Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяз би ертегісі

07 қыркүйек 2023, Бейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Аяз би ертегісі
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
- Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы гой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес - он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар - ау», - деп тұрганда, әлгі адам:
- Уа, мырзалар, жол болсын! - деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:
- Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді.
- Олай болса, жарайды, - деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, Жаман:
- Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіңдер. Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан еді, - деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді:
- Хан алдында айтамын, - деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап:
- Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, - деп, Жаманды ас үйге жібертеді.
- Бірақ, - дейді хан, - құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? - деп, хан уәзірлерге қатулана бастайды. Сонда уәзірлер:
- Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз, шөп жаманы деп - шеңгелді, құс жаманы деп - қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі жаман: «Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан», - деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, - деп, жауап береді. Хан тоқтаңқырап:
- Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан біледі? Алып келіңіздер! Сұралық, - деп, бұйрық етеді. Жаманды ханға алып келеді. Хан Жаманның бетіне қарап:
Мен құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы - шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді.
- Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан - ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен - ау», - деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», - деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман.
- Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан.
- Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан деймін.
- Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? - дейді хан.

Аяз би ертегісі. жүктеу
52 969
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
«Аяз би» ертегісі. Кейіпкерлері
«Аяз би» ертегісі. Кейіпкерлері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 6. 3. 3. 1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау; Сабақтың мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.
Қара сөздер. Абайдың қырық төртінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың қырық төртінші қара сөзі
Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі - түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
"Ертегіші" сайыс сабақ 5-сынып
"Ертегіші" сайыс сабақ 5-сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалау бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін - өзі бағалауға үйрету
Әдебиет көшбасшысы
Әдебиет көшбасшысы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Аяз би ертегісі
Аяз би ертегісі
Аяз би Жаманұлы- қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×