндардың жорықтарда жеңу себептері әскери техникалық басымдылығына байланысты болды. Ғұн әскерінің негізгі құрамы – шапшаң атты әскер. Олар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Жылжымалы, жақсы бекіген қамалдардың үстінде садақшылар тұрып, оқ жаудырған.
А. Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетіне ерекше тоқталды. “Ертелі - кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді”.
Византия елшісі Прииск ғұндар туралы біраз дерек қалдырған. “Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді”. Келесі бір дерегінде: “әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады” - деп жазған.
Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді.
5 ғасырдың 30 - жылдары Аттила (Еділ) Румыния мен Венгриядағы ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннонияны, Мезияны басып алды. Кейін Франция жеріне өтті. Ғұн империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.
Аттила әскері 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің біріккен күштерімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, итальян тілдерінде туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди “Аттила” операсын жазды. Қазақ халқы оны Еділ деп атайды.

Конспект сұрақтар
1. Аттила туралы еңбектер қай кезеңнен бастап жазыла бастады:
2. Каталаун шайқасы болған жыл:
3. Рим империясына қауіп төндірген билеуші:
4. “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” бастаған тайпа:
5. Өзінің деректерінде ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттаған шежіреші:
6. Ғұндардың жауынгерлік қасиетін ерекше сипаттаған:
7. Ғұндардың жаулаушылық жорықтарда жеңу себептері:
8. “Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды” - деп жазған:
9. Аттила (Еділ) туралы құнды дерек қалдырған Византия елшісі:
10. Византия елшісі Прииск қай жылы Аттиланың сарайына барады:
Тақырыптың тесті

Халықтардың ұлы қоныс аударуы. жүктеу
5 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы дала тарихы
Ұлы дала тарихы
Ғұндар және олардың қозғалысы туралы мағлұмат алу; Картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге үйренy;
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы Конспект Ғұндар егіншілікпен де айналысқан. Олардың үйлерінен астық сақтайтын ұралар табылды. Ал еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі.
Ғұндар
Ғұндар
Қытай деректеріндегі ғұн туралы жазбаларды меңгерту, мемлекеттік құрылымы мен тайпа бірлестіктері туралы мағлұмат беру
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы № 10 орта мектеп тарих пәні мұғалімі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебі Сыдыкова Алтынгул Сыражовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×