Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандық оқушылар Мәскеу қаласында өткен робот техникасы бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері атанды.

11 маусым 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Қазақстандық мектеп оқушыларының роботтары Мәскеуді таңғалдырды

Қазақстанның жас инженерлері 2018 жылғы маусымда Мәскеу қаласында өткен LEAS Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері атанды.

Жаздың алғашқы күндері Ресей астанасындағы Kids City («Балалар мамандықтарының қаласы») балаларға арналған білім беру - сауықтыру жобасы алаңында өткен LEAS (LEGO Education Afterschool Programs) Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша жарыстардың гранд - финалы қазақстандық вундеркиндтердің кезекті жетістігімен есте қалды. Қазақстанның бес жұлдызы – Румейса Варол, Төлеутай Қасенов, Кирилл Табачников, Имран Мухаммад және Валерия Примаченко – функциялары Жердің тірек орбиталарында ғарыштың ірі қалдықтарын іздеу, жинау және кәдеге жарату болып табылатын, автономдық роботтарды жинау және бағдарламалау бойынша күрделі тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Қарқынды дайындалудың үш айының шарықтау шегі болған ең үздік робот конструкторларының титулы үшін қиын күресте сондай - ақ Пермь, Екатеринбург, Железнодорожный және Красногорск қалаларының мектеп оқушылары лайықты өнер көрсетті. Конкурс «Жер маңайындағы ғарыштық кеңістікті бірге тазалайық!» ұранымен, кіші (он жасқа дейінгі) және үлкен (он жастан үлкен) екі жас категорияларында өтті.

Суреттерді қарау
1 442
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5. 3. 2. 1 - Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау 5. 3. 3. 1 - Пәндік терминологияны
Роботтар әлемі
Роботтар әлемі
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
The capital of kazakhstan
The capital of kazakhstan
Оқушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін тереңдету.
EXPO жастар көзімен
EXPO жастар көзімен
Қазақстандық жастар «EXPO 2017» көрмесін әр жақтан жетілдіру мақсатында мемлекетке жан - жақтан қолдау көрсетуде. Осыған орай Қарағанды қаласында "Жасыл ел" бағдарламасы негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда, Жетісу жастары «EXPO - Жетісу» ұранымен
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Робото техника оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі.
Schools in Great Britain and in Kazakhstan
Schools in Great Britain and in Kazakhstan
The theme: Schools in Great Britain and in Kazakhstan
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×